Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа арналған ескертпелер




 

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға топтажұмыс істеуді ұсыныңыз (қыздар мен ұлдарды араластырып топқа бөліңіз). Оларға қағаз бетіне бір сызықтың бойына сыныпта қанша ұл болса, сонша көк шаршыларды және қанша қыздар болса, сонша қызыл шаршыларды орналастыруды­ ұсыныңыз. Шаршыларды желімдетіңіз. Қанша­ шаршы шыққанын санатыңыз. Оқушыларға өз тобын график түрінде көрсетуді сұраңыз (оқушылардың орнына шаршыларды пайдалансын). Оларға ұзындығы барлық көк түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолақты кесуді және оны парақтың төменгі жағына желімдеуді сұраңыз. Оқушыларға жолақтың қанша шаршы құрайтынын санап (бұл — ұлдардың саны), үстіне жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылардан ұзындығы барлық қызыл түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолағын кесуді сұраңыз. Қызыл жолақты көк жолақтан кейін желімдеуді ұсыныңыз. Оқушыларға қызыл жолақтың үстіне шаршылардың, яғни қыздардың санын жазуды, сосын топта қанша қыз, қанша ұл бар екенін сұраңыз. Оқушыларға мәтін есептің моделі шыққанын айтыңыз. Олардан мәтін есептің моделінде сұрақты қалай қоюға болатынын сұраңыз (мүмкін, біреу дөңгелектерді қосуды ұсы­ нады). Оқушыларға сұрақты көрсету үшін шар­шы­ лардың жоғарғы жағын доғамен сызып, жалпы санын көрсету және үстіне сұрақты жазудың қолайлы болатынын айтыңыз. Үлгіні тақтада көрсетіңіз және оқушылардан модельді бояуды өтініңіз. Оқушыларға қолайлы болу үшін дәптерге­ жолақ емес, кесінді сызу керектігін айтыңыз.

Есептің келесі шартын топта талдатыңыз. Есептің мазмұнына қарай оқушыларға сұрақ қойыңыз және оны топта шығартыңыз.

 

Үшінші есепті оқушыларға жұппен талдатыңыз. Есептің мазмұнына қарай оларға сұрақ қойыңыз және оны жұпта шығартыңыз.

 

Оқушылардан осы есептердің және олардың сызбаларының ұқсастығы­ мен айырмашылығын сұраңыз.

 

Жауабы:

8 құс; 18 құс; 17 құс.

 

Сызба бойынша есеп құрастыр. Есептің моделі бойынша оқушыларға сұрақ қойыңыз: не белгілі? Есепте қандай сұрақ болуы тиіс?

 

Оқушыларға топпен жұмыс істетіңіз және өз есе­ бін құрғызыңыз. Содан кейін өздері ойластырған есебін оқытыңыз. Қалған топтарға есептің дұрыстығын­ тексеруді ұсыныңыз.

 

Шығарып көр. Берілген модельдің алдыңғы модельден­ немен ерекшеленетінін сұраңыз. Сызбада­ неше жеміс белгіленген? Осы сұрақтарға жауап беру үшін не істеу керек? Оқушыларға өз бетінше есептеп, есептің сұрақтарына жауап беру керектігін­ айтыңыз.

 

Жауабы:

9 жеміс.

 

Орындап көр. Оқушыларға берілген тапсыр­­ мадағы­ сурет пен сызбаны қарап шығуды ұсыны­ңыз­. Оларға иллюстрацияда не салынғанын және сызба­ ға қарап нені анықтауға болатынын талдатыңыз.

Оқушылардың сурет пен сызбаның өзара байланысы­ туралы не ойлайтынын нақтылаңыз. Оларға берілген сурет пен сызба бойынша есеп құруды ұсыныңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Есеппен жұмыс жасау кезінде математикалық терминдерді­ дұрыс қолданып сөйлеуге баса көңіл аудару­ қажет. Оқушылар есептің шартын, сұрағын ажырата білуі керек. Оқушыларға “Толықтыр” ойы­ нын ұсыныңыз. Сынып оқушыларын екі-үш оқушы­­ дан топқа бөліңіз. Тақтаға екі топты шақырыңыз:­ бір топ шартын құрады, екіншісі толықтыра­ды­. Сосын рөлдерімен ауысады. Қателескен топ отырады­ да, орнына басқа топ шығады. Ең соңында қалған топ жеңеді.

Сызбалар мен теңдіктерді сызықтар арқылы қос.

Бірінші өрнекпен ұжымдық жұмыс жүргізіңіз. Сұрақ қойыңыз:

— Қанша үшбұрыш болды?

— Қанша қостыңдар?

Берілгені бар осындай сызбаны табыңыз. Сызық­­ пен қосыңыз.

Сосын оқушылардың есепті өз беттерімен аяқ­ тауына мүмкіндік беріп, орындалған тапсыр­маны ұжыммен тексеріңіз. Қосымша мәтін есеп құрастырып, оны шешкізіңіз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

есептің моделін оқуды;

кесінді негізінде есеп моделін құруды меңгереді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

— есеп шартын қалай беруге болады?

— Неліктен графикалық модельді пайдалану қо­ лайлы?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

             


 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:

Осу амалына берілген есептер

Мектеп:

Күні:6.03

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды бірнеше бірлікке арттырады және кемітеді, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есептер құрастырады және шығарады;

есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шығару үшін тірек сызбасын таңдайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

оқушылардың қысқы демалысы бейнеленген жеке фотосуреттері немесе ормандағы қысқы демалыс­ суреттері;

 

әртүрлі сызба нұсқалары бар парақшалар;

 

ламинатталған қағаз парақтары;

 

маркерлер.

Тірек сөздер

Қосу амалына берілген есептер

Сабақтың мақсаты:

Оқушылармен қысқы демалысты қалай өткізгені туралы­ әңгімелесіңіз­. Оларға осы сабаққа қысқы демалыста­ түскен фотосурет не “Қысқы ойындар”,­ “Қыстағы­ орман аңдары”, “Қысқы пейзаж” тақырып­ тарында дайын сурет әкелуді тапсырыңыз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 327 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2249 - | 2138 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.