Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Cабақ айналадағы заттардың ұзындығын, көле-мін, массасын анықтауға бағытталған. Оқушылар сабақта шартты өлшемдермен ұзындықты, көлемді, массаны өлшеу дағдысын дамытып бекітеді. Адам өмірі айналасындағы заттарды өлшеумен тікелей байланысты. Сабақты заттарды өлшеудің не себепті қажет болғанын әңгімелей отырып бастаса, оқушылардың қоршаған орта туралы дүниетанымын қалыптастыруға, оны танып-білуге деген қызығушылығын арттыруға септігі тиеді. Оқушыларды шамаларды өлшейтін нақты өлшем бірліктерін таңдай білуге жаттықтыру қажет. Мысалы: массаның өлшем бірлігі — килограмм, ұзындықтың өлшем бірлігі — сантиметр, дециметр, ал көлемнің (сыйымдылық) өлшем бірлігі — литр туралы түсі-ніктерін тиісті тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында қалыптастыру керек. Шамаларды бір-бірінен ажырата білуіне көңіл бөлген жөн.
| Кіріспе тапсырма. Бір ыдысты алып, осы ыдыстың көлемін, массасын, ұзындығын өлшеуге болатынын айтыңыз. Мүмкін болса, бір ыдысқа әртүрлі өлшеу жұмыстарын жүргізіңіз. Сыйымдылығы 2-3 литр бо-латын әртүрлі бірнеше ыдысты қолданып, жұмысты топпен орындатыңыз (ыдыстар өлшеуге ыңғайлы болу керек): — бірінші, ыдыстың биіктігінің қанша сантиметр болатынын анықтатыңыз; — eкінші, ыдыстың сыйымдылығын бір литрлік құтының көмегімен су құйып анықтатыңыз; — үшінші, ыдысты таразыға салып, массасын анықтатыңыз. Жұмысты орындап болған соң әртүрлі сұрақтар қою арқылы қорытындылаңыз: Ұзындықты қандай өлшем бірлікпен анықтадың? (см) Ыдысқа 2 литр су сыяды. Қандай шама жайында айтылып тұр? (көлем) Массаның өзің білетін өлшем бірлігін ата. (кг) Ыдысқа қанша су сыятынын анықтау арқылы заттың несін білеміз? (көлемін) Ыдысты таразыға салып өлшеу арқылы нені анықтаймыз? (массасын) Табаныңның ұзындығын өлше. Тапсырманы орындау үшін оқулықтағы суретті басшылыққа ала отырып, оқушылардың барлықтарына табандары-ның ұзындықтарын өлшеуді ұсыныңыз. Олардың әрқайсысына табандарын бастырып сызуға бір парақ қағаздан таратып беріңіз. Одан кейін үлкен бақайынан өкшесіне дейінгі ұзындықты анықтатыңыз. Нұсқаулық ретінде оқулықтағы суретті ұсыныңыз. Табан ұзындығы бойынша аяқкиімнің өлшемін анықтауға болатынын түсіндіріңіз. Оқулықта берілген кесте бойынша оларға аяқкиімінің өлшемін анықтауды ұсыныңыз. | |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Оқушылардың математикалық тілдерін дамыту үшін сыныптағы “Сөздер тақтасына” көңіл бөліп, тақырыпқа байланысты сөздерді қайталатып айт-қызыңыз. | Тиісті парақшаларды сызықпен қос. Оқу-шыларға суретке сүйеніп, ұзындығы бірдей, массасы әртүрлі, биіктігі бірдей, көлемі әртүрлі және массасы бірдей, өлшемі әртүрлі заттар болатынын анықтатып, үйден осы мысалдардың негізінде мұндай заттарды тауып, салыстырған заттардың атын жазып келуді тапсырыңыз. Заттардың ұзындығын өлше. Нәтижесін кестеге жаз. Заттардың ұзындығын кестегe толтыру көзделеді. Үйден осындай заттар тап, атауларын жаз. Оқушылар заттардың мысалдарын тауып, олардың атауларын жазу керек. Заттар берілген шарттарға сәйкес келуі керек. Тапсырма берілген бір заттың әртүрлі шамалардың өлшеу дағдысын бекітеді. Заттардың ұзындығын өлше. Оқушылар заттардың ұзындығын тауып, кестеге толтырады. Жауабы: сағат — 11 см, мәшине — 10 см, қонжық — 12 см. Сыныпта немесе үйде өлшеп көр. Тапсырма заттардың ұзындығын өлшеу туралы білімдерін бекітуге беріліп отыр. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында айналасындағы заттардың: массасын, ұзындығын, көлемін өлшеп меңгереді. Оқушылардың бүгінгі сабақтағы шамаларға бай-ланысты білімдерін тексеру мақсатында төмендегі сұрақтарды қойыңыз: — 1. Көлем. 2. Пішін сөздерінің қайсысы шама болмайды? — Шаманы тап: 1. Заттың түсі. 2. Заттың ұзындығы. — Массаның өлшем бірлігін тап: 1. Литр. Килограмм. — Қатені тап: 1. Масса — кг. 2. Көлем — см. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт.
© Неизвестно |