Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Бүгінгі сабақта қосу амалына есептер шығаруды жалғастыратындарын айтыңыз. Жұппен жұмыс түрін ұйымдас­тыры­ңыз­. Әр жұптың алдына есептің сызба­ сының үлгісін беріңіз.

 

Әр жұптан бір оқушы келіп “Дүкен” сөресінен екі зат алады.

 

Оқушылар осы заттарға байланысты есеп құрас­ тырып, шығарады.

 

Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Олардың­ тапсырманы қалай орындағанын тексеру мақсатында бірнеше жұптың жауабын тыңдаңыз. Мысалы, алма 20 тг, алмұрт 30 тг тұрады. Алма мен алмұрт сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек?

 

Есепке сызбаның бірнеше нұсқасын ұсыныңыз. Берілген сызбаны толтырып, алған заттарының

 

құнын сызбаға сүйеніп есептеу керегін ескертіңіз. Өзіңіз оқушыларға сұрақтар қойып, бағыттап

тұрыңыз.

— Сендер қандай заттар сатып алдыңдар?

— Ол заттардың бағасы қанша тұрады?

— Алған затты сызбаға жазып көрейік.

— Сызбаны неше бөлікке бөлу керек деп ойлай­ сыңдар? (Екі.)

 

— Бөліктер бірдей бола ма? (Оқушылар заттың бағасын­ көрсететін сандарды салыстыру арқылы сызбаны­ бір үлкен, бір кіші бөлікке бөледі.)

 

Қиындық туған жағдайда оқушыларға жетелеу­ сұрақтарын қойыңыз.

 

— Сатып алған бірінші заттың бағасын көрсететін сан бүтін бе, әлде бөлік пе? (Бөлік.)

 

— Екінші заттың бағасын көрсететін сан ше? (Бөлік.)

 

— Есепте нені білу керек? (Барлық сатып алған заттың құнын.)

 

— Белгісіз шаманы қала атаймыз? (Бүтін.)

— Белгісіз санды қалай табамыз? (Бөліктерді қоса­ мыз.)

 

— Есепті қандай амалмен шығарамыз? (Қосу ама­ лымен.)

 

— Санды өрнектер жазып, мәнін табыңдар.

— Есептің шешуін жазыңдар.

 

Оқушылардың жұмыстарын тақтаға іліп, салыс­ тыруды­ ұсыныңыз. Оқушылар олардың есептерінің ұқсастығы­ мен айырмашылығын атауы керек. Есеп шығарудың әр кезеңін салыстыртып, қорытынды жасатыңыз.

 

Есептердің шарты әртүрлі, себебі есеп құрастыру үшін әртүр­лі­ заттар пайдаланылды.

 

Есептің сұрақтарының мағынасы ұқсас, себебі бар­ лық есеп сатып алынған заттардың құнын есептеуге­ арналған.

Шешуі:

 

Оқушылар құрастырған есептердің сызбала­ры­ бірдей. Олар тек сан мәндерімен ерекшеленеді.

Есептің шешуі қосу амалымен шығады.

 

Жауабы:

әртүрлі, себебі әртүрлі сан мәндері қолданыл­ды­.

Есепті тап. Тапсырманы оқушылардың өздігінен орындауын ұсыныңыз. Олар берілген екі мәтінді де оқып шығып, қай мәтіннің есеп болатынын анықтайды. Оқушылар есептің құрамды бөліктері жазылған жаднамаға және алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Жауабы:

ә-пункті, себебі бұл мәтінде есептің шарты мен сұрағы бар.

Қобдиша. Тапсырманы жұппен орындауды ұсы­ны­ ңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылар есеп­ тің мәтінін оқып, талдап, бір-біріне есепке байланысты­ сұрақтар­ қояды. Оқушылар есепке байланысты­ сыз­ баның дұрыс нұсқасын анықтайды. Сызбаны сызып, оған есеп бойынша берілген сандық мәліметтерді, шешуін және жауабын жазады. Тапсыр­маны­ орындап болған соң өзара тексеру жұмысын ұйымдастырыңыз­.

Жауабы: сызбаның дұрыс нұсқасы — “ә”. Шешуі: 8 + 10 = 18 (тг).

Жауабы: балалардың қобдишасында 18 тг.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен­ орындауды ұсыныңыз. Оларға ұсынылған суреттер­ бойынша есеп құрастыруды тапсырыңыз. Оқу­ шылар құрастырған есеп шартын берілген сызбамен­ салыстырады. Сызбаға сүйеніп оқушылар есепке байланысты тиісті сұрақтар қояды. Келесі кезеңде­ есептің шешуі мен жауабын жазады. Топтар арасында­ орындалған жұмыстарды талқылатыңыз. Оқушы­­ ларға бір-бірінің жұмыстарын бағалауға мүмкіндік­ туғызыңыз.

Жауабы:

сұрағы: желім мен өшіргіштің құны қанша тұрады? 40 + 20 = 60 (тг).

Жауабы: желім мен өшіргіштің құны 60 тг.

Орындап көр. Оқушылар есептің мәтінін оқып, оның сұрағына қалай жауап беруге болатынын ойланады. Диалог ұйымдастырыңыз. Оқушылардың ұсынысын тыңдаңыз. Өз көзқарастарын дәлелдеп беруін сұраңыз. Оқушылар әмиянда қанша ақша қалуы мүмкін екенін болжайды, сондықтан есептің сұрағына нақты жауап бере алмаймыз.

Оқушыларға есептің шартына байланысты нақты жауап алуға болатындай сұрақ ойластыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

Әлия әмияннан қанша ақша алды? 7 + 8 = 15 (тг).

Жауабы: 15 теңге.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Өткен сабақта ұсынылған тірек сөздерді сабақ барысында еске түсіріп отыруын қадағалаңыз.

Сатып алған заттарыңа ақша төле. Оқушы­ лар ұсынылған есептерді шығарып және барлық сатып алған заттардың қанша тұратынын білетін болады. Жұмыс жасау барысында оқушылар есептің қысқаша берілуін жазған соң сызбаны сан мәндерімен толықтырып, шешуі мен жауабын жазады.

Жауабы:

30 + 60 = 90 (тг). Жауабы:

90 теңге.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

белгісіз қосындыны табуға берілген есептерді талдап әрі шығарып үйренеді;

есепті сызбаларға сүйеніп шығаруды үйренеді;

есеп шығару дағдылары дамиды.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

— қалам 15 тг, сызғыш 20 тг тұрса, екеуі бірге қанша тұратынын табу үшін есептің шешуін қандай амалды пайдаланып орындаймыз?

— Осы есептегі белгілі мәліметтерді ата.

— Осы есептің сұрағын айт.

— 15 және 20 сандарын пайдаланып қосу амалы­­ на есеп құрастырып көр.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

             

 

Оқу ісінің меңгерушісі: _________

 

Сабақ тақырыбы:

Ымбат — арзан

Мектеп:

Күні:14.04

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір санның екінші саннан қанша бірлік артық немесе кем екенін анықтауға берілген есептерді талдап, шығарады және кері есеп құрастыра біледі;

қосынды мен қалдықты табуға берілген

есептерді талдайды және шығарады, санды деректер бойынша және оған кері есеп құрастырады;

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және ұсақтай біледі.

сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

конверттер;

 

монеталар;

 

тағам муляждары;

 

ас мәзірі;

 

касса.

Тірек сөздер

қымбат;

арзан.

Сабақтың мақсаты:

Сурет және сызбаға сүйеніп азайту амалы арқылы есептер құрастыру және шығару жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасау; есептің бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, жауабына сүйеніп, есепті талдай білу дағдысын қалыптастыруға және “қымбат — арзан” сөздері арасында қатынас орнатуға үйренеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 347 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

4314 - | 4163 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.