Поиск: Рекомендуем:
Почему я выбрал профессую экономиста
Почему одни успешнее, чем другие
Периферийные устройства ЭВМ
Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки)
Категории:
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| ||||
|
“Дәмхана” ойынын ойнатыңыз. Сабақтың алдын да парталарды 4-5 оқушы бір топта отыратындай етіп қойыңыз. Оқушыларды бірнеше топтарға бөліп, құны 10 теңгелік монеталарды таратып беріңіз. Сыныптағы оқушылардан екі оқушыны даяшы рөліне, ал бір оқушыны кассир рөліне таңдауды ұсыныңыз. Ал қалған оқушылар кафеге келген келушілер рөлін ойнайтынын айтыңыз. Содан кейін кафеге келушілер мен ондағы жұмысшылар арасында сабаққа байланыс ты диалог болатындай жағдай туғызыңыз.
Әрбір кафеге келуші бір үстелден өз орнын алып отыруы тиіс. Даяшылар қонақтарға тамақ түрлері мен бағалары көрсетілген ас мәзірін ұсынады. Кафеге келушінің рөлі ас мәзірі бойынша 1 немесе 2 тамақты таңдап алуы тиіс. Даяшылар тапсырысты орындап, қонақтардың ақшаларын, кассирге апарып бере алады. Оқушыларға өз рөлдерін дұрыс орындау ларына көмектесіңіз. Ойыннан кейін талдау жүргізіңіз. Мынадай сұрақтар беріңіз:
— Сенде 50 теңге ақша бар. Сен қандай зат сатып аласың?
— 50 теңге тұратын затты сатып алуға бола ма? Неліктен? (Бұл зат басқа заттарға қарағанда қымбат. Оны сатып алу үшін қолдағы ақшадан артығырақ ақша керек.)
— Бағасы 50 тг тұратын зат бағасы 10 тг тұратын заттан қанша қымбат? 20 теңгеден ше?
— Бағасы 10 тг тұратын зат бағасы 20 тг тұра тын заттан қанша арзан? Кейде бір тауар үшін басқа тауарға қарағанда үлкен сома төлеу керек болады. Мұндай жағдайда бұл тауар қымбат деп айту қабылданған. Егер бір тауарға аз сома төлей тін болса, оны арзан деп айтамыз. Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға мына есепті шығаруды ұсыныңыз.
Хатқа арналған конверт 60 тг, ал ашықхат 50 тг тұрады. Ашықхат конверттен қанша арзан?
Оқушыларға бұл есепті шығару үшін сызба таңдап алуды ұсыныңыз. Бұл сызбаны құрастыру үшін екі кесіндіні қолдану керектігіне оқушылардың назарын аударыңыз. Бірінші кесіндіге конверттің бағасы (60 тг), ал екінші кесіндіге ашықхаттың бағасы көрсетіледі.
Ашықхат конверттен арзан болғандықтан, ашықхаттың құнын көрсететін кесінді конверттің құнын көрсететін кесіндіден қысқа болады. Үзік сызықпен берілген кесінділердің ұзындықтарының айырмашылығын көрсетіп, есептің сұрағын сұрақ белгісі арқылы белгілеп қою керек. Ашықхаттың бағасын табу тәсілін талдай отырып, оқушылар бүтіннен (60 тг) белгілі бөлікті (50 тг) азайту керектігі туралы қорытынды жасайды.
60 – 50 = 10 (тг). Жауабы:
10 теңгеге арзан. | Қаншаға қымбат? Қаншаға арзан? Оқушы лармен жалпылама жұмыс ұйымдастырыңыз. Олар суретке қарап, тапсырманы оқиды. Оқушылардан берілген есепті қандай амалды пайдаланып шығараты нын сұраңыз. Екінші есепке арналған сызбаға сүйеніп оқушылар шешімі мен жауабын рәсімдей алатынын ескертіңіз.
Жауабы: 1) 70 – 30 = 40 (тг).
Жауабы: батон тоқаштан 40 теңге қымбат. 2) 70 – 50 = 20 (тг).
Жауабы: бір бөлке нан батоннан 20 теңге арзан.
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар есептің шартын оқып, талдап, берілген есепті шешуге келетін сызбаны таңдайды. Жұптар арасында өзара тексеру жұмысын жүргізіңіз.
Жауабы: 90 – 40 = 50 (тг). Жауабы: Шырын 50 теңге қымбат.
Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Өзара тексеру барысында оқушылардың жауап нұсқаларын тақтаға жазып тұрыңыз.
Жауабы: есептің сұрақтары:
кекс бәліштен қанша қымбат? Шешуі: 80 – 60 = 20 (тг). Жауабы: 20 теңгеге қымбат. | |||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
| Интерактивті тақтада немесе А4 пішімді қағазға тірек сөздерді жазып қойыңыз. Оларды кезекпен көрсетіп, кезекпен оқытыңыз.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазып көрсету.
Ірімшік салып пісірілген нан 70 тг тұрса, бәліш 90 тг тұрады. Ірімшік салып пісірілген нан бәліштен қанша _______?
Бәліш ірімшік салып пісірілген наннан қанша
_______? | Берілген сызбаға қай есеп сәйкес келеді? Оқу шылар берілген есептердегі сандық мәліметтердің бірдей екенін анықтайды. Бір есеп қосу амалымен, екіншісі азайту амалымен орындалады. Беріл ген есептер мен сызбаны сәйкестендіре отырып, оқушылар сызбаның қай есепке сәйкес келетінін анықтайды. Жауабы: 2. 20 – 10 = 10 (тг). Жауабы: Назымның 10 теңгесі қалды. Салыстыр. Оқушылар кестедегі заттардың бағаларын салыстыра алады және бір зат екіншіден қаншаға қымбат немесе арзан екенін біледі. Оқушылар өз шешімдерін кестенің оң жақтағы бағанына жазып қояды. Сол жерге олар жауаптарын да жазуына болады. Оқушылар кестенің бірінші бағанында азық-түлік пен олардың бағасы көрсетілгенін, ал екінші бағандағы монеталардың суреттері бойынша бастапқы бағасын анықтайды. Есептеулер жүргізу барысында оқушылар артық қайтарылатын ақшаны анықтайды. Шешуі мен жауабын кестеге жазады. Жауабы: 80 – 60 = 20 (тг). Жауабы: 20 теңге қымбат. 70 – 50 = 20 (тг). Жауабы: 20 теңге арзан. 90 – 40 = 50 (тг). Жауабы: 50 теңге қымбат. 70 – 60 = 10 (тг). Жауабы: 10 теңге арзан. | |||||
|
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: мәтінді есептерге талдау жасай біледі және есептерді шығарады; санды деректерге сүйеніп есептер құрастырады; есеп шығаруға қажет тірек сызбалар таңдайды; берілген заттың құнын монеталармен төлеп, артық ақшаны қайтарып алуға жаттығады; азайту амалымен орындалатын есептерді шыға рады. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексе ру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз: — қымбат дегеніміз не? — Шартты толықтыр: жүзім 80 тг, ал өрік 60 тг тұрады. өрік жүзімнен қанша _______? жүзім өріктен қанша ________? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша оқушылар өзін-өзі бағалайды. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
| Сабақ тақырыбы: |
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 401 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: |
||||||||