ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В021000 – «Шетел филологиясы» мамандығы
Қарағанды 2017
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Арағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
шетел филологиясы
және аударма ісі
кафедрасының меңгерушісі
___________Жанкина Б.Ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі құқық терминдерінің құрылымдық-семантикалық талдауы»
В021000 – «Шетел филологиясы» мамандығы
Орындаған: Т. Ж. Қарабек
Ғылыми жетекшісі,
Аға оқытушы А.С. Смаилова
Арағанды 2017
АНЫҚТАМАЛАР
Берілген дипломдық жұмыста келесі анықтамалар пайдаланылған:
Термин - латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні «шекаралық белгі», «шекара», «шек» ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдардың атауы болып табылатын сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған (Реформаский А.А.).
Коннотация – сөз тасымалдайтын ақпараттың екінші бөлігі, нақты түрде – қарым – қатынас жасаушыларымен және шарттарымен тығыз байланысты хабарлама (Арнольд И.В.).
Дискурс - тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады (Биекенов К.).
Трансформациялар - аударма кезінде қолданылатын трансформациялар дегеніміз екі тілдің формальді және семантикалық жүйесі сәйкес келмеген кезде аудармалық эквивалентке (сапалы аудармаға) қол жеткізу үшін жасалатын алуан түрлі, бірақ сапалы түрлендірулер (Бархударов Л.С.).
Концепт - тілдік тұлғаның танымдық деңгейлерінің басты бөлшегі, ғаламның тілдік моделін беруші ұжымдық сананың қозғалысын анықтаушы бірлік (Маслова В.А).
Парадигма - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны (Арын Е.).
Калькалау - өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Тілдің негізді бірліктеріне туынды сөздер, сөз тіркестері және жай сөйлемнің кейбір түрлері жатады (Нысанбаев Ә.).
Экспликация–бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын сипаттау (суреттеу) арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық – грамматикалық ауыстыруды айтамыз (Ткачева Л.Б.).
Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз-оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады (Жүсіпов А.Е.).
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
Берілген дипломдық жұмыста келесі қысқартулар пайдаланылған:
ҚР – Қазақстан Республикасы
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
ҚК – Қазақстан Кодексі
т.б. – тағы басқа
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Берілген дипломдық жұмыста келесі заңнамалық актілер мен стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы.
Фридман, Лауренс. «Введение в Американское право» Из: Прогресс,Универc,1993 С.782.
«ҚР Қылмыстық Кодексі» 1997 жылы 16 шілде (№167-I); 2007 жылғы 15 мамырдағы №253-III енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1959 жылы 22 шілдеде қабылданған «Қазақ КСР Қылмыстық кодексі».
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................6
1 Құқық терминологиясының қалыптасу мәселелері….................................10
1.1 Терминология және оның зерттелуі мен дамуы..........................................10
1.2 Құқық терминдерінің қалыптасу және даму жолдары…………………….22
2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі құқық терминологиясының
құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері………………………………...41
2.1 Қазақ тіліндегі заң мәтіндерін талдау........................................................41
2.2 Ағылшын тіліндегі заң мәтіндерін талдау...................................................49
2.3 Заң мәтіндерін аударудағы мәселелер...........................................................54
Қорытынды.............................................................................................................72
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................74
КІРІСПЕ
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, жаңа ұғымдар пайда болып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады.
«Термин» сөзі латын тіліндегі «terminus» (шекара, шек) сөзінен туындайды. Лигвистер осы түсінікке әр түрлі түсініктемелер береді.
А.А. Реформатский терминдерді «экспрессивтілігін жоғалтқан бір мағыналы сөздер ретінде» анықтайды. М.М. Глушко: «термин бұл – түсініктемелерді білдірі және заттарды белгілеуге арналған сөз, қатаң және нақты анықтамасының болуына байланысты нақты семантикалық шектері бар, сондықтан да тиісті жіктеу жүйесі шегінде бір мағыналы болып келеді» деп белгілеген. И.В. Арнольд мынадай түсініктеме береді: «Термин – білім, ғылым немесе мәдениеттің арнайы саласының түсінігін білдіретін сөз немесе сөзтіркесі». Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте терминнің келесі ерекшеліктері көрсетілген: жүйелілік; анықтаманың болуы (терминдердің басым бөлігі үшін); өзінің терминологиялық өрісі шегінде моносемантикалыққа үрдіс; экспрессияның жоқтығы; стилистикалық бейтараптылық. В.В. Алимов жүйелілікті «терминнің түсініктердің жүйелі орналасуын көрсететін қабілеттілік ретінде және білімнің белгілі бір саласының дамуы барысында туындайтын түсініктердің жаңа түрлерін өз атауларында бекітетін жаңа тіркесімдерге оңай кіреді» деп анықтаған. Әдетте терминге қойылатын негізгі талап бір мағыналылық (моносемантикалық) болып табылады. Терминдерде ғылыми немесе техникалық идеяны барынша нақты шоғырландырып және тиімді анықтай аламыз. Лексикалық бірліктердің басым бөлігіне қарағанда терминдер нақты анықталған түсініктерді, заттарды, құбылыстарды білдіреді; мінсіз ретінде бұл – бір мағыналы, синонимдері жоқ сөздер (және сөз тіркестері), кейде басқа тілден туындаған; олардың арасында мағынаы тарихи шектелгендері де бар. Жалпы терминологиялық жоспарда терминнің бір мағыналылығын талап ету екі жолмен жүзеге асырылады, себебі терминдердің екі категориясы бар: жалпы ғылыми және жалпы техникалық терминдер; арнайы (номенклатуралық) терминдер.
Арнайы терминдердің ішінде халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін, филология ғылымы тарапынан аз зерттелген терминология саласының бірі – құқық терминдері.
Құқық саласы қазіргі заман өркениетінің маңызды құрамдас бөлігі, ал құқықтық концепттік сала – дін, ғылым, идеология, фольклор, өнер, философия, мифологиямен қатар қоғам санасының фундоменталды формасы болып табылады. Семиотикалық пайымдаулар бойынша күрделі белгілік жүйе болып табылатын (әсіресе вербалды) мәдениеттің айнымас бөлігі ретінде құқықтық концепттік саланың әлеуметтік мәдени мағынасына зор және тек заң дискурсында емес, сонымен қатар әртүрлі салаларда кең қолданысқа ие.
Құқық тілін оның құрылымдық, мағыналық, фукционалдық аспектілері тұрғысынан зерттеу термин ғылымы, лингвистикалық когнитивистика, лингвомәдениеттану, дискурс теориясы, заң лингвистикасы және тағы да басқа ғылыми пәндер аясында жүргізіледі.
Дегенмен, жоғарыда айтылған тақырыпқа байланысты бірқатар негізгі мәселелер әлі күнге дейін толық шешілген жоқ.
Құқық тілінің ұлттық тіл функционалды жүйесіндегі орны айқындалмаған; ағылшын тілінің заң терминдері жүйесінің құрылымдық – семантикалық ерекшелігі толығымен зарттелмеген, сонымен қатар құқықтық терминология парадигмасы мен әртүрлі терминологиялық емес тәсілдердің байланысы да айқындалмаған.
Заң аудармалары тіл мен айтылудың стиліне арнайы талаптар қойылады, дұрыс таңдалған стиль-мазмұн және ой құрылымдарының шындығымен белгіленеді. Осыған байланысты заң құжаттарын сапалы және шынайы аудару үшін тек заң білімі ғана қажет емес, сондай-ақ арнайы заң тілін де иелену керек. Ал заң тілін толық меңгеру үшін ағылшын және қазақ тілінде заң терминдерін жетік білу қажет.
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, жаңа ұғымдар пайда болып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі – құқық терминдері.
Ғылым мен мәдениттің шарықтай өскен заманында басқа терминдер сияқты заң терминдерінің құрамында да көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы терминдер құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, оның есесіне жаңа ұғымды білдіретін соны атаулар пайда болды. Мысалы, болыс, би, қазы, ұлық т.б осы сияқты көне атаулар архаизмге: прокурор, қорғаушы, тергеуші т.б. сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекетті қорғаушы субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.
Заң терминдерінің негізін халықтың әдет-ғұрыптарынан, заңдарынан, жол-жолдарынан, қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдарынан, заң кодекстерінен, қылмыстық істер кодекстерінен кездестіруге болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Елбасымыз өз жолдауында атап айтқандай, Қазақстан халықтарының рухани дамуын өркендету мақсатында көп ұлтты еліміздегі халықтар ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, ұлт мəдениетін дамыту шараларын жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар президентіміз халықаралық конфессиональдық диалог пен халықаралық мəдениеттің маңызды орталығына айналу үшін Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Осындай ұлы мақсаттарға қол жеткізу барысында Қазақстанға əлем əдебиетімен мəдени байланысын нығайта түсу үшін аса қажет аударма саласы, оның ішінде аударма саласындағы заң терминдерін аудару аясы өзекті мəселелерінің бірі болып табылады.
Заң терминологиясы тақырыбында жазылған санаулы ғана жұмыстардың баршылығына қарамастан, «заң термині» деген ұғымның толық мән-мағынасы жоқшылық, заң мәтіндерінде құқық терминдеріне деген талаптардың біржүйелілігі анықталмаған. Заң терминдік жүйесі аясында қазіргі уақытқа дейін жүргізілген зерттеулердің көбі спектрлі қасиетке ие, ал азаматтық-терминологиялық саласына толығымен мән берілмеген. Қазіргі заман лингвистикасында термин мен мағынасы арасындағы сәйкесітілігі, тілдегі қателіктер, заң мәтіндеріндегі құқық терминдерінің дұрыс баламасы секілді өзекті мәселелер баршылық.
Осы зерттемелі лакуналар ағылшын тілінің әсері нәтижесінде заң терминдерінің Қазақстан Руспубликасының азаматтық заңнамасында қалыптасуын, функционалды қызметін толығымен зерттеуге қажеттілігін туғызады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң терминдерінің ерекшеліктерін көрсетіп, заң мәтіндерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктерін қарастыру;
- ағылшын тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктерін қарастыру;
- заң мәтеғн,індерінің жалпы аудармадағы теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;
- заң мәтіндерін аударудағы әдістемелерді меңгеру;
- заң мәтіндерін аударудағы баламалық мәселелерді талқылау.
Зерттеу нысаны. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң терминдерінің мағынасы мен ерекшеліктері, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары ескеріледі. Зерттеуде тілдік құбылыстардағы заң терминдерінің жүйелілігі, дәйектілігі негізінде алынды.
Зерттеу жұмысының материалы ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң ұғымындағы терминдік бірліктер алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, Заң терминдерінің ағылшынша-қазақша сөздігі (Окушева Г. Т, 2004), Заң терминдерiнiң қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздiгi (1995), Тіл білімі сөздігі (1998), Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі (М.Ізімұлы, 2000), Толковый переводоведческий словарь (Л.Л.Нелюбин, 2003), сонымен қатар А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, В.И.Сифоров, Р.А.Будагов, О.С.Ахманова, Б.О.Орузбаева, М.Ш.Гасымов, Т.Бертагаев, Л.Б.Ткачева, Л, Фридман, A. С. Хорнби қатарлы авторлардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер мен тәсілдер басшылыққа алынды:
– негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері;
– заң терминдерінің лексика-семантикалық және уәжділік ерекшеліктерін баяндауда лингвистикалық сипаттама тәсілі және компоненттік талдау.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминологиялық жүйе осы зерттеуде зерделеніп, қазақ тіл біліміндегі терминология теориясына өзіндік деңгейде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар заң терминологиясы нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға, дәйектеуге және әрі қарай дамытуға өз септігін тигізеді.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы. Сонымен жұмыс нəтижелерінің аударма саласында маңызы бар халықаралық құжаттарды, келісім-шарттарды ағылшын тілінен қазақша аудару бағытындағы атқарылатын жұмыстарға заң терминдерініңі рөлі мен қызметінен мəлімет беру арқылы көмегін тигізе алады.
Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында аударма теориясы салаласынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс оқуда пайдалануға болады. Сонымен, өз шешімін күтіп тұрған басқа да ұқсас құбылыстардың аражігін ашуда септігін тигізіп, заң терминология салаларына қатысты болашақ зерттеулерге жол ашады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, заң терминдерінің ағылшынша - қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел ғалымдарының еңбектері қарастырылды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Құқық терминологиясының қалыптасу мәселелері
1.1 Терминология және оның зерттелуі мен дамуы
«Термин» - латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні «шекаралық белгі», «шекара», «шек» ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдардың атауы болып табылатын сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған [1, 96].
Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол-термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі бағытқа тоқталады: яғни – терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар, екіншісі – терминді ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатскийдің байқауынша, терминді ұғыммен байланысты қарайтындардың бағытының кең етек алып, дамып келе жатқандығын, яғни оның ғылымда анығырақ байқалатындығын көруге болады. Осы кезге дейінгі термин мен терминологияға берілген анықтамалардың кемшілігін атап көрсетеді.
А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады:
«термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылу керек те, ол термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат» - дейді. А.А.Реформатский терминнің екі жүйе ретінде қарастырады:
· терминологиялық жүйенің элементі ретінде;
· жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде [2, 54].
Ғылыми терминдерді тексергенде олардың қай сөз таптаптарынан жасалатынын білу де аса қажетті мәселелердің біріне саналады.
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деген пікір айтады. Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе, қимыл атауларына назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары болып келеді деген қорытынды жасайды [3, 13].
Н.А.Щегловтың еңбектерінен де осындай пікірлерді кездестіруге болады [4, 89].
Әзірбайжанның көрнекті тілшісі А.А.Оруджев: «дербес мағынасы бар кезкелген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол сын есім болсын, тіпті етістік пен үстеу де термин бола алады» - дейді [5, 12].
В.Н.Прохорова «Актуальные проблемы современной русской лексикологии» деген еңбегінде терминге мынадай анықтама берген: «Термин – бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып табылатын және дифинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі» [3, 10].
Термин жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Атап айтқанда, энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады:
«Термин – рим мифологиясында шекара құдайы. Т. – терминалдар құрметіне арналған мейрам» дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин – шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл – 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық «Советский энциклопедческий словарьда» берілген анықтама [6, 12].
О.С.Османова «Словарь лингвистических терминов» деген еңбегінде: «Термин (ағыл.) дегеніміз – арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды да белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген және т.б.). Тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» - деген пікірді айтады.
Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағынаны береді, - дейді. Бұл, әрине, термин сөздердің табиғатын анықтайтын басты белгісі деп есептеуге болады.
Сайып келгенде, бірсыпыра тілші ғалымдар әртүрлі болжам жасағанмен негізінен бір тұжырымға келеді.
Термин – ерекше лексикалық құбылыс. Оны қолданушы топ сапалы түрде тәртіптеп, ретке келтіріп отырады. Сондықтан бір сөзді белгілі бір ғылым өкілдері термин ретінде қабылдап, қолдана бастаса, ал сол сөздің мағынасы кәсіпке қарай ыңғайланады, сонымен шектеледі. Бұл сөзді қабылдаған ғылым ерекшелігіне қарай онымен тіркесетін сөздер де ерекшеленеді.
Қазақ тіл білімі тарихында теңдесі жоқ үлгі қалдырған ғажап лингвист, тамаша ақын, көсемсөздің көрнекті өкілі, керемет мысалшы А.Байтұрсынұлының лингвистикалық термин жасауда «Тіл құралы» еңбегінің зор маңызы бар.Байтұрсынұлы заманынан бері әлеуметтік және қоғамдық өмірде санаулы өзгерістер болып жатса да, жасаған терминдердің бұлайша тұрақтылық танытуы таңқаларлық жай. А.Байтұрсынұлының еңбектерінде терминжасамның лексика-морфологиялық және морфологиялық-синтаксистік тәсілдері басымырақ. Әсіресе, терминжасамның лексика-морфологиялық тәсілі жеке сөздерді мәністік-морфемдік жағынан түрлендіруді қамтыса, ал морфологиялық-синтаксистік тәсіл сөздерді біріктіру жағына бейім. А.Байтұрсынұлы бұл екі тәсілді де қазақ тілінің ерекшелігіне қарай шебер қолдана білген.
Қазақ тілі терминологиялық жүйесін қалыптастыру, салалық терминдерді ретке келтіру мәселесімен қазақ тіл мамандары да көптен бері шұғылданып келеді. Ұлт терминдеріде терминдер жүйесінің қалыптасуына үкімет тарапынан бірсыпыра қамқорлық жасағаны белгілі.
Қазақ тіл білімінде, терминдерді қалыптастыру, оларды қазақ тілі заңдылықтарына икемдеу, жүйелеу жөніндегі пікірлер баспа беттерінінен көрініс тапты. Мысалы, А.Байтұрсынұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, Х.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов, Қ.Кемеңгеров сияқты зиялы ғалымдар термин қалыптастыруда үлкен еңбек етті.