Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||||
Шаршы — барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш. Оның қабырғаларын өлшеу арқылы оның барлық қабырғаларының ұзындығын тауып, атаулы сандармен амалдар орындау жұмыстары жүргізіледі. Шаршының бір қабырғасының ұзындығын білсе жеткілікті. Төртбұрыш туралы білімдерді қайталау барысында тіктөртбұрыш пен шаршының айырмашылығын анықтап, олардың негізгі қасиеттері (шаршының, тіктөртбұрыштың төрт қабырғасы бар; шаршы — барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш, ал тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең) нақтыланады. Сабақ “периметр” ұғымын енгізуге және шаршының периметрін табуға дайындық сабағы болып табылады. Бүгінгі сабақта фигуралардың қабырғалары туралы тақырыпты оқып-үйрену жалғастырылатынын айтыңыз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға тіктөртбұрыш пен шаршының қабырғаларын табу үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Ол үшін жұптағы оқушылардың біреуіне қабырғалары 10 см және 20 см болатын тіктөртбұрыш таратып беріңіз. Оған тіктөртбұрыштың қабырғасын табуды тапсырыңыз. Екінші оқушы оның әрекетін бақылап отырады. Керек кезде бір-біріне көмектеседі. Бірінші оқушы тіктөртбұрыштың қа-бырғаларын өлшеп, оның ұзындығын табады. Тіктөрт-бұрыштың ұзындығын тапқан соң, оқушылар өздерінің жұбына сол тіктөртбұрышты үлкен қабырғасының ортасынан бүктеп береді. Келесі оқушы шыққан фигураның қабырғасын өлшеп табады. Шыққан нәтижелерін салыстырады. — Алғашында берілген фигура қалай аталады? (Тіктөртбұрыш.)
— Тіктөртбұрыш екенін дәлелде. (Қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтары тең). Оның барлық қабырғаларының ұзындығы қанша болады? (Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығы — 60 см.) — Үлкен қабырғасының ортасынан бүктегенде шыққан фигура қалай аталады? (Шаршы.) — Шаршы екенін дәлелде (Шаршының барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей. Ал бүктегенде шыққан фигураның қабырғаларының ұзындықтары 10 см-ден.) — Шаршының барлық қабырғаларының ұзындығын қалай таптыңдар? (Қабырғаларының ұзындықтарын қостық.) — Шаршы мен тіктөртбұрышта қандай ұқсастық барын байқадыңдар? (Ескерту: шаршы да тіктөрт-бұрышқа жататынын еске түсіру керек.) Тәжірибе жұмысын басшылыққа алып қорытынды жасатыңыз. Яғни шаршының барлық қабырғаларының ұзындығын табу үшін бір қабырғасының ұзындығын тауып, оны 4 рет қосса жеткілікті. | Шаршының қабырғаларын өлше. Тапсырманы оқушыларға жеке орындауды ұсыныңыз. Суретте көрсетілген шаршының қабырғасын оқушылардың дұрыс өлшеп жатқанын бақылаңыз. Тапсырманың жауабын бір-бірімен жұмыстарын салыстырту арқы-лы тексертіңіз.
Жауабы:
5 см; 2 см; 4 см.
Фотосуретке арналған жиектеме. Бұл тапсыр-ма бойынша портретке сәйкес келетін жиектемені анықтау үшін не істеу керектігін айтқызыңыз. Ол үшін оқушылардан мынадай сұрақтар сұраңыз: — Қоянның портретінің пішіні қандай? — Портретке дәл келетіндей жиектемені табу үшін не істеу керек? Оқушылармен тапсырманы орындау үшін жүзе-ге асырылатын әрекеттердің жоспарын жасатыңыз. Алғашында оларға портреттің қабырғасын өлшеуді ұсыныңыз. Содан кейін жиектеменің қабырғасының ұзындығын анықтап, қайсысы дәл келетінін тапқызыңыз. Оқушылардың арасында басқа жолмен дәл келетін жиектемені табатыны болса, оның жауабын барлық оқушыға тыңдатып, дұрыс болған жағдайда оны мақтаңыз. Өлшеу жұмыстарын орындай алмаған оқушылармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тақырыпты толық меңгеруіне жағдай жасаңыз.
Жауабы:
портретке сәйкес келетін жиектеме қоңыр түсті жиектеме. Шығарып көр. Тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Алдымен оқушылармен ақылдасып, ше-шімін өздері табуына уақыт беріңіз. Белгіленген уақыт біткен соң төмендегідей сұрақтар қойыңыз: — Суретте шаршы пішіндес қоршаудың тек бір жақ қабырғасы ғана тұр. Оның ұзындығына неше тақтай кетті? (10 тақтай.) — Егер қоршау шаршы пішіндес болса, оның неше қабырғасы болады? (Төрт.) — Шаршының тіктөртбұрыштан қандай айыр-машылығы бар? (Шаршы — барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш.) — Ендеше қоршаудың әрбір қабырғасына неше тақтайдан кетеді? (10 тақтайдан.) — Қоршауға барлығы неше тақтай кетеді? Жауабы: қоршауға 40 тақтай кетеді. Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұп-пен орындауды ұсыныңыз. Берілген тапсырмада оқушылардың шаршының моделін таяқшаларды пайдаланып құрастыруын және оның периметрін есептеп табуын ұйымдастырыңыз. Бірінші шаршы қабырғасының ұзындығы бір таяқшадан, екінші шар-шы қабырғасының ұзындығы екі таяқшадан құрас-тырылғанын көріп, келесі шаршы қабырғасының үш таяқшадан жасалатынын табуға жетелеңіз. Жауабы: шаршының бір қабырғасының ұзындығы — 3 таяқша. Барлығы — 12 таяқша. | |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 350 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс |