Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Заң мәтіндерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері 7 страница




Екіншіден, мемлекеттік мәртебе алған Терминком сөздіктер мәселесін мықтап қолға алуға тиіс. Қоғам өмірінің экономика, ғылым-білім, мәдениет пен өнер сияқты секторлары өз кезегінде сала-салаға тарамдалып кететіні белгілі. Міне, осы салалардың әрқайсысында басшылыққа алынатын бір ғана сөздік болуға тиіс. Мейлі ол “үлкен сөздік” деп атала ма, мейлі 2-3 кітаптан тұра ма, бәрібір, алайда ол бір ғана сөздік болуға тиіс. Оған сол салада шығып үлгерген барлық сөздіктердегі қамтылған сөздер екшеліп алынуы керек. Сондықтан терминографиядағы осы істі, қанша қиын болса да, қолға алатын уақытты өткізіп алмау керек. Заман ағымына ілесіп отыру үшін, көштен қалып қоймау үшін бұл – аса қажет іс. [8,178]

Ұлттық заңнама тілінің өзекті проблемалары деуге болатын жоғарыдағы мәселелер жөнінде әлі де талай әңгіме айтуға болады. Алайда оның бәрі бір іс тындырғанға жетпес еді.

Қазіргі уақытта заң терминдерінің басқа тілдерден қазақшаға дұрыс аударылмауы қолданыстағы заңдарда жиі дау туғызып отыр. Көп жағдайда халықаралық ортақ тіл терминдерін қазақшаға аударып босқа әуре болудамыз. Мысалы, принцип, экстрадиция, патенттілік, коррупция, амнистия, рецидив, т.б. сияқты терминдерді қазақшалаудың қажеті жоқ. Коррупция термині барлық мемлекеттерде осылай қолданылады. Ол латын ті лінде берілген термин, мағынасы лауазым адамдарының, қызметкерлердің сатылғыштығын білдіреді. Біз бұл терминді заң жүзінде сыбайлас жемқорлық деп аудардық. Сөйтіп, коррупция терминінің мәнінен шығып кеттік. Біріншіден, сыбайластық деген сөз бұл тұрғыдағы қылмыс ұйымдасып істелетіндігін білдірсе, екіншіден, жемқорлық деген терминді тауып алып, қылмыс субъектілеріне басқа атау бердік. Жалпы, коррупция деген терминді аудармай-ақ, сол өз атымен беруіміз керек еді. Мұның өзі біздің ел мен мемлекетімізде де осы құбылыспен пәрменді күрес жүріп жатқанын бір ғана термин арқылы дүние жүзі білер еді. Сондай-ақ, барлық елдердің қылмыстық заңдарында рецидив деген термин біркелкі қолданылады. Қазақсан Республикасы Қылмыстық кодексінің 13-бабының 1-бөлімінде (орысша нұсқасында) «Рецидивом преступлений признается совер­шение умышленного преступления лицом, имеющим судимость за ранее совершенное умышленное преступление» деп көрсетілген. Осы баптың қазақша аудармасында: «Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады» делінген. Сөйтіп, рецидив деген халықаралық термин қазақшасында қайталану деп берілген. Ал, осы қайталануды орыс тіліне аударсақ, ол «повтор­ность» деген мағына береді. Осыған байланысты рецидив деген заң терминін аудармай-ақ, сол күйінде берген дұрыс болар еді. Рецидив термині Қазақ КСР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде де қолданылған. [9,105]

Қылмыстық кодекстің орысша нұсқасында «деяние» деген термин жиі кездеседі. Мысалы, ҚК-тің 9-бабы 1-бөлімінде (орысша мәтінде): «Преступлением признается совершенное виновно общественно опасное деяние (действие или бездействие), запрещенное настоящим Ко дексом под угрозой наказания» деген ұғым бар. Ал, осы ұғымның қазақшасы «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» деп аударылған. Бұл жерде «деяние» деген орыс тіліндегі термин әрекет болып, «действие» – іс-әрекет, «бездействие» – әрекетсіздік болып аударылып отыр. Ал, оның анық аудармасы: «деяние»– іс-әрекет, «действие» – әрекет, «бездействие» – әрекетсіздік болып аударылуы керек. Өйткені, орыс тілінде «деяние» сөзі «действие и бездействие» деген сөздердің жинағы. Осыған байланысты қазақ тілінде деяние – іс-әрекет деген мағынаны білдіреді. Іс-әрекет деген сөз тұрған жерде қоғамға қауіпті қылмыстық қолсұғушылық әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалатынын білеміз. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде осылай берілген еді. Осы себепті Әділет министрлігі еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық-атқару, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің мемлекеттік тілдегі мәтіндері мен орыс тіліндегі мәтіндері арасындағы қайшылықтарды бір ізге келтіру жұмысын қолға аламыз деп өткен жылы мәлімдеп еді, бірақ қозғалыс жоқ. Кодекстердің орыс тіліндегі мәтіні дау туғызбайды. Өйткені, заң сол тілде жазылып қабылданған, ал, қазақ тіліндегі аудармасында көптеген қателіктерге жол берілген. [10-189б]

Енді әр кодекс бойынша орын алған қате аудармаларға тоқталып кетейік. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша оның 1-бабындағы алдын алу (предупреждение) сөзі сақтандыру, 9-баптағы айыпты сөзі кінәлі (виновный) деп аударылуы керек. Тағы осы баптағы әрекеттің деген сөзден кейін немесе әрекетсіздіктің (или бездействие) сөзі жазылмай қалған, 10-баптағы қылмыс санаттары онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр деп көрсетілген, барлық кодекстерде дәл осылай жазылуы керек. Яғни, бұл терминдер 3 кодексте бірыңғай көрсетілуі шарт, 23-баптағы жазықсыз деген сөз кінәсіз (невиновный) деген мағынаны білдіреді, ол солай түзетілуі керек, 24-баптағы ерекше ауыр деген сөз аса ауыр деген сөзбен, 52-баптағы айыпты сөзі кінәлі (виновный) сөзімен, айыпкердің жеке басы кінәлінің жеке басымен деген аудармамен ауыстырылуы қажет. Қылмыстық кодекстегі айыпкер деген термин кінәлі деген сөзбен ауыстырылғаны жөн. Өйткені, орыс тілінде ол «виновный», «вино­вность» деп көрсетілген, 55-баптағы себептерге деген термин ниеттерге деп ауыстырылуы керек. «Ниет» (мотив) дегеннің дәлме-дәл мағынасын береді. Меншікке қарсы қылмыстар (6-тарау) – осы тараудағы «хищение» сөзі ұрлық түрінде қате аударылған. «Хищениенің» қазақшасы – талан-тараж. Бұрынғы заңдардың бәрінде солай жазылатын. Соған байланысты аталмыш тараудағы «хищение» талан-тараж сөзіне ауыстырылуы қажет. ҚК-тің 206-бабы бойынша «изготовление» жасау деп қате аударылған. Ол дайындау, ал «сбыт» сөзі өткізу делінуі керек еді. Заңда «сбыт» сату түрінде қате аударылған. Сондай-ақ, 208-баптағы «значи­тельный» сөзі айтарлықтай емес, едәуір болып көрсетілуі тиіс, басқа баптардың бәрінде бұл сөз едәуір ретінде берілген. Ал, 251-баптағы «приобретение» – сатып алу емес, алу, «сбыт» – сату емес, өткізу деп өзгертілуге жатады. 259-бапта да осындай қателіктерге жол берілген, 287-баптағы «добыча» сөзі олжалау деген мағынаны білдіреді (алу емес). 292-баптағы ұқыпсыз сөзі абайсыздықпен сөзімен ауыстырылғаны дұрыс (неосторожность). Мағынасы Конституцияға, басқа да кодекстерге сәйкес келмейтін сөздер түзетілді, жекеленген баптарда атап көрсетілгені жөн. [9-204]

Екінші, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде де жекелеген терминдердің дұрыс аударылмауынан қателіктер кеткен. Сол себепті кодекстегі «осужденный» деген термин сотталған, сотталған адам (сотталғандар) болып мағынасына қарай тура аударылуы тиіс. Кішігірім деген термин онша ауыр емес, орта ауырлықтағы ауырлығы орташа терминдерімен (69-бап) Қылмыстық кодекстегідей болып көрсетілуі керек. Ал, осы кодекстің соңында сот үкімі бойынша тәркілеуге жатпайтын мүліктер тізбесінде инвентарь құрал-саймандар түріне өзгертілуі қажет. Оның бұрынғы аудармасы мукаммал екен. Басқадай жекелеген баптардағы терминдер ортақ терминологиялық өзгертулерге сәйкес болғаны мақұл.

Үшінші, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі қате аудармалар түзетіліп, олар былай жазылуы керек. Свидетель – куәгер, понятой – қалыс адам, подозреваемый – күдікті, отвод – қар­сылық білдіру, относимость – қатысты, допустимость – жол берушілік, достоверность – сенімділік, достаточность – жеткіліктілік, подсудность – соттылық, доказательство – дәлелдеме, правосудие – сот төрелігі, судебная власть – сот билігі, значение – маңызы, нев­меняемый – есі дұрыс емес, показания – жауап, жауап беру (айғақ емес) деп көрсетіліп, бар­лық кодекстердегі осындай аудармаларға бірізділік берілуі шарт. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жекелеген баптарындағы кемшіліктер бап мәтіндерінде тікелей көпе-көрінеу көрініп тұр. Сөйтіп, заң терминдерінің түсінігі бір ізге түсірілуі керек. Сонда ғана барлық кодекстердегі терминдер бір мағына береді. [9,269]

1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды да, лексикалық қорымызға «сыбайлас жемқорлық» (коррупция) деген сөз тіркесі енді. Бұл қазір бұқаралық ақпарат құралдарынан түспейтін болды. Біздіңше, осы «коррупция» термині қазақ тілінде дұрыс аудармасын тапқан жоқ. Ең негізгісі аударма негізгі ұғымнан алшақтап кетті. Ірі мәселе ұсақталды. [11-142б]

«Коррупцияның» латын сөзінен шыққанын белгілі. Ол лауазым иелерінің, қоғам және саяси қайраткерлердің параға сатылғыштығы деген мағынада санамызда көптен қалыптасқан еді. Ал енді «сыбайлас жемқорлық» сөз тіркесі осы ұғымды толық ашады ма? Коррупционерді сыбайлас жемқорлар тобына жатқыза алсақ, сыбайлас жемқорлардың барлығын коррупционерлер дей аламыз ба? Соңғы терминді ендіре отырып, біз қылмыстың негізгі субъектілерін майдалап жібердік те коррупционермен күрес тиісті нәтиже бермей отыр. Әрине, оның басқа да себептері жеткілікті. «Үлкен заңдық энциклопедиялық сөздікте» (Большом энциклопедическом правовом словаре) «Коррупция (лат. соrruрtіо - подкуп) – сращивание государственных структур со структурами преступного мира в сфере экономики, а также продажность и подкуп политических и общественных деятелей, государственных чиновников» делінген. Ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2 - бабында «коррупцияға» мынандай анықтама берілген: «1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» (1. Под коррупцией в настоящем Законе понимается не предусмотренное законом принятие лично или через посредников имущественных благ и преимуществ лицами, выполняющими государственные функции, а также лицами, приравненными к ним, с использованием своих должностных полномочий и связанных с ними возможностей либо иное использование ими своих полномочий для получения имущественной выгоды, а равно подкуп данных лиц путем противоправного предоставления им физическими и юридическими лицами указанных благ и преимуществ. Статья 2. Основные понятия. О борьбе с коррупцией Закон Республики Казахстан от 2 июля 1998 г.). [11-198б]

Көріп отырғанымыздай, қазақша сөйлемнің құқықтық және лингвистикалық жағынан шұбалаңқы, түсінікке ауыр екенін былай қойғанда, энциклопедиялық сөздікпен салыстырғанда Заңда сыбайлас жемқорлықтың субъектілері әлдеқайда әлсіреген. Оны «мемлекеттік міндеттерді атқаратын» дей салған. Бәлкім, Заңды дайындағандар саяси және қоғамдық қайраткерлердің оңайлықпен ұсталмайтынын күн ілгері білген шығар. Сонан соң осы «коррупцияны» «сыбайлас жемқорлық» деп аударып, ежелден «шектес, жақын, көршілес, қатарлас» деп жақындықты танытатын сөздеріміздің атам заманнан синонимі болып келе жатқан «сыбайласты» жағымсыз мағынадағы құқықтық терминге пайдаландық. Енді қазір бұл сөз жұрттың зәресін алатын ұғымға айналды.

«Коррупция» терминін қазақ тіліне аударғанда оның өзінің негізгі ұғымына сәйкестігі, бір мағыналылығы, халықаралық деңгейде қолданылатындығы ескерілмеді. Осыларды ескергенде коррупция сөзін аударудың тіпті қажеті жоқ еді. Оны сыбайлас жемқорлықпен ауыстырамыз деп терминнің түп - төркініндегі мағынасын жоғалтып алдық. Қазір кезкелген екі-үш адамның арасындағы түкке тұрмайтын келеңсіз ақшалық қарым-қатынасты коррупцияға жатқыза саламыз. Сөйтіп кейбір бейбақтар шатылып, құқық қорғау орындарына алған ақшасынан зорын беріп құтыла алмай жүр.

 

 

2.2 Ағылшын тіліндегі заң мәтіндерін талдау

 

Білімнің қай саласы болмасын қазіргі таңда өз мамандығыңыздың шыңына жету үшін ең алдымен ағылшын тілін білуіміз қажет. Оның ішінде құқықтық білім беруде де ағылшын мәтіндері мен түсініктерін, терминдерін, ағылшын-американ үлгілеріндегі заң терминдерінің айырмашылықтарын зерттеу қазіргі таңда өте көкейтесті мәселе болып табылады. Сондай-ақ ағылшын-американ құқықтық жүйесі көптеген ғасырлық тәжірибеге ие болып, өзіндік ерекшеліктерге бай. [13-26б]

Атақты пікір: «A word is the skin of a living thought-барлық уақыттарда да заң мәтіндері мен сот шешімдері сол уақыттың құқықтық пікірлеріне сәйкес келеді деген мағ,ынаны білдерітіндігін есте сақтау қажет.  

Ағылшын тіліндегі құқықтық (заң) түсініктерді зерттеуде алдымыздан екі аспект туындайды: құқықтық құбылыстарды терминологиялық бейнелеу және заң мәтіндерінің тілдік талдамасына қарай жіктеу.

Заңнамалық сөздік бұл-заңтану саласында қолданылатын терминдер туралы мағлұмат беретін сөздікті айтамыз. Ағылшын тіліндегі сөздің лексикалық мағынасын ашу әдісіне қарай заңнамалық сөздіктер бірнеше түрге ажыратылады. Монотілдік заңнамалық сөздік бір тілді қамтыса, екітілдік- екі тілді, көптілк-бірнеше тілді қамтиды. Сондай-ақ заңнамалық сөздік көлеміне қарай да ажыратылады. Құқықтың барлық саласын қамтыған заңнамалық сөздіктерді салалық сөздік деп атаса, құқықтың тек бір саласын қамтитындарын –субсалалық деп атайды, мысалы келісім шарттық құқық. Егер заңнамалық барлдық терминологияны қамтуды көздесе, онда оны максималды деп (maximizing dictionary), ал терминдер саны шектеулі болса онда минималды (minimizing dictionary) деп атаймыз. [14-79б]

Ағылшын тіліндегі заң терминдері мен түсініктерін зерттеудің маңыздылығы өте зор. Өйткені басқа терможүйелерге қарағанда көптеген сұраныстарға ие. Заңнамалық мәтіндерді жанрлау Комиссиясының мәліметі бойынша (Ұлыбритания) ағылшын тіліндегі профессионалды саладағы қолданатын мәтіндердің саны жетпіске жуық екен.

