Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||||
Оқушыларды ұзындықты сызғышты қолданып, дәл өлшеуге жаттықтыру үшін төмендегідей алгоритм бойынша жұмыс жасауға үйретіңіз: — өлшейтін құралды дұрыс орналастыру; — тиісті өлшем бірлігін таңдап алу; — өлшеуіш құралдың бөліктері бойынша ұзын-дықты анықтау; — өлшеу нәтижесін дұрыс оқу және жазу. Бұл сабақта оқушылар 10-нан артық сантиметрден дециметрді бөліп алады. Мысалы, 13 см 10 см-нен артық. Яғни, 10 см-ді 1 дм-ге айналдырып, қалғанын сантиметрмен жазамыз. 13 см-ден 1 дм 3 см-ді аламыз. Яғни, 13 см = 1 дм 3 см. Жаңа бірлікті енгізу үшін мынадай тәжірибе жасатыңыз. Екі өлшемді (1 см-лік және 1 дм-лік) беттестіру арқылы салыстыруды ұсыныңыз. Бұдан оқушылар ұзын өлшемге 1 см-лік өлшемнен 10 рет салуға болатыны туралы қорытындыға келеді. Ұзын өлшемнің ұзындығы қанша екенін сұраңыз. (10 см) 10 см-дің дециметр деп аталатынын түсіндіріп айтыңыз. 10 бірліктің — ондық деп, ал 10 см-дің — дециметр деп аталатынын айтыңыз. Олардың ара-сында қандай байланыс барын және несімен ортақ екенін сұраңыз. (Ондық — санаудың ірі бірлігі, ал дециметр — ұзындықты өлшеудің ірі өлшемі). Ұзын кесінділерді өлшеу үшін ірі өлшем бірлік — деци-метрді қолдану керек екенін ескертіңіз. Оқулықтағы сурет бойынша (121-бет) нәтижесі 10 см-ден артық өлшеулерді дециметр мен сантиметрге қалай ай-налдырып жазуға болатынын түсіндіріңіз. Мысалы, 14 см — бұл 1 дм және 4 см. Кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін сызғышты оның ұштарына нөлден бастап, дұрыс қою керектігін естеріне түсіріңіз. Өлшеу жұмыстарын жүргізгенде сызғышты дұрыс пайдалану ережесін білмегендік-тен, өлшеу нәтижесі қате болып жататын жағдай-лар бастауыш сынып оқушыларында жиі кездеседі. Сондықтан сызғышпен дұрыс өлшеудің ережесін міндетті түрде естеріне түсіріңіз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы иллюстрация бойынша ұзындықтың өлшем бірлікте-рін 1 дм = 10 cм қатынасын қолданып, ірілендіруді түсіндіріңіз. Мысалы, кесіндінің ұзындығы 12 см болса, оны үлкенірек өлшем бірлік дм-ге айналдыруға бола-ды, себебі 10 см 1 дм-ге тең. Олай болса, 12 см — бұл 10 см және 2 см болғандықтан былай жазуға болады: 12 см = 1 дм 2 см. Шығарып көр. Бұл тапсырма бойынша оқушылар суретте неше үшбұрыш барын санайды да, оның ең үлкенін анықтап, қабырғаларын өлшейді. Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылар әңгімелесу барысында талдау жүргізіп, бірлесе шешім қабылдайды. Жауабы: ең үлкен үшбұрыш — қызыл түсті, оның қабырға-лары: 4 см, 6 см, 8 см. | Орындап көр. Оқулықтағы суретке қарап онда не бейнеленгенін сұраңыз. Оқушылар оқулықта-ғы суреттер бойынша заттардың ұзындықтарын анықтауы тиіс. Суреттегі ұзындықты өлшеу сызғышта-ғы 0-ден бастап көрсетіліп тұрмағандықтан қиын-дық туғызуы мүмкін. Сондықтан оларға заттардың ұзындықтарын анықтау үшін есептеу керек болады. Ол үшін сызғыштағы (пышақ, қасық және шанышқы) заттардың ұштары көрсетіп тұрған сандардың ара-сындағы айырманы табуы керек немесе сызғыштағы қадамдарды санауы тиіс. Cызықтардың ұзындығын өлшеу жұмысын тө-мендегі нұсқау бойынша орындатыңыз:
— күн сәулесінің бойындағы ЕМ кесіндісін тауып, ұзындығын өлше; — АВ кесіндісінің ұзындығын өлше; — ВС кесіндісінің ұзындығын өлше;
Жауабы:
пышақ — 14 см (ең ұзын зат, 1 дм-ден ұзын); шанышқы —12 см (1 дм-ден ұзын); қасық — 9 см (ең қысқа зат, 1 дм-ден қысқа).
Ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендір.
Берілген тапсырма сантиметрді дециметрге түрлендіру дағдысын бекітуге берілген.
Тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйым-дастырыңыз. Оқушылар өздерінің жауаптарын ламинатталған беттерде жазуы керек. Оларды тақ-таға бекітіп ілгізіңіз. Оқушыларға өз нәтижелерін басқа топтардың жауаптарымен салыстыртып, сәй-кесінше қорытынды жасатыңыз.
Жауабы: 15 см = 1 дм 5 см; 1 дм 1 см = 11 см; 19 см = 1 дм 9 см; 1 дм 4 см = 1 4 см; 16 см = 1 дм 6 см; 1 дм 7 см = 1 7 см; 18 см = 1 дм 8 см; 1 дм 0 см = 10 см.
| |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 350 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл |