Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Пиктограмма — бұл белгі немесе бір нәрсені шартты бейнелеуде қолданылатын шағын кескін. Пик тограмманы адамдар жазу болмаған кезде қолданған. Олар қазіргі заманда жол белгілерін, картадағы шартты белгілерде, ауа райының шартты белгілерінде және т.б. қолданылады. Мәліметтер жиынын көрсету үшін пиктограмманы қолдану өте ыңғайлы.Мысалы, жемістер жиынтығымен жұмыс істейтін топ алдымен барлық жемістерді бөлек-бөлек топтап жинап алулары тиіс: алмалар, алмұрттар, шабдалылар және т.б. Содан кейін олар парақтағы бірінші бағанға жиынтықта бар алманы немесе сонша дөңгелекті бейнелеулері керек, содан соң екінші бағанға жиынтықта қанша алмұрт бар болса, сонша дөңгелекті салулары тиіс және т. б. Әр бағанды міндетті түрде таңбалап жазулары керек: алмалар, алмұрттар және т.б. Осыдан кейін топтарға өз жұмыстарының нәти желерін айтуды ұсыныңыз. Топ мүшелері мәліметтер жазылған парақпен шығып, айтып береді. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Қай жемістер көп? — Қай жемістер аз? — Қай жемістердің саны тең? Әр топ өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс. Оқушылардың парақтарда пиктограммаларды бейнелегенін айтыңыз. Олар берілген жемістерге ұқсатып бейнеледі. Олардан пиктограммаларды қол данып, нені білгендері туралы сұраңыз. Оқушылардыоқулықтағы ережемен таныстырыңыз. Сүйікті жемістер. Мектеп оқушыларының бір тобынан сауалнама алынып, олардың қандай жемістерді жақсы көретіні туралы мәліметтердің мына пиктограммада (жемістердің суреттері) көрсетілгені туралы айтыңыз. Оларға суреттерге мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Жауаптарды салыстыру үшін бірнеше оқу шыға сұрақтар қойыңыз: — Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнайды? — Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнамайды? — Қай жемістер бірдей ұнайды? — Саған қай жемістер бәрінен қатты ұнайды? Сен өз жауабыңды қай бағанға енгізер едің? Жауабы: 6 оқушы алманы ұнатады. 4 оқушы алмұртты ұнатады. 3 оқушы апельсинді ұнатады. 6 оқушы бананды жақсы көреді. Қатты ұнататын жеміс — алма мен банан. Онша ұнатпайтыны — апельсин. Үстелді сана. Оқушылардан қай пиктограмма үстелді білдіретінін сұраңыз. Сыныпта қандай түстегі үстелдер көп? Қандай үстелдер аз? Сыныпта барлығы неше үстел бар? | Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Әр түсті үстелдерді санау, шыққан мәліметтерді салыстыруды ұсыныңыз. Тапсырманы жылдам орындаған жұптарға қосымша тапсырма беріңіз: түсі әртүрлі үстелдердің санын өсу және кему ретімен ататыңыз.
Жауабы:
барлығы 17 үстел, жасыл үстелдер аз, көк үстелдер көп.
Шығарып көр. Оқушыларға суретті қарап шығуды ұсыныңыз. Неше оқушының алма шырынын, нешеуі апельсинді, нешеуі шиені жақсы көретінін сұраңыз. Есептің сұрақтарына жауап беру үшін нені білу керектігін айтқызыңыз (алма, апельсин және шие шырындарын жақсы көретін оқушылардың жалпы саны). Оқушыларға осы санды табуды ұсыныңыз. Кейбіреулері пиктограммадағы элементтерді тізбектеп санайды, кейбіреулері қосу амалын қолда нады. Оқушыларға есептің сұрағына жауап беру үшін уақыт беріңіз.
Жауабы:
сыныпта 5 оқушы қызанақ шырынын ұнатады.
Орындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізіп, күн делікті өмірден пиктограммаларды табуды ұсыныңыз. Олардың суретін қағазға салуды немесе суретке түсіріп алуды өтініңіз. Оқушылар пиктограммаларды қайда кездестіргенін және олардың мағынасын айтып бере алуы тиіс. Бұл тапсырманы үйде орындатыңыз.
Жауабы: жол белгілері, қаптамадағы пиктограммалар т.б. | |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Сынып қабырғаларына және жиһаздарға көңіл күй, жол белгілері мен күн, бұлт, ерніне тақап ұстап тұрған саусақ және т.с.с. бейнеленген парақшаларды алдын ала жабыстырып қойыңыз. Топтарға сынып ішінде экскурсия ұйымдастырыңыз. Оқушылар пиктограммалары бар парақшаларды тауып, оны тақтаға өз топтарының нөмірі жазылған бағанға жапсыруы тиіс. Парақшалар саны көп топтың оқу шылары жеңіске жетеді. Оқушылардан әр пикто грамма нені білдіретінін сұраңыз. | Таңғы ас. Айгүлдің отбасы таңғы асқа қандай тағамдарды жейтінін алдын ала сұраңыз. Әр тағамды жеке санап алып, шыққан санына сәйкес суретін кестеге салғызыңыз. Содан кейін жұпта жұмыс істеп, шыққан нәтижелерімен алмасуды және сөйлемдерді толықтырып жазуды ұсыныңыз. Жауабы: 4 жұмыртқа, 2 йогурт, 5 печенье, 3 бутерброд, 3 стақан шырын. Таңғы асқа печенье көбірек желінеді. Ең аз желінетіні — йогурт. Ауа райын бақылау. Алмас ауа райын бақылап, кесте құрды. Оқушылардан әр пиктограмма нені білдіретінін сұраңыз. Тапсырманы өз бетінше орын дауларына уақыт беріңіз. Содан соң жұптың құрамын ауыстырып, бірін-бірі тексеруді ұйымдастырыңыз. Пиктограммадағы тапсырма. Оқушылар әр пик тограмманың нені білдіретінін анықтай алады және сәйкесінше заттарды санауға берілген тапсырманы орындайды, мысалдарды шешеді, сәйкестікті табады және теңдік құрады. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында: пиктограмма ұғымының мағынасын түсінеді; мәліметтерді пиктограмма түрінде көрсетеді; мәліметтерді кестеде жүйелеуді меңгереді. Оқушылардың жаңа сабақ материалын меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз: — пиктограмма дегеніміз не? Оларды қайда кез дестіруге болады? — Сыныпта қанша терезе, есік, шкаф бар? Оларды сана. Нәтижені қағазға пиктограмма түрінде бейне леп сал. Өз пиктограммаларыңды пайдаланып мына сұраққа жауап беріңдер: сыныпта не көп: терезе ме, шкаф па, әлде есік пе? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 317 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель |