Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Логикалық есептер шығарамыз




Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады;

 

тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтайды.

 

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр топтың санына сәйкес:

санақ таяқшасы немесе сіріңке;

 

геометриялық фигуралар жиынтығы: 20 үшбұрыш,­ 20 тіктөртбұрыш, 20 шаршы және т.б.

Тірек сөздер

Логикалық есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Логикалық геометриялық есептермен, ауысты­ рып салуға берілген тапсырмалармен таныстыру, есептерді шешкен кезде әртүрлі тәсілді таңдай білу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Осы сабақта фигураларды санау жолымен және жаңа фигура алу үшін таяқшалардың орнын ауыстырумен­ шешілетін геометриялық тапсырма­ лар мен мәтін есептерге көңіл бөліңіз. Мәтін есеп қолданбалы­ сипатқа ие және тәжірибелік жолмен шешіледі. Оқушыларды сабақта танграммен таныс­ тыру қажет. Танграм — бұл жаңа күрделі (жануарды, адамды бейнелейтін т.б.) фигура алу үшін жеті жазық геометриялық фигураны әртүрлі тәсілмен орналастыру арқылы орындалатын басқатырма.Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топқа бөліңіз­ (топ төрт адамнан кем болмауы керек; бөлу үшін түрлі түсті геометриялық фигураларды пайдаланыңыз)­. Сабақтың басында топтар арасына бейімділікке­ жарыс өткізіңіз.

— Әр топқа санақ таяқшаларының жиынтығын дайындаңыз немесе сіріңкені шашыңыз.

Оқушыларға таяқшалардан: 1) күн; 2) үй; 3) ағаш;

4) кірпі жасауды ұсыныңыз. Бір-бірінің жасаған жұмысын көру үшін әр топтың ауысып отыруын қадағалаңыз.

— Оқушылар үшін бірнеше бөлікке қиылған әртүрлі төртбұрышты дайындаңыз. Топтар арасында берілген бөліктерден фигура жинау жылдамдығына жарыс ұйымдастырыңыз.

— Топтарға танграм әзірлеңіз. Оқушыларға оны бөліктерге кесуді ұсыныңыз. Бөліктерден аңдардың фигураларын құрастыртыңыз. Оқушыларға көмекке интерактивті тақтадан дайын нұсқаларын беріңіз (түлкі, қоян, түйеқұс, мысық).

Дайын аппликацияларды тақтаға бекітіңіз. Қоры­ тынды жасаңыз, оқушыларды жұмысы үшін мадақтаңыз.

Логикалық тапсырмаларды бөліктерді құрасты­ ру немесе алмастыру арқылы және т.б. тәсілдерді қолданып, тәжірибелік жолмен шешуге болатынын айтыңыз.

Фигураларды сана. Оқушыларға топта жұмыс істеуді ұсыныңыз. Оларға фигураларды санатып, өзінің алған жауабын айтуға мүмкіндік беріңіз. Тақтаға фигура бейнелерін шығарыңыз және оқушыларға қалай есеп жүргізгенін көрсетуді ұсыныңыз. Суретте бір фигура үстіне екінші фигураны салғанда жаңа бір фигура шығатынына оқушылардың назарын аударыңыз.

Жауабы:

тіктөртбұрыш — 3, үшбұрыш — 5.

Ойлан. Оқушыларға ұсынылған әрекетті ойша жасап және сұрақтарға жауап беру керегін ескертіңіз. Егер оқушылар тапсырманы орындауда қиындыққа кезіксе, сурет түрінде көрсетуді ұсыныңыз.

Жауабы:

4 бөлік.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Ол үшін әрбір топқа қағаздан жасалған 6 алмұрт пен 2 алма таратып беріңіз. Осы жемістерден әртүрлі нұсқамен төрт жемісті алуды ұсыныңыз. Нұсқаларды қағазға жазып отыруды ескертіңіз. Әрбір топқа неше нұсқа жазғанын айтқызып, содан кейін бір нұсқаны дауыстап оқытыңыз.

 

Жауабы:

барлығы 3 нұсқа: 4 алмұрт;

2 алма және 2 алмұрт;

 

3 алмұрт және 1 алма.

