Поиск: Рекомендуем:
Почему я выбрал профессую экономиста
Почему одни успешнее, чем другие
Периферийные устройства ЭВМ
Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки)
Категории:
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
| Кіріспе тапсырма. Сабақты есеп және оның құрамдас бөліктер туралы білімдерін жаңғыртудан бастаңыз.
Зерттеу жұмысын жұппен жүргізетінін, жеке беттерге нағыз зерттеушілер сияқты зерттеу нәти жесін өздеріне түсінікті болатындай етіп қысқаша жазып отыратынын айтыңыз. Сонымен, бірінші сөзді жазамыз: ЕСЕП.
1-кезең — “Ойлан!” сөзі жазылған парақша.
Оқушылардан топта “есептің” не екенін ойлауды ұсыныңыз. Олардың жауаптарын тыңдап көріңіз.
Оқушылардың алдына төмендегі кестені беріңіз.
Оқып, салыстыр
10 тг + 20 тг. Жұлдыз бағасы 10 тг Қосындының мәні кәмпит және бағасы неге тең? 20 тг балмұздақ сатып алды. Ол барлығы қанша ақша жұмсады?
Мына сұрақтарды қойыңыз:
Бұл тапсырмалардың ұқсастығын тап. Айырма шылығы неде? Қай тапсырманы орындау үшін бірден жауап бере аласың? Әр тапсырманы қандай әдіспен орындауға болады? Осы екі тапсырманың қайсысы есеп болады? Оқушылардың жауабын тыңдап, неге олай ойлай тындарын сұраңыз. Есептің шарты, сұрағы болатыны жайлы айтыңыз. Оқушыларға берілген есептің шартын және сұрағын олармен бірге талдап отырып табуға тырысыңыз. Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу керегін, жауаптарын қағазға жазып беруін сұраңыз. Қағазға жазған өрнектің есептің шешуі екенін айтыңыз. Келесі кезеңде есептің сұрағын қайта оқып, жауап беруін сұраңыз. Зерттеу барысында есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады деген қорытындыға әкеліңіз. Есеп — шарты мен сұрағынан тұратын мәтін деп түйіндейді. Есепті сызбаға түсіріп орындау оны шешуді жеңілдететінін аңғартыңыз. Сызба бойынша есептің мазмұнын түсіндіре білуге үйретіңіз. Сызбада барлық компоненттерді көрсетуге және олардың арасындағы байланысты анықтауға бола тынын байқатыңыз. Оқушыларға топта жұмыс істеуге мүмкіндік жасаңыз. Мысалы: Жұлдыз бағасы 10 тг кәмпит және бағасы 30 тг балмұздақ сатып алды. Ол барлығы қанша ақша жұмсады? | Кесіндінің бірінші бөлігі нені білдіреді? (Кәм питтің бағасын.)
Екінші бөлігі ше? (Балмұздақтың бағасын.) Есепте нені табу керек? (Барлығы қанша ақша жұмсалғанын табу керек.)
Оқушылар топпен бірге сызба салу үрдісін түсін діре алады және есепті оған сүйене отырып шешеді.
Есеп. Оқулықта берілген есепке байланысты түсін дірмені оқушылармен бірге оқып, талдау жұмысын ұйымдастырыңыз. Есеп шығару үшін қандай әрекеттер жасау керегі жайлы тиісті қорытынды жасатыңыз.
Есептің мәтінін оқу; Есептегі белгісізді табу; Сызбаға түсіру;
Есепті шешу үшін қай амалды қолдану керегін анықтау;
Есептің шешуін жазу;
Есептің жауабын жазу;
Есептің негізгі бөліктері туралы білімдерін бе кітіңіз.
Шығарып көр. Оқушыларға есепті оқып шығуды ұсыныңыз. Есептің мәтінінен есептің негізгі бөлік терінің қайсысын бөліп көрсете алатынын сұраңыз. Есеп шығаруға кіріспес бұрын, оны талдап алыңыз. Осы мақсатта тиісті нұсқаулар беріңіз:
Есептің мазмұнын түсіну кезеңі: “Есептің мәті нін оқып шығыңдар. Не туралы немесе кім туралы айтылғанын анықтаңдар”.
Жоспарлау кезеңі: “Есепке берілген суретті немесе сызбаны қарап шығыңдар. Бүтін мен бөлік ті анықтаңдар. Әр санның нені білдіретінін түсін діріңдер”.
Шешуі: “Есептің сұрағына қалай жауап беру керегін ойлаңдар. Белгісіз бүтінді табу үшін қандай амалды орындау керек? Есептің шешуін жазыңдар”.
Тексеру кезеңі: “Есептің жауабын жазыңдар. Кері амалмен тексеру жүргізіңдер”.
Есепті берілген алгоритмге сүйеніп шығарыңдар.
Жауабы: 10 + 6 = 16 (тг). Жауабы:
енді әмиянда 16 теңге болды.
Орындап көр. Тапсырма есептің мәтіні мен сұрағы арасындағы байланысты бекітуге арналады. Есептің сұрағына сүйеніп оқушылар оның шартын айтады. Жұмыс барысында оқушылар назарын есеп бөліктеріне қатысты жаднамаға аударып тұрғаны абзал. | |||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
| Топпен ойын өткізіңіз. Осы мақсатта “Есеп” деген жазу жазылған қорапты пайдаланыңыз. Әр топқа есеп мәтіні және өрнектің оқылуы немесе теңсіздіктер, теңдеулер, сөйлемдер жазылған парақшалар таратып беріңіз. Мысалы, “Қалам 20 тг, қарындаш 30 тг тұрады. Заттарды сатып алу үшін неше теңге төленеді?”, “Елу мен жиырманың қосындысы” т.с.с. Оқушылар топта талдап, есептерді “есеп” сөзін айта отырып, осы сөз жазылған қорапқа салады. | Есеп құрастыр. Есептің бөліктері мен олардың атауларын сәйкестендіруге берілген тапсырма. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар есептің шешуін санды өрнек арқылы жазып, жауабына тиісті санды қояды. Жауабы: Шарты — “Мақпалдың 20 теңгелік және 10 теңгелік монеталары бар. Сұрағы — “Мақпалдың қанша ақшасы бар?” Шешуі — “Сызба және санды өрнек: 20 + 10 = 30 (тг)”. 4. Жауабы: Мақпалдың 30 теңгесі бар. Жиналған ақша. Оқушылар әрбір жинақ қоб дишасында қанша сом барын анықтайды. Одан кейін бұл сомаларды салыстырып, бір монеталар сомасы екіншіден қанша артық екенін табады. Жауабы: 20 тг < 40 тг-ден 20 тг-ге кем; 15 тг = 15 тг; 70 тг > 50 тг-ден 20 тг-ге артық. | |||||
|
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: “есеп” ұғымын және “есеп” ұғымымен байланысты терминдермен танысады; қосу амалымен берілген жай есептерді шығарып үйренеді; есептің сызбасы туралы мағлұмат алады. Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз: — есептің басқа тапсырмалардан қандай айыр машылығы бар? — Есептің негізгі бөліктерін атаңдар. — Есептің сұрағы деген не? — Сұрағы жоқ есеп бола ма? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өзін-өзі бағалауды ұсыныңыз. | |||||
|
Күні:13.04 С ынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: |
||||||