Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Тарау 1.Эмоциялар және оларды тілде және сөйлеуде беру түрлері
1.1. Эмоцияның сөйлеуге әсері
1.2. Эмоцияны тілде және сөйлеуде беру жолдары
1.3.Тілдің эмоционалды қызметі.
1.4. Эмотивтілік және баға беру.
1.5. Эмотивтілік және экспрессивтілік.
Тарау 2. С.Моэмның «Театр» шығармасындағы эмоцияларды жеткізудің лингвистикалық жолдары.
2.1. Көркем шығармадағы эмоцияларды білдірудің лексикалық тәсілдері.
2.2. Көркем шығармадағы эмоцияларды білдірудің синтаксистік тәсілдері.
2.3. Көркем шығармадағы эмоцияларды білдірудің стилистикалық тәсілдері.
Орытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Осымша
Реферат
Диплом жұмысының тақырыбы: С.Моэмның«Театр»романындағы эмоцияларды жеткізудің лингвистикалық құралдары.
Бұл жұмыс С.Моэмның «Театр» атты көркем шығармасында эмоцияларды жеткізуді зерттеуге арналады.
Диплом жұмысының көлемі: Диплом жұмысы 50 беттен тұрады.
Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 50, оның ішінде шет тіліндегі әдебиеттің саны -....
Тірек сөздер: эмоция, эмотиология, эмотивтілік, эмотив, эмотивті лексика.
Диплом жұмысының нысаны: эмоция категориясы және оның тілде және сөйлеуде жеткізілу жолдары.
Диплом жұмысының пәні: ағылшын тіліндегі шығармада эмоцияны жеткізудің лексикалық, синтаксистік және стилистикалық тәсілдері мен жолдары.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – көркем шығармадағы эмоцияларды жеткізудің тілдік құралдарын жүйелеу және сипаттау. Алдыға қойылған мақсатқа байланысты мынадай міндеттер ұсынылады:
- шығармадан эмоцияларды жеткізудің лексикалық тәсілдерін айқындау;
- шығармадан эмоцияларды жеткізудің синтаксистік тәсілдерін айқындау;
- шығармадан эмоцияларды жеткізудің стилистикалық тәсілдерін айқындау;
- аталмыш тәсілдерді эмотивті белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін назарға ала отырып, талдау және түсіндіру.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: концептуалды талдау әдісі, салыстырмалы әдіс, компонентті талдау әдісі
Зерттеудің теориялық және методологиялық дереккөздері: эмотиологияның негізгі ұстанымдарын қарастыру (Ю.Д. Апресян, Н.Д. Арутюнова, Л.Г. Бабенко, H.A. Красавский және т.б.), зерттеліп жатқан лексиканың когнитивті талдауының концепциясы (А. Вежбицкая, С.Г. Воркачев, Е.С. Кубрякова, В.И. Шаховский және т.б.).
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе
Диплом жұмысының сипаты: Бұл диплом жұмысы С.Моэмның «Театр» атты көркем шығармасындағы эмоцияларды білдіретін лингвистикалық құралдарды зерттеуге арналады.
Зерттеудің өзектілігі эмоциялардыбілдірудің психологиялық табиғатын және құрылымын комплексті түрде талдаумен анықталады. Сөздің эмотивтілігін көрсететін лексикалық, синтаксистік және стилистік тәсілдерді зерттеу ағылшын тілінде эмоцияларды тіл құралдарымен жеткізудің ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Таңдап алынған тақырыптың өзектілігі: эмоционалды сөйлеудің ерекшеліктері.
Диплом жұмысының нысаны: ағылшын тіліндегі шығармада эмоцияны жеткізудің тәсілдері мен жолдары.
Диплом жұмысының пәні: эмоция категориясы және оның тілде және сөйлеуде жеткізілу жолдары.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – көркем шығармадағы эмоцияларды жеткізудің тілдік құралдарын жүйелеу және сипаттау. Алдыға қойылған мақсатқа байланысты мынадай міндеттер ұсынылады:
- шығармадан эмоцияларды жеткізудің лексикалық тәсілдерін айқындау;
- шығармадан эмоцияларды жеткізудің синтаксистік тәсілдерін айқындау;
- шығармадан эмоцияларды жеткізудің стилистикалық тәсілдерін айқындау;
- аталмыш тәсілдерді эмотивті белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін назарға ала отырып, талдау және түсіндіру.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: концептуалды талдау әдісі, салыстырмалы әдіс, компонентті талдау әдісі.