Заңнамалық терминдер мен түсініктердің ағылшын тілі мен қазақ тілдерінде сәйкес келуі өте қиын процесс, өйткені әрбір елдің өзіндік ерекше құқықтық жүйесі болғандықтан түсініктер мен терминдер бір-біріне сәйкес келе бермейді. Сөздікте сәйкес келгенімен көбінесе олар дұрыс лексикалық түсінікте болмайды. Мысалы, «prosecutor» -«прокурор» болып аударылады, бірақ американдық және рейсейлік құқықтық жүйеде бұл сөздер әр-түрлі түсінікке ие.

Ағылшын тіліндегі заң мәтіндері мен терминдеріне, терминологиясының қалыптасуында латын тілінің маңыздылығы зор болған. Бірақ Ұлыбритания құқықтық институттарының қалыптасуы және дамуы барысында заңдық терминдер ерекшеленіп, латын тілінен алынған сөздердің саны біртіндеп қысқара бастады (зерттеушілердің пікірінде қазіргі ағылшын тіліндегі заң мәтіндеріндегі латын тілінен алынған сөздердің 1 пайызы ғана сақталған екен). Ағылшын тіліндегі заң терминдерінде бірегей лексикалық бірліктердің қалыптасып жатқандығын ескергеніміз жөн.

Біріншіден, құқықтық лексиканы талдауда ыңғайлылық үшін түсініктерді номинациялау әдістерін түрге ажыртуымыз қажет (терминдер, терминионимдер, мамандандырылған сөздер).

Екіншіден, белгілі бір сөздің құқықтың қай саласына жататындығын, айқындап алуымыз қажет, нәтижесінде лексикалық мағынадағы сөзді жалпы құқықтық немесе салалық лексика екендігі анықталады. [15-101б]

Үшіншіден, арнайы лексикаларды жіктеуде топонимдер, антропонимдер және фразологизмдердің маңыздылығын ескерген жөн; мысалы, 

-Old Baily – Олд-Бейли, Орталықтанған қылмыстық сот, Лондондағы көшенің атымен аталған топоним;  

-Miranda warning–күдіктіге өз құқықтарын арнайы жариялануы, әйгілі «Миранда Аризона штатына қарсы» (1966) атты сот ісінің атымен аталған антропоним; 

pocket veto - «қалталық вето», АҚШ президентінің қосымша ветосы (зат есім).

Сондай-ақ американдық және британдық үлгідегі ағылшын тіліндегі заңнамалық мәтіндер мен терминдерді қолдануда өзара ерекшеліктер байқалады.

Бірнеше мысалдар келтірейік:  

- сыртқы істер министрлігі: State Department (USA)

                                          Foreign and Commonwealth Office (UK)

-қаржы минстрлігі: Treasury Department (USA)

                              Treasury (UK)

-әділет  минстрлігі: Department of Justice (USA)

                              Department for Constitutional Affairs

- білім беру минстрлігі: Department of Education (USA)

                                     Department for Educational Skills (UK) 

- Attorney General: әділет минстрлігі (США), бас прокурор (Ұлыбритания).

Жоғарыдағыларды ескере отырып көптеген зерттеушілер мен аудармашылар аудару барысындағы тап болатын қиындықтарды көрсетеді. Екі үлгідегі (британдық және американдық) ағылшын тіліндеріндегі заң мәтіндерінің ішіндегі күрделі мәселе тудырғаны ол қылмысты жіктеуге байланысты лексикалық сөздер. [15-121б]

Құқықтық терминдер мен мәтіндерді жіктеу жүйесі алғашында бір-біріне сәйкес келетін. Барлық қылмыстар felonies, misdemeanours және treasons болып ажыратылып, яғни crime түбірлік терминінен алынған болатын. Ескі жүйелеу бойынша felony: felony at common law, capital felony, statutory felony болып жіктелсе, Misdemeanour екі кластан: misdemeanor at common law, high misdemeanor құралған.

Ескі жіктеуге сәйкес микрополде felony терминімен туыстас ретінде treason и sedition номинаттары көрсетілген. Мұндай жіктеулер ағылшын және американ құқықтық терминологиясы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген. Бірақ 1967 жылы ағылшын құқықтық терминологиясында жаңа жіктеу пайда болды, ол бойынша барлық терминдер қылмыс объектісіне негізделген болатын. Ағылшын құқықтық терминологиясында crime термині алдыңғы қарастырылған түсінік беретін терминдер felony и misdemenour сәйкестендірілді. Felony, misdemenour және treason терминдерімен бірге crime терминінің базасында қалыптасқан құрамдас терминдер де бар, олар-crime – crime against the state, crime against justice, crime against religion, crime against reputation, crime against security, crime against morality. [16-94б]

Құқықтық мәдениеттің жаңа үлгісіне сәйкес терминдер микрополияға келісідей тарала басталды. Осылайша, crime against reputation мынадай мағына берді: libel (a method of defamation expressed by print, writing, pictures, or sign), defamation (an intentional false communication, either published or publicly spoken, that injures another’s reputation or good name), slander (speaking of defamatory words tending to prejudice another in his reputation, community standing, office, trade, business or means of livehood) (см. Black’s Law Dictionary).

Қазіргі американ құқықтық терминологиясында ескі ағылшын құқықтық жіктеуден сақталып қалған felony және misdemeanour терминдері сақталған және қазірге дейін қолданылады.

Ағылшын терминімен салыстырғанда американдық тума термин offence термині емес, crime термині. Сriminal offences термині өзіне мыналарды қамтыған offences against persons (мысалы, murder, manslaughter), offences against habitation and occupation (например, burglary, arson), offences against property (мысалы, larceny), offences against morality and decency (мысалы, adultery), offences against public order and government (мысалы, treason).

Сонымен қатыра американ құқықтық жүйесінде қылмыстың ауырлығына қарай жіктелу түсінігі қалыптасқан, ол бойынша crime термині түрлік номинанттарға ие болады және әріптік таңбалар арқылы белгіленеді. Мысалы, A, B, C, - A felony, B felony, C felony және A misdemeanour, B misdemeanour, C misdemeanour. Бұлай жіктелу тәсілі ағылшын қылмыстық құқығында кездеспеген және қазір де жоқ. Ағылшын мәтіндерінде көп кездесетін заң терминдеріне тоқталайық: [17-132б]

-халықаралық құқық-International Law;

-келісімді құқық -Law of Contracts;

-жеке меншік құқығы-Law of Property;

-салықтық құқығы -Tax Law;

-азаматтық процесс-Civil Procedure;

- жаулап алу құқығы-Law of Conflict of Laws;

-қылмыстық құқық-Criminal Law;

-административті құқық-Administrative Law;

-отбасы құқығы-Family Law;

Ағылшын және британ үлгілеріндегі ағылшын тілдеріндегі осы қиындықтар аударма барысында көптеген кедергілер келтіреде, ал Қазақстан құқықтық жүйесінде қызмыстың өзіндік жіктелу жүйесі бар.

Құрылықтағы құқықтың жүйенің өзі ағылшын-американ жүйесінен ерекшеленеді. Мысал келтірейік, жеке-statute law және жалпы құқық сөздерін алайық. Жеке құқық заңнамаға негізделсе, жалпы құқық көптеген сот істеріне (тәжірибесіне) және айқындалған құқықтық принциптерге (ratio juris) негізделеді.

Құқық-қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиынды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді.

Адамдар жаратылысында тең жаратылған, белгілі, бұлжымас құқықты иеленген, олар: өмір суру құқығы, бостаңдық және батылдылыққа ұмтылу.  Құжат деп, ең алдымен, заңдардан бастап әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді, сонымен бірге нормативтік емес құқықтық актілерді де түсінуіміз керек. [18-174б]

Терминология бүгінгі күні ең күрделі және проблемасы көп сала. Қазір жарыса шығып жатқан жаңа сөздер көп. Сөздіктердің өзі ала-құла. Кәсіби, салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әр түрлі жазылуы бәрімізді де жаңылдырады. Заң, медицина, техника, экономика, әлеуметтану, саясаттану, тағы басқа салалардың өзіне тән терминдері мен атау сөздерін бір ізге түсіру де әлі басталмаған жұмыс.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 579 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2816 - | 2384 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.