Лекции.Орг


Поиск:




Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Бұл сабақ белгілі бір заңдылыққа сүйеніп бас-қатырғыш тапсырмаларды табуға бағытталған.

Басқатырғыш тапсырмалар — жоғары деңгейлі міндетті білімді емес, тапқырлықты қажет ететін ерекше есептер. Кейбір басқатырғыштар өте ерте кезден белгілі. Ерекше логикалық есептер Eгипет пирамидасының қабырғаларында, ертеде-гі грек қолжазбаларында және басқа да тарихи ескерткіштерде кездеседі. Басқатырғыштар әртүрлі болады:

пазлдар. Пазлдың міндеті — фигураны немесе суретті жазық бөліктерден жинау;

жіппен жасалатын басқатырғыштар;

мәтіндік және графикалық басқатырғыштар;

механикалық басқатырғыштар. Бұл жағдайда басқатырғыш қандай да бір механизм түрінде беріледі, яғни қозғалмалы бөліктерден тұрады. Басқатырғыштың міндеті: жинау не бөлу, қандай да бір бөлшегінің орнын ауыстыру немесе босатып алып тастау болады. Сабақта сандық есептер мен басқатырғыштардың бірнеше түрін шешу көзделеді.

Кіріспе тапсырма. Oқушылардың қызығушы-лығын арттыру мақсатында сабақты есеп-өлең оқу арқылы бастаңыз.

Мысалы: “Ұрылар мен кемпір” деп аталатын ертегі есепті оқыңыз. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде жұртта қалған, сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келіпті. Кемпір: “Бұлар менің жалғыз сиырымды ұрламақ болған екен, мен де оларды алдайын”, — деп ойлайды. Сөйтіп, бір шелек суды сапырып отырып:

“Сапырып-сапырып, Арманға бер, Құйып-құйып, Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іш те, маған бер”,

деген өлең айтыпты. Мұны естіген ұрылар: “Қой, мұнымыз болмас, үй толы кісі екен әрі бізден көп екен, кетейік”, — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде неше адам болған?

Жауабы:10 адам.

Оқушыларға басқатырғыш тапсырмалар орын-дайтынын айтып, үлестірмелі дидактикалық мате-риалдарды таратыңыз. Үлгі ретінде тапсырманы қалай орындайтыны туралы түсінік беріңіз.

Мысалы: Үшбұрыш үш бөлікке бөлінген. Әр бөлікте белгілі бір нүктелер боялған. Фигураның сыртында нүктелердің қосындысының қанша екенін көрсететін сандар жазылған. Таратылып берілген үшбұрыш-тардың кейбір бөліктері бос. Оқушыларға осы бос орындарға сыртында көрсетілген сандар шығатындай етіп, нүктелерді салу қажеттігін түсіндіріңіз. Төменде көрсетілген үлгіні таратып беріңіз.

Мысалы:Сынып оқушыларын 4 топқа бөліңіз. Тапсырмалар-ды әр топқа үлестіріңіз. Топпен бірлесе отырып, тиісті жауап шығатындай нүктелерді белгілеуді тапсы-рыңыз. Интерактивті тақтада көрсетіп, тапсырманы тексертіңіз.

Oрындағаннан кейін тапсырманың “басқатырғыш” түрлерінің бір екенін айтып, қорытындылаңыз.

Жасырын сөздер. Берілген тапсырмада оқу-шылар цифрларды әріптерге сәйкестендіре отырып, сөздерді тауып оқиды.  арқылы әріптерді таба отырып, сөздерді анықтауы, оларды біріктіріп оқи білуі есте сақтау қабілетінің дамуына әсер етеді.

Жауабы:

жаз, қазақ, аға.

Компьютер. Компьютердің артында жазылып тұрған сандар үштігін толықтырып орындаған кезде қай компьютердің қай тоқ көзіне қосылып тұрғанын анықтауға болады. Әрбір оқушының тапсырманы өз бетінше орындауын ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

а) 2; ә) 3; б) 1.

 

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Тірек сөзді оқушылардың жақсы есте сақтауы үшін сергіту сәтін өткізіңіз. Осы сөзді оқушыларға бірне-ше рет қайталатыңыз. Тірек сөз жазылған парақша-ны оқушылардың көмегімен “Сөз қабырғасына” орналастырыңыз.

Судоку. Тапсырма логикалық ойлауын және байқағыштық дағдысын дамытады. Шаршының әрбір жолындағы және бағанындағы сандарды қайталанбайтындай етіп орналастыру керек.

Жауабы:

бірінші жолда: 2; екінші жолда: 5; үшінші жолда: 3, 4; төртінші жолда: 5; бесінші жолда: 2.

 

Бағалау

Сабақтың соңында оқушылар:

       басқатырғыштардың түрлері мен шешу тәсілде-рін меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауабын тың-даңыз:

— Басқатырғыш тапсырмалар дегеніміз не? Тү-сіндіріп айт;

— Оның басқа математикалық есептерден қандай ерекшелігі бар?

— Басқатырғыштардың қандай түрлерін біле-сіңдер?

— Басқатырғышты шешу сіздерге ұнады ма?

— Басқатырғыштарды шешкенде неге сүйену керек?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.

           


 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 413 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

1461 - | 1264 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.