Лекции.Орг


Поиск:




Сабаққа байланысты деректі материалдар




Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Сабақ есепті талдау мен шешуге бағытталған. Бұл сабақта оқушылардың есептің құрамдас бөліктерін,­ яғни шарты, сұрағы, шешуі және жауабы түсінігін­ бекі­теді. Есепті шешу тәсілдері сызбалар­ негізін­ де құрылады. Оқушылар бүтінді табу үшін қажет бөліктерді тауып, оларды қосады.

 

 

Оқушыларға өз есептеріне сәйкес келетін сызба­ ны таңдауды тапсырыңыз. Ол үшін сызбаны рәсімдеу­ нұсқаларын үстелге жайып қойыңыз. Әр жұптағы оқушының қолындағы сан әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан­ сызбаларда дәл сандар болмауы керек­. Оларды оқушылар сызбамен жұмыс барысында тізімге кіргізеді. Әр жұп үстеліге келіп, есепке қажет сызбаны­ таңдай алады.

 

Оқушылардың өз есебіне сызбаны қалай таң­ дайтынын бақылаңыз. Бақылау нәтижесін бағалау кезінде пайдаланыңыз.

 

Оқушылардың сандық мәндерді сызбада қалай жазатынына назар аударыңыз.

 

Олардан есепке қандай сұрақ қойғанын, оны сызбада белгілеуін сұраңыз.

 

Әрі қарай оқушылар есепті шығарады. Есеп шығару дағдысын игерген жұптарға тапсыр­маны­ өз бетінше орындау мүмкіндігін беріңіз. Қиналып­ отырған оқушыларға сұрақтар қойыңыз:

 

— Бірінші топтағы фотосурет саны нені білдіреді? (Бөлік.)

 

— Екінші топтағы фотосурет саны нені білдіреді? (Бөлік.)

 

— Есепте нені білу керек? (Барлық фотосурет санын.)

 

— Ізделіп отырған шама нені білдіреді? (Бүтінді.)

 

— Белгісіз бүтінді қалай табуға болады? (Бөлік­ терді қосу керек.)

 

— Қосу кезінде қандай таңбаны қолданамыз? (Қосу таңбасын.)

 

— Санды өрнекті жазып, оның мәнін табыңдар.

 

— Есепке жауап жазыңдар.

 

 

Жұмыстың мақсаты: барлық есептер фотосу­реттің жалпы санын табуға­ арналғандықтан, мағынасы бірдей есептер алу.

Нәтижесі:

оқушылар құрастырған есептердің сызбасы бірдей. Олар тек сандық мәндерімен ғана ерекше­ ленеді;

 

есепті шығару үшін арифметикалық амалдың бір ғана таңбасы таңдалды. Барлық есептер қосуға арналды.

 

Қорытынды: есептер әртүрлі, өйткені әртүрлісандық мәндер қолданылды.

Есепті тап. Оқушыларға тапсырманы өз бетіншеорындауды тапсырыңыз. Алдымен олар екі мәтінді оқып, қай мәтіннің есеп болып табылатынын анықтауы керек. Оқушылар есептің құрамдас бөліктерінің тізімі бар жадынаманы қолдана алады және сабақта меңгерген білімдеріне сүйенеді. Бұл тапсырма оқушылардың есеп және есеп мәтінінің қандай құрамдас бөліктерден тұратыны жөнінде жалпы түсініктерін тағы да бекіте түседі.

Жауабы:

 

дұрыс жауап “Ә”, өйткені бұл мәтін шарт пен сұрақтан тұрады.

 

Шығарып көр. Оқушыларға топта жұмыс жасап, берілген есепке қажетті сызбаны таңдауды тап­сы­ рыңыз. Олар құрастырған есепті ұсынылған сызбамен салыстыра алады. Әрі қарай есептің шешуін және жауабын жазады. Топтар арасында орындалған жұмысты талқылатыңыз. Оқушылар бір-бірінің жұмысын өзара бағалайды. Егер талқылау кезінде топтар арасында келіспеушілік туындаса, ұсынылған жауаптардың дұрыс нұсқасын таңдауға көмектесіңіз.

 

Жауабы:

 

ә) 10 + 8 = 18 (б.) Жауабы:

 

18 бүршік.

 

Орындап көр. Оқушылар есепті оқиды және шығарады, олар есеп сұрағына жауап іздейді. Оқу диалогін ұйымдастырыңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз. Өз көзқарасын міндетті­ түрде негіздеуді сұраңыз. Оқушылар Әлияда бір жаңғақ қалуы мүмкін деп жорамалдай алады, бірақ есептің сұрағына нақты жауап бере алмайды.

 

Оқушылар дұрыс жауап беру үшін есептің шар­ тына сүйене отырып сұрақты ауыстыруды ұсыныңыз.

 

Жауабы:

Әлия астауға қанша жаңғақ салды? 7 + 10 = 17 (жаң.)

 

Жауабы: 17 жаңғақ.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Сабақ барысында оқушылар есептің құрам­ дас бөліктерін білдіретін атауларды өз сөзінде қолданатын­ болады. Сонымен бірге оқушылар­ есеп мәтінін құрастырып, оны оқу диалогі кезінде бір- бірімен талқылайды. Оқушылар өз тұжыры­­ мын­ жазып қояды. Оқушылар мәтінді оқу кезінде берілген мәтіннің есеп немесе есеп емес екенін анықтай алады.

Қысқа жинаған қор. Оқушылар есептің шар­ тымен танысып, оны талдайды, сызбасын жасайды­. Жұмыс парағының арнайы бөлінген жеріне есептің шешуі мен жауабын жазып қояды.

Жауабы:

12 + 7 = 19 (саң.) Жауабы:

19 саңырауқұлақ.

Орман шетінде. Оқушылар қосуға арналған есептерді­ шешу дағдысын бекітеді. Олар есептің шарты­мен­ танысып, оны талдайды, сызбасын жасайды­. Жұмыс парағының арнайы бөлінген жеріне есептің­ шешуі мен жауабын жазып қояды.

Жауабы:

11 + 5 = 17 (қ.) Жауабы:17 қоян.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

қосуға арналған есептерді талдауды және шы­ ғаруды меңгереді;

есепті шығаруға арналған сызбаны таңдай алады­.

Берілген тақырып бойынша оқушылардың мең­ герген білімін тексеру үшін мына есепті оқыңыз да,

сұрақтар қойыңыз.

Есеп. Қыс бойы оқушылар ірі құстар үшін 12 жемсалғыш және сарышымшық үшін 6 жемсалғыш дайындады. Балалар барлығы неше жемсалғыш жаса­ ды?

— Есептің шартын ата.

— Есептің жауабын ата.

— 12 және 6 сандарын және қосу амалдарын пайдаланып есептің шартын айт.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

             


 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 430 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1485 - | 1282 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.