Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа байланысты деректі материалдар




Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Кіріспе тапсырма. Сабақты оқулықтағы “Мына монеталарды ұсақта” тапсырмасын орындатудан бастаңыз.

Бір 10 теңге екі 5 теңгеге, бір 20 тг екі 10 теңгеге, бір 5 тг бес 1 теңгеге, бір 2 тг екі 1 теңгеге тең екенін оқулықтағы сурет бойынша қарастырыңыз­. Сурет бойынша оқушылардың өздерін­ сөйлетіңіз. Ақшаны ұсақтаудың қажеті қандай­ екенін сұрап көріңіз. Дәлме-дәл есептесу, тура төлеу үшін ақшаны ұсақтау керектігіне оқушының көзін жеткізіңіз.

Тиындарды ұсақтаудың cуретте көрсетілгеннен басқа тәсілдерін айтып, сабақты “Кім жеңімпаз?” ойы­ нын ойнатумен жалғастырыңыз.Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Ойын текшесін және құны 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге монеталар дайындап қойыңыз. Ойыншылар кезекпен текшені лақтыруы керек. Текшенің жоғарыға қарап түскен жағындағы санды ойыншылар құны ең төмен монеталармен жинап көрсетуі керек. Құны түскен санға тең монетаны қолдануға болмайды.

Осы дағдыны бекіту үшін мынадай ойын өткізіңіз­.

Алдыңызға 10 тг, 20 тг деп жазылған қағазды­ төңкеріп қойыңыз. Сыныптан бір оқушыны ортаға шақырып, парақшаның біреуін таңдап, онда беріл­ ген ақшаны сынып оқушыларына­ көрсетуді сұраңыз­. Парақшада берілген ақшаның құны бойынша ұсақтау­ түрін жұппен көрсетуді ұсыныңыз. Бірнеше­ тәсілін көрсетуге болатынын ескертіңіз.

Тапсырманы орындауға уақыт бөліңіз. Уақыт аяқталған соң әр жұптың өз жұмысын сыныптағы басқа оқушыларға көрсетуін сұраңыз. Ұсақтау тәсіл­ дерін салыстырып, қорытынды жасатыңыз. Ұсақ­ таудың бірнеше тәсілін көрсете білген оқушыларды­ қолпаштап, жетістігін айта кетіңіз.

Келесі оқушыны тақтаға шақырыңыз. Ол оқушы ұсақтайтын ақшаны анықтаған соң оның жұппен жұмыс істеуін өтініңіз. Ойын осылай жалғасып, құны бірдей ақшаны ұсақтаудың бірнеше түрі тәжірибе түрінде қарастырылады.

Шайға төле. Тапсырмадағы сұраққа жауап беру үшін, алдымен не істеу керектігін сұраңыз. Оқушылар­ Сәуле сатып алған заттардың құнын табу керектігін айтады. Сәуленің қолында қандай монеталар барын сұраңыз. Үш 10 теңгелік монетамен қалай есептесу­ге­ болатынын анықтап көріңіз. Оқушылар 30 тг беріп, артық ақшаны қайтарып алуға болатынын айтуы мүмкін.

 

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұп­ пен орындауды ұсыныңыз. Талдау барысында оқушылар сатып алынған заттардың бағасын анық­ тайды. Ұсынылған азық-түлік бағасын қосып және монеталарды ұсақтау дағдысын қолданып заттардың құнын есептеп төлейді.

 

Сабақтың басында орындаған іс-әрекеттерін­ еске түсіруін сұраңыз. Сол сияқты мұнда да ұсақтау­ арқылы сатушыға заттың құнын дәлме-дәл есептеп­ беруге болады деген қорытындыға келтіріңіз. Мұны тура төлем дейді. Ол үшін 10 теңгеліктердің біреуін ұсақтау керектігін талдатыңыз. Тапсырманы әрі қарай жұптасып орындатыңыз.

Оқушылардың міндеті: 10 теңгеліктерді ұсақ­ таудың әртүрлі тәсілін көрсетіп, сатушыға дәлме-дәл 28 тг санап беру.

 

Орындап көр. Бағасы 70 тг тұратын бананның құнын ең аз монета жұмсап қалай төлеуге бола­ тынын табу көзделеді. Тапсырманы орындау үшін 70 тг алу мақсатында құны қандай монеталарды­ пайдалануға болатынын тәжірибе­ жүзінде­ орындап көруді ұсыныңыз. Тапсыр­маны­ әр оқушыға­ жеке орындатыңыз. Оқушылардың­ жауаптарын салыс­ тырып, ең аз монета қолданған оқушыны табыңыз.

Жауабы:

 

70 = 20 + 20 + 20 + 10.

 

Ойлан. Екі 20 теңгелік монетаны қалай ұсақтауға болатынын сұраңыз. Бірнеше тәсілін көрсетіп, ішінен аз монетамен ұсақтау түрін көрсетуді ұсыныңыз.

 

Жауабы:

 

20 тг + 20 тг = 10 тг + 10 тг + 10 тг + 10 тг; 20 тг + 20 тг = 10 тг + 10 тг + 10 тг + 5 тг + 5 тг т.с.с.

 

Сатып алған заттың құнын төле.

 

Оқушылар көрсетілген заттардың бағасы бойынша­ құрайтын соманы әртүрлі аз монеталарды қолданып көрсетеді де суретін сала алады. Олар тапсырманы бірнеше нұсқада орындайды.

 

Жауабы:

20 тг = 10 тг + 10 тг; 20 тг = 5 тг + 5 тг + 5 тг + 5 тг; 20 тг = 10 тг + 5 тг + 5 тг; 9 тг = 5 тг + 2 тг + 2 тг;

 

9 тг = 5 тг + 2 тг + 1 тг + 1 тг; 9 тг = 5 тг +1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг; Көптеген нұсқалары бар.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Қажетті монеталарды таңдап ал. Оқушылар ұсынылған нұсқалардың ішінен монеталарды ұсақ­ таудың ең ыңғайлысын анықтайды және сол нұсқаны қоршап сызады.Жауабы:

а) 10 теңгелік бір монета және 1 теңгелік сегіз монета;

ә) 10 теңгелік бір монета және 2 теңгелік төрт монета;

б) 10 теңгелік бір монета және 5 теңгелік бір монета, 2 теңгелік бір монета және 1 теңгелік 1 монета.

Оқушылар сабақтың соңында:

құны әртүрлі монеталарды ұсақтау арқылы есеп­ тесуге жаттығады;

       соның негізінде есептеу дағдылары қалыптасады;­

       санды өрнектердің мәнін табуға жаттығады;

       ақшаны ұсақтаудың ең ыңғайлы тәсілдерін таңдап­ үйренеді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тек­ серу үшін сабақ соңында мынадай сұрақтар қойыңыз:­

— 20 теңгелік монетаны қалай ұсақтауға болады?

— 10 теңгені аз монета жұмсап қалай ұсақтауға болады?

— Екі 10 теңгелік монетаң болса, 20 тг тұратын затты сатып ала аласың ба?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өздерін бағалатыңыз.

Бағалау

Өзін –өзі бағалау

Басбармақ әдісімен бағалау

Смайликтермен бағалау

Рефлексия

 

             

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 373 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2675 - | 2478 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.