Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Сабақта бүтін және оның бөлігі негізінде азайт қышы белгісіз теңдеуді шешу алгоритмі құрылады. Азайтқыш — бұл азайту амалының компоненті, сондықтан оны табу үшін азайғыштан айырманың мәнін шегеру қажет. Егер сынып дайын болса, онда осы бастапқы кезеңде теңдеу шешімін қалай тексеру керегін талқылауға болады: белгісіздің алынған мәнін орнына қойып, алынған тепе-теңдіктің дұрыстығын тексереді. Бірақ мұндай жұмыс міндетті болып табылмайды.— Бүгінгі сабақта шығарған теңдеудің алдыңғы сабақта шығарған теңдеуден қандай айырмашылығы бар? Онда не белгілі? (Азайтқыш белгісіз.) — Нені табу керек: бөлікті ме, бүтінді ме? (Бөлікті.) — Бөлікті қалай табады? (Ережені айтып беруді сұраңыз.) Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айыр маны шегеру қажеттігін айтып, қорытындылаңыз. Оқушылардың назарын теңдеуді шешу кезіндегі іс-әрекеттер ретіне аударыңыз: Теңдеуден бөлік пен бүтінді табу. Белгісіздің не екенін анықтау. “Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз” деген ережені қол дану. Амалды орындау. Жауабын айту және жазу. Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалармен сабақ тақырыбын бекіту.
Сандық сәуленің көмегімен теңдеулерді шеш. Жұмысты жалпы сыныппен орындатыңыз. Тең деу шешуді тақтада орындауға болады. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, теңдеуді қалай шешіп жат
қанын дауыстап түсіндіреді. Мысалы, 9 – а = 4. Теңдеуді оқимын… Бұл теңдеуде белгісіз — азайтқыш (а), белгілі — азайғыш (9) және айырманың мәні (4). Сандық сәуледе 4 және 9-ға сәйкес келетін нүктелерді белгілеймін. 9-дан а-ны аламыз, яғни 9 санынан 4 санына қарай жылжимыз және сандық сәуле бойынша қадамдарды санаймыз. Сандық сәуле бойынша 9 санынан 4 санына дейін 5 қадам. Жауабы: х тең 5-ке. Қалған үш теңдеудің шешімін де осыған ұқсас орындаңдар. Жауабы: a = 5; b = 3; c = 8; d = 1.
| Бөшкеде қанша су қалды? Оқушыларға қара пайым есепті шешу ұсынылады. Оқушылар есепті шешу кезінде 40 – х = 10 теңдігін құрады. Оқушылар қанша су жұмсалғанын табу үшін 40 санынан 10-ды шегереді немесе 10 санын 40-қа дейін толық тырады. Бірінші жағдайда оқушылар азайту амалын орындайды, яғни белгісіз азайтқышты табу ережесін қолданады. Егер оқушылар шешімнің екінші жолын таңдаса, онда алдыңғы сабақта алған дағдысын қолданады. Жауабы: 30 литр су. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы оқып, талдайды және белгісіз азайтқышты белгілеп, 7 – х =5 түріндегі теңдеу құрастырып, шешу жолы туралы жалпы қоры тындыға келуі керек. Оларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз: бір оқушы теңдеуді шешеді және өзінің шешімін түсіндіреді. Ал екінші оқушы өзінің жолдасын тыңдайды да, содан соң өз амалын түсіндіре отырып тексеруді орындайды. Жауабы: 2 кәмпит.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау үшін ресурста көр сетілген “сандық калейдоскоп” қажет. Дөңгелектің ортасына қағазқыстырғыш пен қарындашты оқулықта көрсетілгендей етіп қоямыз. Қарындаш остьтің рөлін, ал қағазқыстырғыш остьтің айналасында қозғалатын бағдардың функциясын атқарады. Оқушылар қағаз қыстырғышты кез келген бағытта айналдырады. Қағаз қыстырғыш дөңгелектегі бір санның тұсына тоқтаған кезде сол сан теңдеудегі азайғыштың рөлін атқарады. Осылайша, оқушылар мүмкін болатын 8 теңдеудің 3-еуін құрастыруы тиіс. 7 – х = 3 15 – х = 3 20 – х = 3 10 – х = 3 9 – х = 3 8 – х = 3 13 – х = 3 14 – х = 3 Жауабы: мүмкін болатын 8 теңдеудің үш нұсқасын алуға болатын сандар: 4, 5, 6, 7, 12, 17, 10, 11. Есте сақта! Оқушылармен бірге азайтқыш амалының компоненттері атауын және белгісіз азайтқышты табу ережесін қайталаңыз. Айдарды оқытыңыз және оны есте сақтау қажеттігін ескертіңіз. | |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Сабақта жаңа тірек сөздер жоқ, сондықтан “Сөздер тақтасына” көңіл бөліп, өткен сабақтағы тірек сөздерді дұрыс айтып, қайталайды және сабақ бойы түсініктемені дұрыс тұжырымдауын қолдап отырады. Бұл жұмыс оқушылардың математиканы терең түсінуі мен сауатты сөйлеуін қалыптастырады. | Теңдеуді шеш. Оқушылардың белгісіз азайт қышты табу кезінде алған дағдысын бекіту қажет. Олар төрт теңдеуді шешіп, ағаштың тамырына жазыл ған жауаптары мен теңдеулерді қосу қажет. Осы тапсырма белгісіз азайтқышты табу сабағында алған дағдыны қолдануға берілген. Сандық сәуленің көмегімен теңдеуді шеш. Оқушылармен жеке жұмыс жасау кезінде белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу дағдыларын бекіту мүмкіндігі туады. Оқушылар есептеу үшін сандық сәулені қолданады, өйткені ауызша есептеудің оннан үлкен сандарды азайту тәсілін білмегендіктен, қолдана алмайды. Жауабы: 15, 6, 8, 13,10. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында: белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шеше білуді; жаңа типті теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсіндіруді үйренеді. Оқушының сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін мына сұрақтарды қойыңыз: — белгісіз азайтқышпен теңдеу құр. — Белгісіз азайтқыш болып табылатын не? (Бөлік.) — Осындай теңдеулерде белгісізді қалай табуға болады? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Теңдеуді шешу | Мектеп: | |||||||
Күні: |
| Мұғалімнің есімі: | |||||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Оқу мақсаты: | таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді; қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады. | ||||||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | |||||||||
Ресурстар: | Әр оқушыға арналған: ламинатталған қағаз парағы; маркер; белгісіз азайғышы бар теңдеулер жазылған парақ шалар; сан кестесі; 0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле. Әр топқа арналған: лото ойын алаңының жиынтығы (4 теңдеу жазылған 2 ойын алаңы, теңдеулердің жауабы көрсетілген 8 парақша); А3 парағы. | ||||||||
Тірек сөздер | Теңдеуді шешу | ||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың кез келген теңдеуді шешуге қажетті тәсілді таңдай білу дағдысын бекіту. | ||||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 329 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно |