Лекции.Орг


Поиск:




Сабаққа байланысты деректі материалдар




Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Қосу мен азайту — өзара кері арифметикалық амалдар. Қосу мен азайтуды орындау нәтижесін тексеру тәсілдеріне­ келтірген мысалмен оқушылар қосу мен азайту компонеттерінің­ өзара байланысы жөніндегі түсінік­терін­ қорытады. Бұл сабақ — белгісіз саны бар теңдікпен және теңдеумен танысар алдында пропедевтикалық­ сипатқа ие сабақ.

Сабақты қысқы спорт туралы таныстырылым немесе суреттерді көруден бастаңыз. Оқушыларға спортпен шұғылдану адамның дене бітімін ғана емес, ақыл-ой қызметін де дамытатынын айтыңыз. Олардан қысқы спорттың қандай түрімен шұғыл­ данатынын­ сұраңыз. Қандай орындарға баратынын біліңіз. Ол мәліметтерді өрнек түрінде жазуға болатындай ақпарат ретінде қолданыңыз. Мысалы, теннис секциясына 2 қыз, 4 ұл қатысады. Сыныптың неше оқушысы тенниспен шұғылданады? (2 + 4.) Оқушылардан­ қосу (азайту) амалы компоненттерінің қалай аталатынын нақтылаңыз.

Сабақ мақсаты санды өрнектерді құрастыру және жазуды үйрену, олардың шешуін тексеру екенін хабарлаңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға қысқы спорттың­ тағы да қандай түрлерімен шұғылданғысы келетінін топ ішінде талқылауды ұсыныңыз. Алынған мәлімет негізінде оқушылар қосу амалын қолдана отырып, санды өрнектер құрастырумен және жазумен айналысады. Сосын оқушыларға өз жұмыстарын  сынып алдына ұсынуды, оны басқа топпен талқылау­­ ды ұйымдастырыңыз. Оқушылардың назарын­ санды өрнектерді­ дұрыс оқуға аударыңыз. Мысалы:

А. 6 адам коньки тебуді ұнатады, ал 7 адам хоккей ойнағысы келеді. Барлығы қанша оқушы мұзайдынға барғысы келеді? 6 + 7 = 13.

Б. 5 қыз таудан шанамен сырғанағанды жақсы көреді, 9 ұл таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады. Барлығы қанша бала таудан сырғанағанды жақсы көреді? 5 + 9 = 14.

Әрбір мысалды кері мысал құрастыра отырып тексеруді сұраңыз. Сөйтіп, қосу мен азайту өзара кері амалдар екеніне көздерін жеткізіңіз. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалармен бекітіңіз.

Спорттық құралдар. Тапсырма қосуға арналған санды өрнекті құрастыру дағдысын дамытуға, өз сөзінде қосу амалы компоненттерінің атауларын қолдануға бағытталған. Оқушыларға оқулықтағы спорт тауарлары бейнеленген суреттерді қарап шығуды­ тапсырыңыз. Олармен қандай да бір құрал-жабдық­тың­ спорттың қай түріне арналғаны жөнінде әңгімелесіңіз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Берілген сурет бойынша қандай математика­­ лық әңгіме құрастыруға болады?

— Берілген суретке қандай санды өрнек сәйкес келеді?

Оқушыларға жұптарда ақылдасып, математика­ лық әңгіменің өзіндік нұсқаларын және сәйкес санды өрнектерді құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабын тыңдап алыңыз. Көңіл аударатын негізгі мәселе бұл санды өрнектерді дұрыс оқу және бастапқы мысалға кері мысалдар құрастыру болып табылады.

Жауабы:

мысалы, “Дүкенде қыздарға арналған 5 жұп коньки және ұлдарға арналған 4 жұп коньки сатылды. Дүкенде барлығы неше жұп коньки болған?” 5 + 4 = 9. 5 пен 4 сандарының қосындысы 9-ға тең. Кері мысалдар: 9 – 4 = 5; 9 – 5 = 4”.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар талқылау жүргізіп,­ белгісіз санның мәні жөнінде бірлескен қорытынды жасайды. Әр бағандағы мысалда бір спорттық құрал-жабдық бірдей санды білдіреді. Оның мәнін таба отырып оқушылар мысалдардың “төрттігін” құрай­ ды, сөйтіп тәжірибеде қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсінеді және жаңа материалды бекітеді.

Жауабы:

коньки — 7; шана — 8; шаңғы — 70.

Орындап көр. Тапсырманы жұптық ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Ойынның тәртібі оқулықта жазылған. Оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетінде қосу мен азайтуды тексеру дағдыларын­ кері мысалдар құрастыру тәсілі арқылы бекіте алады.

Тапсырманы орындап болған соң сұрақтар арқылы жалпылап қорытындылаңыз:

 

— Қосуға арналған мысалды қай амалмен тексереді?

 

— Азайтуға арналған мысалды қай амалмен тексереді?

 

— Қосу мен азайту амалдары жөнінде не айта аласың?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Оқушыларға өз әрекетін түсіндіру және есептің шешуін айту кезінде математикалық тер­ миндерді­ дұрыс қолдануға көмектесіңіз. Шешуін тексеруге байланысты тапсырмаларды орындауда оқушыларды толық жауап беруге және өз таңдауын­ түсіндіруге уәждеңіз.

Кестені толтыр. Берілген тапсырма сабақтың тақырыбын бекітуге және саралап оқытуды дамытуға­ бағытталған. Пазлдың төрттігіне оқушылар берілген теңдікке кері мысал және қосудың ауыстырымдылық­ қасиеті негізінде бір жаңа мысал құрастырады. Оны

түсіну үшін орындау үлгісі берілген: 30 + 10 = 40 10 + 30 = 40 40 – 30 = 10 40 – 10 = 30

Жауабы:

40; 100; 19; 10; 20; 18.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

“+”, “–” таңбаларын қолданып санды өрнектер­ құрастыруды;

компоненттердің өзара байланысы негізінде кері мысалдар құрастыруды;

кері амалдар құрастыра отырып есепті тексе­руді;­

қосу амалы компоненттерінің атауларын­ дұрыс атап үйренеді.

Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Қосудың компоненттері қалай аталады? (Қосылғыш, қосылғыш, қосынды.)

— Азайтудың компоненттері қалай аталады? (Азайғыш, азайтқыш, айырма.)

— Қосу амалын орындағанда санды өрнектің мәнін табу деген не? (Қосындының мәнін табу.)

— Қосуға арналған мысалдың дұрыс орындалға­ нын қай амалмен тексереді? (Азайту амалымен.)

— Азайтуға арналған мысалдың дұрыс орындал­­ ғанын қай амалмен тексереді? (Қосумен.)

Есте сақтау қабілетін дамыту үшін “+”, “–”, “=” таңбалары, сандар және санды өрнектер жазыл­ ған парақшалар дайындаңыз. Интерактивті тақтаны­ қолдануға болады. Парақшаларды тақтаға іліңіз.

Мысалы: 5; “+”; 8 – 7; 3; “=”; 6 + 4. Оқушыларға есте­ сақтап қалуы үшін 20—30 секунд уақыт беріңіз­. Одан соң парақшаларды жауып қойып, қағазға­ тек санды өрнектерді жазуды сұраңыз. Тексеріп­ шығыңыз. Оқушылардан өздері жазған санды өрнектерді оқып шығып, олардың мәнін табуды­ өтініңіз. Соңынан өз шешуін тексеруді тапсырыңыз­.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалатыңыз.

             

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 268 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

1475 - | 1444 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.