Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Салыстырмалы диагностикасы. · Гормональды белсенді емес гипофиз аденомасы (2.3 бөлімді қараңыз) және «бос» түрік ершігі синдромы (2.8 бөлімді




· Гормональды белсенді емес гипофиз аденомасы (2.3 бөлімді қараңыз) және «бос» түрік ершігі синдромы (2.8 бөлімді қараңыз). ГБЕГА кезінде пролактин деңгейі аздап көтеріледі. Сонымен қатар, мұндай аденомалар дофаминомиметиктермен терапия көрінісінде кішіреймейді.

· Гормональды-белсенді гипофиз аденомалары (соматотропинома, пролакто-соматотропинома).

· Симптоматикалық гиперпролактинемия (біріншілік гипотиреоз, наркотиктерді қабылдау және т.б.).

· Макропролактинемия кезінде арнайы клиникалық көрініс болмайды, оны макропролактинді анықтау арқылы дәлелдеуге болады.

· Соматикалық патология (бүйрек жеткіліксіздігі және т.б.).

· Физиологиялық галакторея (нәресте туылғаннан кейін 2–3 жыл бойы және емізу тоқтағанға дейін сақталуы мүмкін).

· Жүйкелік-рефлекторлы галакторея және гиперпролактинемия (канцерофобия элементтерімен астеноневротикалық бұзылыстар, бүл кезде науқастар үнемі сүт безі бөліністерін тексеріп, нәтижесінде өзін-өзін пальпациялаудан рефлекторлы түрде галактореяны үдетеді).

 

Емі

1. Дофамин агонистерімен медикаментозды терапия микро- және макропролактиномалар, идиопатиялық ГГ кезінде көрсетілген. Гипофизарлы дофаминергиялық рецепторларды ынталандыра отырып, пролактин синтезі мен бөлінуін бөгейді, пролактотрофтарда митоз жиілігін төмендетеді, пролактинсекрециялайтын гипофиз аденомаларының өсуін тежейді. Науқастардың басым көпшілігінде пролактин секрециясының қалпына келуі гипоталамустың циклдік белсенділігінің қалыптасуына, гонадотропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына, екі фазалы менструальды циклдің, фертильдіктің қалыптасуына әкеледі. Сонымен қатар, шынайы пролактиномалардың көлемдері кішірейеді, осыған орай медикаментозды терапия хиазмалық синдром және неврологиялық симптоматика дамыған макропролактиномалар кезінде де қолданылады. Бедеулікті емдегенде дофаминомиметиктерді (бромкриптин немесе каберголин) жүктілік орнағаннан кейін тоқтатады.

 

бромокриптин осы топқа жататын тұңғыш дәрілік зат және ол дофамин рецепторларына селективті емес әсер етуі мен қысқа жартылай бөліну уақытымен ерекшеленеді. Бромкриптинді тәулігіне 1–3 рет 1,25 мг –нан тамақ кезінде қабылдаудан бастап, кейін мөлшерін күніне 2–4 рет 2,5 мг–ға дейін жоғарылатады. Бромкриптиннің бірреттік мөлшері пролактин секрециясын орташа 12сағатқа тежейді. Жағымсыз көріністері (лоқсу, ортостатикалық гипотензия, іш қату) әдетте қысқа мерзімді және дәрі мөлшерін төмендеткенде жоғалады.

 

каберголин дофамин D2-рецепторларының селективті агнонисті; пролактин өндірілуін ұзақ және әсерлі тежейді, осыған орай 0,25–2 мг мөлшерде аптасына 1–2 рет қабылдау жеткілікті (қажет болған жағдайда 4,0 мг немесе одан жоғары мөлшерде).

 

2. Хирургиялық ем дофаминомиметиктерге резистентті макропролактиномалар кезінде көрсетілген. Мұндай аденомалар ақырында иммуногистохимиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шынайы пролактинома емес, ГБЕГА немесе аралас ісік екені анықталады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-01-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 690 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2282 - | 1989 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.