Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Сабақта оқушылар мынадай тұжырымға келеді: қосуға берілген екі әріпті өрнекті мәндері бойынша салыстырғанда қайсысының сан компоненті артық (кем) болса, сол өрнек артық (кем) болады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында тапсыр­ маны топпен орындатыңыз. Әр оқушыға әріптері бірдей әріпті өрнектері бар парақшалар таратыңыз­.

Мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а және т. с. с. Барлық өрнектердің қосуға берілуі міндетті­ шарт болып табылады. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

— бұл өрнектердің бәріне не ортақ? (Олар қосуға берілген; барлығында бір әріпті қосылғыш қолданылған.)

Барлық өрнектердегі әріптің бірдей екеніне оқу­ шылардың­ назарын аударыңыз. Егер бір өрнектегі әріптің мәні 2-ге тең болса, онда қалған басқа өрнектерде де ол сондай 2 деген мәнді қабылдайды. Егер бір өрнекте әріп басқа санды көрсететін болса, онда басқа өрнектерде де сол санды көрсетеді. Сұраңыз:

— Өрнектердің айырмашылығы неде? (Сан компоненттерінде.)

Әріптердің сан мәндерін білмесек те, олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді бір-бірі­ мен салыстыруға болатынын хабарлаңыз. Мұны қалай істеуге болатынын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдап, мынадай тұжырымға әкеліңіз. Қосуға берілген әріптері бірдей екі өрнектің қайсысының сан

компоненті (қосылғыш санмен берілсе) артық болса, сол өрнек артық болады.

 

Тапсырманы топта орындатып, нәтижелерін барлық сыныпқа айтқызыңыз:

 

— ең үлкен мәні бар өрнекті тап (әріптері бірдей болғандықтан­ оқушылар өрнектердегі сандарды салыстырып, үлкен саны бар өрнекті атайды);

 

— ең кіші мәні бар өрнекті тап;

— екі өрнекті “<” немесе “>” таңбаларының көме­­­ гімен салыстыр;

 

— өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастыр (оқушылар өрнектері бар парақшаларды қолдары­ на ұстап, бір қатарға тұрады);

 

— біркелкі өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқы;

— теңсіздік алатындай жағдай ойластыр. Мыса­ лы, “b +8 <12 + b”. Мұны былай дәлелдеуге болады: “кәмпит қапшығына тағы да 8 кәмпит салғанда­ 12 кәмпит салынған дәл сондай қапшықтан кем болады”­.

Салыстыр. Берілген тапсырма алдыңғы иллюс­ трацияның негізінде орындалады. Оқушылар­ ға 1 кәмпитті­ бір топтан екіншісіне ауыстырып салып жатқан­ сияқты елестетуді ұсыныңыз. Бұл жағдайда­ қандай­ әріпті өрнектер құрастыруға болатынын сұраңыз­. Осы өрнектерді жазып, оларды салыстыруды ұсыны­ңыз­. Мәтінде кәмпитті солдан оңға қарай немесе керісінше салу керектігі көрсетілген жоқ. Сондықтан­ салыстырудың екі нұсқасы болуы мүмкін: х + 6 < х + 9; х + 8 > х + 7. Берілген тапсырма­ да оқушылар өз ойын түсіндіреді және жауаптарын негіздейді,­ осылайша олардың сөйлеу дағдысы дамиды.

Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр. Сыныппен жалпы орындалатын жұмыс

ұйымдастырыңыз­. Оқушыларға суреттер бойынша әріпті­ өрнектер құрып, оларды салыстырып және шыққан теңсіздіктерді ламинатталған қағаз парақ­ тарына жазуды ұсыныңыз. Бірінші теңсіздік екі қа­ рындаштың ұзындығын салыстырудан шығады­. “ Қарын­ даштардың ұзындығы белгілі ме?” — деп сұраңыз. Қарындаштардың ұзындығы бойынша өрнектер құрып, олардың ұзындығын салыстыра алатынымызды хабарлаңыз. Мысалы, бірінші қарын­даштың­ ұзындығы­ х + 4-ке тең, ал екіншісі: х + 5. Салыстырып­ жазғанда x + 4 < x + 5 теңсіздігі шығады, бұл бірін­ші қарындаш-тың ұзындығы екінші қарындаш­қа­ қарағанда­ қысқа екенін көрсетеді. Осындай жұмысты масса және көлемге байланысты жүргізіңіз.

Жауабы:

а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқығанда және жазғанда әріпті өр­нектерді­ дұрыс атаңыз. Әріпті өрнектерді әртүрлі­ тәсілмен дұрыс оқу дағды­ларына­ жаттықтырыңыз: арифметикалық амалды және оның белгісін компоненттерін атау.

Осымша тапсырмалар

Шелекке қанша литр су сыюы мүмкін? Дәп­ тердегі­ иллюстрацияда бірдей аквариумдарға су құйылғаны­ көрсетілген: бірінші аквариум­ дағы су екіншідегіден­ артық. Оқушылар қажет­ ті есептеу­лер­ жасай отырып, 3-тен артық сан­ дар жазылған парақшаларды анықтайды және 4 л, 5 л, 6 л, 7 л сандарын шелектердің суреттерімен­ қосып сызады.

Жауабы:4 л, 5 л, 6 л, 7 л.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:8 + х > x + 9 түріндегі әріпті өрнектерді салыстыруды меңгереді;

қосу кезінде орындалатын ережелер азайтуда орындалмайтынын түсінеді.

Сабақты пысықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— қайсысы ауыр: бір қап картоп па, әлде үш картоп па немесе бір қап картоп па, әлде бес картоп па?

— Бір шелекке бір құмыра су және бес тостаған су құйылды, ал екіншісіне бір құмыра су мен жеті тостаған су құйылды. Қай шелектегі су артық?

— Бір таспаның ұзындығы­ қарындаштың ұзын­ дығынан 10 см-ге артық, ал екіншісі қарындаштың ұзындығынан­ 11 см-ге артық. Қай таспа ұзын?

— а + 7 немесе а + 17 әріпті өрнектерінің қайсысы артық? Неге?

— Азайтуға берілген әріпті өрнектерде бұл заңдылық сақтала ма? Неге?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз.

           


 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

Сабақ тақырыбы:

Теңдеу

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

       таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;

 

       қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

 

       есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

       қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:торкөзді дәптер;ламинатталған қағаз парақтары;маркер; Әр топқа арналған:“теңдеу” сөзі жазылған парақшалар;табақты таразы;1 кг және 3 кг-дық кіртастары;

2 кг-дық зат;екі ойын текшесі.

Тірек сөздер

теңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Теңдеу ұғымымен таныстыру және бөліктер мен бүтін арасындағы өзара байланыс негізінде х-тің мә­ нін табуды үйрету.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 392 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2367 - | 2317 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.