Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Осымша тапсырмалар | ||||
Оқушылардың тілдік дағдыларын сабақ бары-сында жетілдіру және дамыту үшін математикалық терминдерді дұрыс айту және қолдануға қолдау көрсетіңіз. Топпен және жұппен талқылауда оқушы-лар коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. | Бос дөңгелектерге тиісті сандарды жаз. Тап-сырманы орындау үшін оқушылар алған біліміне сүйеніп, жұп және тақ сандарды тауып, оларды тапсырма шартына қарай бояуы керек. Жауабы: түсіп қалған сандар: 2, 4, 6, 7, 11, 13, 15, 17, 19; қызыл түске боялған сандар: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.
| |||||
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: 20 көлемінде екі-екіден тура және кері санай білуді меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз: — 2-ден 20-ға дейін екі-екіден тура санау кезінде қандай сандар аламыз? — 2-ден 20-ға дейін екі-екіден кері санау кезінде қандай сандар аламыз? — Қажет болған жағдайда күрделірек сұрақтарды қолданыңыз | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Санның жартысы | Мектеп: | ||||
Күні: |
| Мұғалімнің есімі: | ||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Оқу мақсаты: | 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады. | |||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | ||||||
Ресурстар: | шаршы фигура модельдері; санау таяқшалары; оқу құралдары (дәптер, кітап, қарындаштар); цифрлар жазылған парақшалар. | |||||
Тірек сөздер | жарты. | |||||
Сабақтың мақсаты: | Сандары жұп болып келген заттардың жартысын табуды үйрету. Тең бөлу дағдысын қалыптастыру. | |||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Сыныптағы заттарды тәжірибеде екіге тең бөліп нәтижесінде тек саны жұп болып келген заттарды ғана екіге бөлуге болатынын үйренеді. Яғни 2, 4, 6,..., 20 сандары. Себебі оқушылар “жұп сандар” деген терминмен таныс емес. Кіріспе тапсырма. Сабақты оқулықтағы “Санда-ры жұп заттардың жартысын табуға болады” ұғымды түсіндіруден бастаңыз. Осы мақсатта “Алты қонжық-тың тең жартысы үш қонжық болады. Ал сегіз қонжық-тың жартысы қанша болады?” деген мазмұнда сурет-пен берілген тапсырманы орындатыңыз. Суретке қарап оқушылар алты қонжықтың жартысы үш қонжық болатынын түсінеді. Сегіз қонжықтың жартысы қан-ша болатынын анықтау оларға қиындық туғызады. Сондықтан оқушыларға қиылған сегіз шаршы таратып беріңіз де, оларды тең бөлуді тапсырып, тапсырманы жұппен орындатыңыз. Сегіз шаршының жартысын қалай табуға болатынын алдымен өздерінен сұра-ңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз (тапсырма-ның шешімін оқушылардың өздері де айтуы мүмкін). Жұмысты төмендегі ретпен бағыт-бағдар бере отырып орындатсаңыз, оқушыларда дұрыс түсінік қалыптасады. Алдымен бір шаршыны алып партаға қойғызыңыз. Оның астына тағы бір шаршы қоюды | ұсыныңыз. Солай шаршыларды бір-бірден бірінің астына бірін жұппен орналастыруын ескертіңіз. Неше жұп шаршы болғанын сұраңыз (төрт жұп шаршы). Яғни сегіз шаршының жартысы төрт шаршы болады деген қорытынды жасатыңыз. Олай болса, 8 қонжықтың жартысы 4 қонжық болады. Ескерту: шаршының орнына кез келген сандары тең болып бөлінетін заттарды алуға болады. Мысалы: қарындаштар, санау таяқшалары т.б. Құстар. Оқушыларға тапсырманы жұппен орын-дауды ұсыныңыз. Жауабы: — екі бұтаққа суықторғайлар мен кептерлер тең бөлініп қона алады, себебі олардың саны 4 және 2; — екі бұтаққа қарлығаштар мен үйректер тең бөлініп қона алмайды, себебі олардың саны 1 мен 3 (сондай-ақ үйректер ағаштың бұтағына қона алмайды). Әр топтағы заттар санының жартысын тап. Оқушылар заттарды тең бөлуге тиісті және 10, 4, 8 сандарының жартысын табулары керек. Жауабы: а) 5 кітап; ә) 2 фломастер; б) 4 дәптер. Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Оларға құмыралар-дағы гүлдерді санатыңыз. Тапсырманы әркімге жеке орындауды ұсыныңыз. Құмыралардағы гүлдердің саны туралы не ойлайтынын сұраңыз. Қызғалдақтың саны — 5, түймедақ — 12. 5 саны мен 12 санының айырмашылығын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдаңыз. Олар 12 түймедағын тең етіп бөлуге болатынын, ал 5 қызғалдақты тең етіп бөлуге бол-майтыны туралы қорытынды жасайды. Жауабы: қызғалдағы бар құмырадан жарты гүлді бөліп алуға болмайды. | |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Алдын ала 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар дайындап қойыңыз. Барлық оқушылар-ға сандар жазылған парақшаны бір-бірден тара-тып беріңіз. Егер сыныпта 20-дан артық оқушы болса, онда екінші топтамадағы сандар жазылған парақшаны таратыңыз. Бірнеше оқушыда бірдей сандар болады. Оқушылардан екі топқа бөлінуді сұраңыз. Бірінші топта парақшаға жартысын есептеп табуға болатын сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20) жазылған оқушылар, ал екінші топта парақшаға жартысын есептеуге болмайтын сандар (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19) жазылған оқушылар болады. | Суреттегі үшбұрыштар мен шаршыларды сана. Олардың жартысын боя. Тапсырма бойын-ша суреттегі фигуралардың санын анықтайды. Сол санның жартысын тауып, жартысына тең санға сәйкес фигураларды бояйды. Жауабы: 5 үшбұрыш; 4 шаршы. Сандардың жартысын тауып жаз. Тапсырманы орындай отырып, сандардың жартысын табу керек. Жауаптарын дөңгелектердің ішіне жазамыз. Жауабы 6 саны — 3 және 3, 12 саны — 6 және 6, 4 саны — 2 және 2, 10 саны — 5 және 5, 20 саны — 10 және 10, 8 саны — 4 және 4. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: 2, 4, 6, 8, 10 сандарының орналасу ретіне байланысты жартысын табуды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз: — 10 (8, 6, 4, 2) сандарының жартысын қалай табады? — 3 саны — 6 санының жартысы екенін дәлелдей аласың ба? Мынадай тапсырма беріңіз: — 20 санының жартысын айта аласың ба? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Заңдылықтар (1) | Мектеп: | ||||||
Күні: |
| Мұғалімнің есімі: | ||||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Оқу мақсаты: | 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;
100 көлеміндегі сан, сурет, фигура, символ-дан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды;
іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтайды; сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар т.б. тізбектерін құрады және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табады. | |||||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | ||||||||
Ресурстар: | моншақтар; жіпке тізілген түрлі түсті моншақ; үлкен түймелер, кішкене түймелер; кілемшелер; түрлі түсті қарындаштар; | |||||||
Тірек сөздер | заңдылықтар.
| |||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларды заңдылық ұғымымен таныстыру. Сандар және заттар қатарлары арасындағы заң-дылықтарды қарастыру. Қарапайым заңдылықты сақтап, қатарларды жалғастыру. Дөңгелек сандарға байланысты заңдылықтар құрастырып, жаттығулар жасау. Берілген сандар, фигуралар және табиғаттағы заттар қатарындағы заңдылықтарды таба білу дағ-дысын дамыту. | |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 326 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт |