Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Жақшамен танысқан кезде оқушылардың назар­ын­ алдымен жақшаның ішіндегі амалдың орындалуы­на,­ содан кейін жақшаның сыртындағы амалдың солдан оңға қарай орындалатынына аудару маңызды. Қосын­ дыны санға арттыру, санды қосындыға, қосындыны­ саннан және санды қосындыдан азайту амалдарын­ зерделеуге байланысты қосу және азайту амалдары бар санды өрнектерде жақшаны қолдану­ кейіннен тереңдей түседі.

Оқушыларға жақшамен берілген өрнектерде алдымен­ жақшаның ішіндегі амалдардың орында­­ латы­нын­ айтып, мысалдармен түсіндіріңіз. Сосын жақша­ның­ сыртындағы амалдар солдан оңға қарай ретімен­ орындалатынын айтыңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушылардың назарын атал­ ған ережені қолданудың маңыздылығына аудару­ қажет, олай болмаған жағдайда теңдік қате болып­ шығады. Оқушыларға жақшамен берілген санды­ өрнектер құрастыру бойынша ойын ойнауды ұсы­ ныңыз. Ойынға арнап үш себет дайындаңыз. Бірінші­ себетке 0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған­ парақ  шаларды орналастырыңыз, екіншісіне жақша­лар­ жазылған парақшаларды, ал үшіншісіне “+”, “–” және “=” таңбалары бар парақшаларды салыңыз­. Оқушыларды жұппен ойнатыңыз. Әр жұпқа сандар жазылған үш парақша, жақшасы бар екі парақша, “=” таңбасы бар бір парақша және арифметикалық­ амалдар жазылған екі парақшаны­ алуды ұсыныңыз. Оқушылар әрі қарай өз парақшаларынан­ жақшамен берілген екі амалмен орындалатын­ санды өрнек құрастырады. Егер оқушы өрнекті дұрыс құрып, жауабын есептеп шығарса, тапсырма орындалған болып есептеледі.

 

Егер оқушы “–” таңбасын таңдау кезінде азайғыштың орны­ на азайтқыштан кем сан қоятын болса, қиындық­қа кездесуі мүмкін. Бұндай кезде жетелеуші сұрақ қойып, қиындықтан шығуға көмектесіңіз.

Бұл сабақта жақшамен берілген өрнекті дұрыс оқу және жазу білігін дамытуды негізгі мақсат­ етіп қойыңыз. Ол үшін, алдымен қай амалдың бірінші­ орындалатынын және бұл амалдың нәтижесін бел­ гілі­ сияқты етіп атау керектігін түсіндіріңіз. Жақша­ мен берілген санды өрнектердің оқу үлгісімен таныстырыңыз. Сосын сабақ тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптеріндегі жаттығулармен бекітіңіз.

Шығарып көр. Оқушыларға суреттегі санды өрнектерді­ оқытыңыз. Бұл жұмысты жұптық жұмысқа төселген және осындай амалдарды өз бетінше орындауға қиналатын оқушыларды жұптастыру ар­ қылы жүргізуге болады. Оқушылардан өрнектерді жауабымен бірге ламинатталған параққа жазуды сұраңыз. Тапсырманы орындап болған соң парақ­ тарды ауыстырып, өзара тексертіңіз. Сондай-ақ аталған­ жұмысты жалпы сыныппен орындауға да болады. Бұл жағдайда оқушылар санды өрнектерді тізбектей оқып, мәнін есептеп шығарады. Тапсырманы күрде­лендіру­ үшін санды өрнектердің мәнін ауызша есептетуге болады.

Жауабы:

(12 + 8) – 3 = 17;

(30 – 10) – 7 = 13;

(40 + 20) – 50 = 10;

50 + (20 – 20) = 50;

20 + (70 – 60) = 30;

5 + (8 + 2) = 15;

(17 + 3) – 11 = 9;

20 + (40 – 30) = 30; (9 + 10) – 8 = 11; 9 + (17 – 6) = 20; 80+ (0+10) = 90; (90 + 10) – 40 = 60.

