Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| ||||||||||||||
Бүгінгі сабақта бүтін шама мен оның бөліктері арасындағы байланысты негізге алып, азайтқышы бел гісіз болып келген теңдеуді шешудің алгоритмі жаса лынады. Азайтқыш — бүтін шаманың бөлігі, сондықтан оны табу үшін белгілі бүтіннен бөлікті шегеру қажет. Егер сыныптың дайындығы жеткілікті болса, теңдеу шешімін тексеруді осы бастапқы кезеңде талқылауға болады. Белгісіздің алынған мәнін орнына қойып, тепе-теңдіктің дұрыстығын тексереді. Мұндай жұмыс ты орындау міндетті болып табылмайды. Кіріспе тапсырма. Сабақты топтық ойын өткізуден бастаңыз. Сыныпты үш оқушыдан топқа бөліңіз. Төменде көрсетілген кесте сызылған парақшаларды әр топқа таратып беріңіз.
Бірінші оқушы кестенің бірінші бағанына геомет риялық фигуралар тобының суретін салуы керек (немесе қиылған үлгілерден құрауы) және оны екінші топ мүшесіне береді. Екінші оқушы кестенің үшін ші бағанына осы топтағы бірнеше фигураны қайта салады да, топтың үшінші мүшесіне береді. Үшінші оқушы белгісіз бөлікті, яғни талап етілетін қалдық ты алу мақсатымен, оның ойындағы, бірінші топтан жойылған бөлік болып табылатын фигуралардықайта салады. Топтағы балалардың рөлдерін ауыс тырыңыз. Әр оқушы барлық рөлде болып шығуы керек. Ойын аяқталғаннан кейін қорытынды шыға рыңыз. Оқушылардан белгісіз бөлікті қалай есептеп шығарғанын сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз. Оқушыларды теңдеудегі белгісізді табу үшін оның бүтін әлде бөлік екенін анықтап алу керектігіне әкелу керек. Егер белгісіз компонент бөлік болса, берілген бүтіннен белгілі бөлікті азайту арқылы табу ережесін қолданыңыз. Ұғымды бекіту үшін оқулықтағы суретті мысалға алып белгісіз бөлікті табу ережесін түсіндіріңіз. (Қанша бұршақ болған? Бірнеше бұр шақты алған соң қаншасы қалды? Қанша алғанын санатыңыз.) Оқушылардың сандар кестесі мен сандық сәуле бойынша қосу мен азайту нәтижелерін есептей білу дағдысын жетілдіріңіз. Оқушылар “сөреден” “қажет” санға дейінгі қадамдарын санайтын болады.
Шоколад. Оқушыларға қарапайым есепті шығару ұсынылады. Тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Оқушылар екі иллюстрацияны сөзбен ауыстырып, есептің мәтінін оқып шығуы керек. Тапсырманы оқып және ойласа келе, тұтас шоколад тақтасы мен шоколадтың қалған бөлігінің санын торкөздерді санау арқылы есептеу керек деп қорытынды жасайды. Белгісіз бөлік азайтқышты есептеп, Сәуле шоколадтың жартысы, яғни 9 бөлікті жегенін табады. Жауабы: 9 бөлік (немесе жартысы). | Қанша фигураны алып тастады? х-тің мәні неге тең? Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан тапсырманы өз бетінше оқып және оны орындауын сұраңыз. Өткен сабақта олар осындай тапсырманы орындаған, сондықтан белгісіз бөлікті табу тәсілі туралы білуі керек. Олар енді белгісіз қосылғыштың мәнін табады. Егер фигураның бастапқы саны мен қанша қалғаны белгілі болса, енді қанша фигураны алып тастағанын санай отырып таба алады. Жауабы: 9 тіктөртбұрыш; 70 санақ таяқшасы. Шығарып көр. Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Шешімді нақты түсіну үшін текшелер ден оқулықтағы иллюстрацияларға сәйкес фигура құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылар бірінші фигураны құрастырып, одан екінші бір фигура шығатындай бірнеше текшелерді алып тастауы керек. Жойылған бөліктегі текшелер саны белгісіз х-тің мәніне тең болады. Жауабы: а) 3; ә) 8. Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұпта орындатыңыз. Оларға моншақ салынған қораптарды таратыңыз. Моншақ саны 20-ның көлемінде болу керек. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ салынған қорапты ұсынады. Екінші ойыншы қораптағы моншақты санап, оның санын есіне сақтауға тырысады. Содан кейін бірінші ойыншы қорап тан бірнеше моншақты алады — бұл белгісіз бөлік, яғни бірінші ойыншының екіншіге жасырған бөлігі. Осыдан кейін екінші ойыншы моншақты қайтадан санайды да, “Қанша моншақты бірінші ойыншы жасырып қалды?” деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табу тәсілін бекітеді.
| ||||||||||||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | ||||||||||||||
Оқушылардың белгісіз азайтқышы бар теңдеу шешімінің алгоритмін, өз ойын, есепті шешу жолда рын дұрыс түсіндіргенін бақылап отырғаны жөн. Осы жұмыс өз әрекетін терең түсіну мен математикалық тілде сауатты сөйлеуді қалыптастырады. Бұл сабақта жаңа тірек сөздер жоқ. | х әрпін қолданып теңдеу құрастыр. х-тің мәні неге тең? Тап. Тапсырма азайтумен берілген теңдіктегі белгісіз бөлікті табу дағдысын бекітеді. Оқушылар жұмыс парағында иллюстрация бойынша белгісіз азайтқыш теңдеу құруға тиіс. Шешу кезінде оқушы лар бұрын үйренген кез келген әдісті қолдануына болады: — бүтіннен қалдықты шегеру және азайтудың нәтижесі бойынша азайтқыштың мәнін білу; — қалдықты бүтінге дейін толықтыру және толықтырған заттың саны бойынша белгісіз бөліктің мәнін білу; — екі топта заттар жұбын құрастыру және сан дардың айырмасы бойынша х-тің мәнін табу. Барлық шешу жолы қабылданады. Егер тапсырма екінші, үшінші тәсілмен және оны сыныпта орындаған жағдайда азайтумен тексеруді сұраңыз. Жауабы: а) 4 кәмпит; ә) 4 таңқурай жемісі; б) 5 жаңғақ; в) 9 текше; г) 5 үшбұрыш; ғ) 8 жұлдыз. | ||||||||||||||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында: белгісіз азайтқышпен берілген теңдеуді шешуді; а және b сандарының мәнін түсініп, а – х = b түріндегі теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсін діруді үйренеді. Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін мына сұрақтарды қойыңыз: — бүгінгі теңдеудегі қай компонент белгісіз бол ды? — Азайтқыш — бұл бүтін бе, әлде бөлік пе? — Белгісізді қалай таптық? — Мәтінге теңдеу құрыңдар: “Жанатта 17 ойын шық болды. Достарына бірнеше ойыншық сыйлады. Сонда онда 9 ойыншық қалды”. — Теңдеудегі белгісіздің мәнін білу үшін қандай сұрақ қою керек? — Белгісіз неге тең? (Өздерің ойлаған сұраққа жауап беріңдер.) — 11 – у = 7 теңдігіне “хикая” ойлап табыңдар. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз. | ||||||||||||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 313 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон |