Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Әртүрлі арифметикалық амалмен берілген өрнек­ тің мәнін есептеу үшін амалдың ретін сақтау қажет, яғни солдан оңға қарай бірізділікпен орындау­ керек. Бірінші амалда бірінші мен екінші санның­ айырмасы мен қосындысын табамыз. Екінші амалда­ үшінші сан мен бірінші амал нәтижесін қосып орындаймыз.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­­ ларға тапсырманы 4 адамнан тұратын топта орын­ дауды ұсыныңыз. Әр топ алғашқы ондық сандар жазылған 3 парақша және 1 бос парақша алады.

1. Оқушылар орындарында кез келген рет­ пен бір қатарға тұрады және “Сандарды қос” дегенде қолындағы ақпаратты бір-біріне беретінін түсіндіріңіз. Бірінші оқушы солдан оңға қарай екіншіге, екінші — үшіншіге, үшінші — төртіншіге береді. Оқушылардың тізбегін аяқтайтын төртінші оқушы үш санның қосындысын тауып, жауабын өз парақшасына жазу керек. Оқушылардың өзінің әрекетін­ мынадай сөйлемдермен түсіндіріп отыруын қадағала­ңыз:­ “Біз алғашқы екі санды қостық…”, “біз оның нәтижесін алдық…”, “содан соң біз келесі санды қостық…”, “нәтижесін алдық…”, “Бұл мысалдың нәтижесі…+…+…” Бірнеше амалдан тұратын мысалды шешкен кезде амалдарды бірінен­ соң бірін  Автобус жолаушылары. Осы тапсырманы жалпы­ сыныппен өткізіңіз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойып әңгімеге тартыңыз:

— Қоғамдық көлікке мініп көрдің бе?

— Автобус қайда тоқтады?

— Аялдамада не болады?

— Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгере ме? Неге?

Тапсырма мәтінін оқыңыз және оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдап алыңыз және аялдамадағы жолаушылардың ауысымынан кейін автобустағы жолаушылардың санын көрсететін өрнекті құруды ұсыныңыз. Оқушылар жауаптарын тез айтуы мүмкін. Тапсырманың орындалуының дұрыстығын тексеруді ұсыныңыз және мына сұрақтарды қойыңыз:

— Осы өрнек неше амалдан тұрады?

— Қандай амалды бірінші орындадыңдар?

— Қайсысын екінші орындадыңдар?

Қосуға берілген екі амалды өрнектегі амал реті бірізділікпен солдан оңға қарай орындалуы тиіс деген қорытынды жасатыңыз. Алынған нәтижені салыстырыңыз.

Жауабы:

16 жолаушы.

Сиқырлы қар қиыршығы. Оқушыларға ойын­ ды жұптасып ойнауды ұсыныңыз. Олар нүктелі текшені­ кезекпен лақтырады. Текшенің жоғарғы жағына түскен нүктелер санын қар қиыршығына жазып, шыққан мысалды жазуды ұсыныңыз­. Текшені лақтыра отырып оқушылар мысалдар­ жазып, мынадай қорытындыға келеді: алған мысалдарының алтыдан артық болмайтынын, себебі текшенің барлығында алты жағы барын және қар қиыршықтарының­ орнында 1, 2, 3, 4, 5 немесе 6 тұруы тиістігін айтады.

Жауабы:

20 – 1 – 3 = 16

20 – 2 – 3 = 15

20 – 3 – 3 = 14

20 – 4 – 3 = 13

20 – 5 – 3 = 12

20 – 6 – 3 = 11

Шығарып көр. Оқушылар мысалдарды шешіп, жауаптарын өсу ретімен қойып, сәйкес келетін әріптерден сөздер құрастыру керек. Оларға берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар рөлдерін өз бетінше бөледі. Біреуі барлық мысалдарды шешеді, екіншісі тексереді немесе біреуі мысалдардың бір бөлігін, ал екіншісі қалған бөлігін шығарады. Оқушыларға барлық мысалдардың жауаптарын ламинатталған беттерге жазу және барлық жауапты сәйкес реттілікпен орналастырып, нәтижесінде алынған сөзді көрсету қажеттігін түсіндіріңіз. Оларға өз жауаптары жазылған беттерді тақтаға жабыстырып, өзара тексеру жұмысын жүргізуді сұраңыз.

Жауабы:

9, 11, 13, 16, 19, 20. Қаңтар

Орындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізуді ұсыныңыз. Зерттеу нәтижесінде олар екі амалмен берілген­ санды өрнектегі қосудың мәні амалдарды орындау­ ретіне байланысты еместігін түсінеді. Ал егер екі амалдың ең болмағанда біреуі азайту ама­ лы болса, онда амалдардың орындалу реті маңызды­ болып саналады. Бұл айдарда берілген тапсырма­ ны орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Себебі мұндай қорытындыға келу үшін талдау жасап, өз болжамын айтуы және оның ақиқат екенін тексеруі қажет. Топ пікірін ортаға салу үшін әр топтың бір мүшесі шығып, топтың пікірін айтуды ұсыныңыз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 285 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2506 - | 2322 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.