Орындап көр. Берілген тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыстар ұйымдастырыңыз. Тапсырма берілген санды өрнектерді табу білігін дамытуға­ бағытталған. Қызықты тапсырманы орындау кезін­ де оқушылар математикалық шытырманнан өтуге жаттығады.

Жауабы: көк киімдегі хоккейші гол соқты.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Оқушылардың математикалық тілде сауатты сөйлеуіне жағдай жасаңыз. Оларды жақшамен берілген­ екі амалды өрнектерді оқу мен жазуда арифметикалық­ амалдардың компоненттері мен атауларын атауға, бұларды сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйретіңіз. Әрбір оқушы санды өрнек­ терді дұрыс оқу басқа сыныптастарының өрнек мағынасын түсінуіне септігін тигізетінін сезінуі керек. Өрнектерді­ оқулықтағы үлгі бойынша­ оқытыңыз.

Өрнектің мәнін тап. Тапсырманы орындай оты­ рып, оқушы өз бетімен жақшамен берілген өрнек­­ тердің мәнін есептеп шығару дағдысын бекіте түседі­. Соңында сабақ тақырыбын қаншалықты меңгерге­нін­ бағалауға болады.

Жауабы:                    

10   – (9 – 1)     = 2; 10 + (40 – 20) = 30;

(10  – 9) – 1      = 0; (10 + 40) – 20 = 30;

11   + (7 – 2) = 16;       (100 – 70) – 20 = 10;

(11  + 7) – 2 = 16. 100 – (70 – 20) = 50.

Жақшаларды қой. Жетік деңгей тапсырмасы. Оқушыларға кері тапсырма беріледі: жақшаларды орнына қойғанда өрнектің алдын ала берілген мәні шығатындай етіп қою керек. Тапсырма сабақтың тақырыбын кеңейтуге берілген және оны тақырыпты жетік меңгерген балаларға ұсынуға болады.

Жауабы:

11 + 7 + 2 = 20;

11 + 7 – 2 = 16.

10 – (7 – 2) = 5;

(10 – 7) – 2 = 1;

17 – (7 – 2) = 12;

(17 – 7) – 2 = 8;

17 – (7 + 2) = 8;

(17 – 7) + 2 = 12.

Өрнектерде жақшалардың орналасу реті маңызды емес.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:санды өрнектегі жақшаның мағынасын түсінеді.

жақшамен берілген өрнектің мәнін есептегенде амалдарды орындау ретін біледі.жақшамен берілген өрнекті дұрыс оқуды мең­ гереді.

Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін (немесе тапсырманы орындауды) өтініңіз:

— жақшамен берілген өрнектегі амалдардың орындалу реті қандай?

— Қалай ойлайсың, математикада жақшалар не үшін қолданылады?

— (12 + 8) – 5 өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

— 11 + (9 – 3) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

— 20 – (10 – 7) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

— 18 – (12 + 2) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өз-өзін бағалатыңыз.

             


 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:

Зара кері амалдар

Мектеп:

Күні: 

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу және азайту амалдарының өзара кері амалдар екенін түсінеді;

компоненттер арасындағы байланысты түсініп, сол амалдардың нәтижесін анықтайды;

қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;

“+”, “–”, “=” таңбалары жазылған парақшалар;

PowerPoint пішіміндегі қысқы спорт түрлері туралы таныстырылым.

Тірек сөздер

Өзара кері амалдар

Сабақтың мақсаты:

Қосу мен азайту амалы компоненттерінің ара­ сындағы­ өзара байланысты, санды өрнекті шешуді тексеру тәсілдерінің мысалдарын түсінуге жағдай жасау, амалдың белгісіз компоненттерін табу.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2277 - | 2101 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.