Зерттеудің теориялық және методологиялық дереккөздері: Эмотиологияның негізгі қағидалары (Ю.Д. Апресян, Н.Д. Арутюнова, Л.Г. Бабенко, H.A. Красавский және т.б.), зерттеліп жатқан лексиканың когнитивті талдауының концепциясы (А. Вежбицкая, С.Г. Воркачев, Е.С. Кубрякова, В.И. Шаховский және т.б.), эмотивтілік мәселесін зерттеумен айналысқан ресейлік лингвистердің еңбектері: Ю. Д. Апресян, Л. Г. Бабенко, Т. А. Графова, Л. А. Пиотровская, М. П. Румлянский, В. И Шаховский.
Зерттеудің материалдары - ХХ ғасырдың белгілі ағылшын жазушысы
С. Моэмның «Театр» шығармасының кейіпкерлерінің сөйлеу мәнерін талдау нәтижесінде іріктеліп алынған эмоцияларды білдіретін лингвистикалық тәсілдер немесе құралдар.
Ғылыми жұмыстың ғылыми жаңалығы бір жағынан эмоционалды сөйлеуде қолданылатын лингвистикалық тәсілдердің сипаттамасына кешенді көзқарас, екінші жағынан, ол тәсілдердің орындайтын функциясын анықтау, үшінші жағынан, ол тәсілдердің эмоционалды қабілеттілігін және олардың көркем әдебиетке тән екендігін талдау. Ғылыми зерттеу эмоцияны вербалды тәсілдер арқылы білдіретін материалдар негізінде жүргізілді.
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы- эмоционалды сөйлеудің лингвистикалық ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар экспрессивтілік, бағалау және эмотивтілік сынды тілдік категориялардың өзара байланысын және айырмашылықтарын ашу және ажырату.
Ғылыми зерттеудің практикалық құндылығы - зерттеудің нәтижелерін және қорытындыларын ағылшын тілі практикалық сабағында, курстық жұмыс жазуда, және стилистика, мәтін лингвистикасы сабақтарында қолданылуға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе: Кіріспеде диплом жұмысының нысаны, пәні, өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері айқындалады.
Бірінші бөлім: Бірінші бөлімде диплом жұмысының теориялық негіздері айқындалған, эмоцияның организмнің психологиялық реакциясы ретінде сипаттамасы, эмоцияның жалпы сипаттамасы, эмоцияның сөйлеудегі рөлі, эмоцияның сөйлеуде немесе тілде берілуінің негізгі ұғымдары қарастырылады.
Екінші бөлім: Екінші бөлімде эмоцияны білдірудің лексикалық, синтаксистік және стилистикалық тәсілдері сипатталады және аталмыш тәсілдердің комплексті талдауы жүзеге асады. Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі көркем шығармада эмоциялық күйді берудің негізгі жолдары талқыланады.
Қорытынды: Диплом жұмысындағы зерттеу эмоциялардың сөйлеуге зор әсерін көрсетеді. Эмоциялар болмысты жеткізудің бір үлгісі болып табылады. Кез келген сөйлеу әрекеті өз табиғаты бойынша эмоционалды. Осы теориялық материалдарды талдай келе эмоционалдылық бұл адамның эмоционалды әсерлерігің жиынтығы деп пайымдауға болады. Осы мәселеге қатысты теориялық материалға жүргізілген талдау бізге эмоционалдылықтың адамның эмоционалдық күйзелісінің жиынтығы екендігін, сонымен қатар ол адам тұлғасының басты ерекшелігі екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Диплом жұмысында эмоцияларды жеткізудің тілдік құралдары айқындалып, оларға талдау жасалды. Көркем шығармадағы эмоцияларды жеткізу үшін қолданылған құралдарды талдау нәтижесінде шығармадағы кейіпкерлердің эмоционалды күйін сипаттауда стилистикалық құралдардың қолданылуы басым деген қорытынды жасауға болады.
Әдебиеттер тізімінде эмоцияларды білдірудің тәсілдерін зерттеуде қолданылған ғылыми еңбек атаулары берілген.