Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||||
Масса — ол шама. Кез келген шаманы өлшеуге болады. Заттың массасын өлшеу үшін таразыны және негізгі өлшем бірлік ретінде килограмды пай-даланады. Таразы — заттың массасын анықтайтын құрал. Кіріспе тапсырма. Алдын ала дорбадағы дәнді-дақылдардың кем дегенде екі түрін, таразы түрле-рін, кіртастарын, стақан, бос полиэтилен қалталар дайындап қою керек. Оқушылардан заттардың ауыр не жеңіл болып келуі неге байланысты екенін сұраңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз. Массаны дәл анықтау үшін не істеу керек? (Өлшеу керек.) Заттың массасын қандай құралдың көмегімен өлшейміз? (Таразы.) Сендер таразыны қайдан кездестірдіңдер? (Оқу-шы жауаптарын тыңдаңыз.) 1 килограмды қалай өлшеп алуымызға болады? Оқушыларға “Тексеру таразысы” ойынын ойнайтындарын хабарлаңыз. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топ мүшелеріне 1 кг дақыл түрін дүкеннен өлшеп алу керектігін тапсырыңыз. Ол үшін 1 кг-дық кіртасын көрсетіп, естеріне түсіріңіз. Оқушылар таразының және 1 кг-дық кіртастарының көмегімен 1 кг дақыл түрін өздері өлшеп алуын ұйымдастырыңыз. “Сату-шы” өлшеу жұмысының дұрыс жүргізілгенін бақылап тұрады. Егер табақты таразы жоқ болса, электронды таразымен өлшетуге болады. Таразының көмегімен 1 кг-нан артық заттардың массасын өлшеу үшін мынадай тәжірибе жұмысын орындатыңыз. Таразының бір жақ басына салмағы 2 кг болатын затты қойыңыз. Заттың массасы оқушыларға айтылмайды. Екінші жақ басына 1 кг-дық кіртасын қойыңыз. Оқушылардан өлшеніп тұрған заттың массасы туралы не ойлайтынын сұраңыз, oл 1 кг-нан артық. Таразы басын теңестіру үшін не істеуi керек-тігін сұраңыз. Оқушылар дұрыс шешім айтса, орындап көріңіз. Оқушылар айта алмаса, таразының кіртасы тұрған басына тағы да 1 кг-дық кіртасын қойыңыз. Таразы басы теңеседі. Заттың массасы — 2 кг. Екі 1 кг-дық кіртастың орнына 2 кг-дық кіртасын пай-далануға болатынын көрсетіңіз. Осындай жұмыс түрлерін орындау арқылы 3 кг, 5 кг-дық кіртаста-рымен таныстырыңыз. | Кіртастардың массасын өсу ретімен айт. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әр кіртасындағы сан оның массасын білдіретінін түсінуі крек. Суретті қарап шығуды ұсыныңыз. Сұраңыз:
— Суретте массасы қандай кіртастары көрсетілген? — Оны қалай анықтадыңдар? Кіртастарындағы сан оның массасын көрсетеді деген қорытындыға келтіріңіз. Кіртастарын өсу ретімен ататыңыз. Жауабы: 1 кг, 2 кг, 3 кг, 5 кг, 10 кг. Есептеп көр. Бұл тапсырмада заттардың мас-салары килограммен берілгендіктен атаулы сандарды қосу немесе атаулы сандарды азайту қажет болады. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Тексеруді жалпы сыныппен орындатуыңызға болады. Жауабы: 2 кг; 10 кг; 3 кг; 9 кг; 3 кг; 8 кг. Орындап көр. Таразыдағы екі жағдайда да бір заттың өлшеніп тұрғанынa және оның массасы 3 кг-ды көрсетіп тұрғанына назар аудартыңыз. Оның себебін оқушылардың дәлелдеп беруіне тапсырманы жұппен орындату арқылы мүмкіндік туғызыңыз. Оқушыларға өзара дәлелдерін айтқызып, талдатыңыз. Жауабы: 3 кг. Шығарып көр. Тапсырмада қанша килограмм қант бар екенін сурет бойынша өз бетінше анықтатып тапқызыңыз. Оқушылар жауабын ламинатталған бетке жазады. Жазған нәтижеcін соңынан қорытындылап айтады. Жауабы: 3 қорапта — 3 кг, 5 қорапта — 5 кг. Ойлан. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар талдай отырып, қан-дай кіртасын пайдаланып жануарлар массасын теңестіруге болатынын анықтайды. Оқушыларды шешім қабылдауға біртіндеп жетелеңіз.
| |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 369 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон |