Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Диаграмма — бірнеше шамаларды немесе олар­ дың мәндерін­ салыстыруға берілген мәліметтердің­ графикалық түрі.

Диаграммалар мәліметтерді көрнекі түрде көр­ сету үшін қолданылады. Диаграмма құру — бұл мәліметтер кескінін тіктөртбұрыштар немесе­ тік­ төртбұрышты бағандарда тігінен бейнелеп көрсетуОқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— дүйсенбі күні неше жапырақ ашылды?

 

— Сейсенбі күні неше жапырақ ашылды?

— Сәрсенбі күні неше жапырақ ашылды?

— Қай күні ашылған жапырақ көп?

— Қай күндері ашылған жапырақтар саны тең болып шықты?

 

— Осы күндері барлығы неше жапырақ ашылды?

 

Оқушыларға Жәмиланың бақылау жүргізгенін, жапырақ­тардың­ суретін салғанын, яғни қайыңның бұтақтарындағы­ өзгеріс туралы мәліметтер жина­ ғанын айтыңыз. Жинаған мәліметтері бойынша пик­ тограм­ма­ салғанын түсіндіріңіз. Алайда мәліметті басқа тәсілмен де көрсетуге болады.

Оқушыларды өз қалаулары бойынша үш топқа бөліңіз. Алдын ала әр топқа өлшемдері бірдей тек­ шелер жиынтығын бір-бірден дайындап қойыңыз. Сондай-ақәр топқа кесте сызылған А3 парағын таратыңыз.

 

 

Шоколадты Кілегейлі Жемісті балмұздақ балмұздақ балмұздақ

 

Оқушылардан кестеде көрсетілген балмұздақ түрлерініңқайсысы ең сүйікті балмұздағы болып табылатынын көрсетуді ұсыныңыз.

 

Содан соң оларға бір текшеден алуды және оны өзі жақсы көретін балмұздақтың аты жазылған жазудыңүстіне қоюды өтініңіз. Осы текшелерден мұнара құрастыруды сұраңыз.

Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

 

— “Шоколадты балмұздақ” жазбасыныңүстінде неше текше тұр? Өздерінің тобында неше бала шоколадты балмұздақты жақсы көреді? Тұжырым жасауларын сұраңыз.

 

— “Кілегейлі балмұздақ” жазбасыныңүстінде неше текше тұр? Өз тобында неше бала кілегейлі балмұздақты жақсы көреді? Тұжырым жасауларын сұраңыз.

 

— “Жемісті балмұздақ” жазбасыныңүстінде неше текше тұр? Өз тобындағы неше бала жемісті балмұз­­ дақты жақсы көреді? Тұжырым жасауды сұраңыз. Ал содан кейін торкөзді қағазбен жұмыс істеуге және бірінші мұнарада қанша текше болса, бірінші бағанға сонша шаршыны салу керектігін ұсыныңыз. Төменгі жағына “шоколадты балмұздақ” деп жазады. Осы тәріздес жұмысты басқа екі мұнарамен де жүргізуді ұсыныңыз.

 

Оқушылардан өз жұмыстарының нәтижеcін көр­ сетуді сұраңыз.

 

Оқушылардан әр бағандағы тіктөртбұрыштарды­ санауды және төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

— неше бала доп ойнағанды жақсы көреді?

— Неше бала велосипед тепкенді ұнатады?

— Неше бала секіргішпен секіргенді жақсы кө­ реді?

 

Жауабы:

 

доппен ойнағанды 5, велосипед тепкенді 7, секіргішпен секіруді 3 бала ұнатады.

 

Балалардың көбі велосипед тепкенді жақсы көреді.

 

Сен неше жастасың? Топпен жүргізілетін жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға диаграмманы қарап, мына сұрақтарға жауап беруін өтініңіз:

— қай жастағы балалар бәрінен көп?

— Қай жастағы балалар бәрінен аз?

 

— Сен алты жасар балалардың саны туралы не айта аласың?

 

Оқушыларға қосымша тапсырма ретінде топ мүше­­ лерінен бір-бірінің жастарын сұрауды және қағаздың­ төменгі жағына осы мәліметтерді жазуды ұсыныңыз­ (6 жас, 7 жас, 8 жас). Әр оқушыға өзінің жасына сәйкес­ санныңүстіне шаршы салуды ұсыныңыз­. Шаршылар­ ды бірініңүстіне бірін салуы тиіс. Оқушылардан топтарында қай жастағы балалар­дың­ саны көп екенін, ал қай жастағы балалардың саны аз екенін сұраңыз.

 

Шығарып көр. Тапсырманы ұжыммен талқы­ла­­ ңыз, ал кейін әр оқушыға өздігінен шешуге мүмкіндік­ беріңіз. Жұпта өзара тексеруді ұйымдастырыңыз­.

 

Жауабы:

Данияр екі тәрелкені артық жуды.

 

Орындап көр. Жұмысты топпен ұйымдас­тыры­­ ңыз. Кейін әр топқа өз тапсырмаларын көрсетуге­ мүмкіндік беріңіз.

 

Спорттық жетістіктер. Оқушылар диаграмма бойынша спорттыңқай түрінен жеңіске жеткенін білетін болады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Сабақ барысында оқушылардың “диаграмма” деген сөзді айтуын қадағалап отырыңыз. Тірек сөзді “Сөздер қабырғасы” стендіне орналастырыңыз.

Гүлзардағы гүлдер. Тақырыпты жақсы меңгеру үшін сұрақтар қойыңыз:

— Неше қызғалдақ гүлдеді?

— Диаграммада бұл санды ненің көмегі арқылы бейнелеуге болады? (Тіктөртбұрыштар, шаршылар.)

— Сендер оны қайда бейнелейсіңдер? (Қызғал­ дақтар­ деп жазылған бағанға.)

— Неше тіктөртбұрыш саласыңдар?

— Оларды қалай саласыңдар? (Бірінің астына бі­ рін.)

Раушангүл мен түймедаққа қатысты осы тәріз­ дес сұрақтар қоясыз. Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз.

Жауабы:

қызғалдақтар бағанында — төрт; раушангүл бағанында — үш; түймедағы бағанында — екі.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

диаграмма ұғымының мағынасын түсінеді;

диаграммалардың не үшін керектігін айтып бере алады;

диаграмма негізінде ақпарат алады;

мәліметтер бойынша диаграммалар құруды мең­ гереді.

Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін келесі сұрақтарды қойыңыз:

— Диаграмма дегеніміз не?

— Диаграммаларды не үшін құрады?

— Диаграммада мәліметтер қалай орналас­ты­ры­­ лады?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” көмегі­­ мен оқушылардың өзін-өзі бағалауы бойынша жұмыс өткізіңіз.

             

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 390 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4454 - | 4100 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.