 

Сіріңке таяқшасымен берілген тапсырма.

 

Оқушыларға­ дұрыс жауабын ламинатталған қағазға жазуды ұсыныңыз. Бірнеше нұсқаны жасап және оны тексеріп,­ дұрыс жауабын таба алады.Жауабы:

 

а) 1 + 4 = 5; ә) 9 – 9 = 0.

 

Жабайы аңдар. Оқушыларға сөйлемдерді оқып және оларды дұрыс немесе жалған тұжырымдарға­

бөлуді ұсыныңыз.

Орындап көр. Оқушыларға суреттегідей сірің­ ке шилерінен үй құрастыруды ұсыныңыз. Үйдің қай жаққа­ қарап тұрғанын сұраңыз. Одан кейін 1 шиді ауыстырып қою арқылы, үйді басқа жаққа қарап тұратындай етіп бұруды ұсыныңыз.

 

Үй жануарлары. Оқушыларға тапсырманы топ­ пен орындауды ұсыныңыз. Олар есепке әртүрлі нұс­ қадағы­ жауаптарды құрастыра алады. Тапсырманы­ орындап­ болған соң топтарға өз пікірлерімен алма­ суды ұсыныңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Логикалық тапсырмалар оқушылардың талқылай­ білу, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыта­ды­. Олардың толық жауап беруін, өз шешімін түсіндіруін­ бақылаңыз. Оқушыларға әзіл тапсырмалар­ ұсыныңыз, жауап алдында талқылап алуды сұраңыз­.

Әзіл тапсырмалар:

 

— Атызда 5 сауысқан отыр. Оларға тағы 3-еуі ұшып келді. Мысық жасырынып келіп, бір сауысқан­ ды ұстап алды. Атызда неше сауысқан қалды? (Бір сауысқан­ қалды, өйткені қалған сауысқандар ұшып кетті.)

 

— Алмұрт ағашында 10 алмұрт өсті, ал ақ тал-да одан 2 алмұрт кем. Ақ талда неше алмұрт өсті? (Ештеңе, өйткені ақ талда алмұрт өспейді.)

 

— Бұтақта 4 қарға отыр. Аңшы келіп біреуін атып өлтірді. Қанша қарға қалды? (Бір қарға қалды, өйт­ кені қалғандары ұшып кетті.)

 

Оқушыларға логикалық тапсырманы шешкен кезде бірден есептеуге кіріспеу керектігін айтып ескерті­ңіз­. Алғашында есептің шартымен жақсылап танысып,­ сосын шешімін болжау керек.

Шарлар. Оқушылар шарларды тапсырманың шартына дәл келетіндей етіп бояулары қажет.

Жауабы:

жасыл, қызыл, сары.

Пирамида. Оқушылар пирамиданың сақина­ ларын тапсырмаға сай келетіндей етіп бояйды.

Жауабы:

сары, қызыл, жасыл, көк, қоңыр.

Тышқан, мысық және шұжық. Оқушылар кес­ тедегі тұжырымдарды оқып, “ақиқат” және “жалған”­ екенін анықтап, белгілейді.

Жауабы:

1 — ақиқат, 2 — жалған, 3 — жалған, 4 — жалған, 5 — ақиқат.

Сөздер. Оқушылар есептің шартын оқып және оның шығарылуына дәл келетін сызбаны таңдайды.

Жауабы:

үшінші сызба.

Спорт түрлері. Қызығушылық танытқан оқу­ шыларға­ бұл тапсырманы саралап оқытуда қолда­ нуға болады. Оқушылар кестені толтырып, аттарын­ жазады.

Жауабы:

Қанат — шахматшы, Арман — жүзгіш, Марат — боксшы.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

түрлі логикалық есептер шығару тәсілдерін­ табуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:

— Мәтін есептің шартын тыңдағанда қандай болуымыз керек? (Зейінді.)

— Қазір неше сұрақ естігендеріңді айтыңдаршы.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

             


 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:

Жиын дегеніміз не?

Мектеп:

Күні:28.04

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

       жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктейді;

екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндейді;

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Жиын

Тірек сөздер

жиын;

элемент.

Сабақтың мақсаты:

Жиын ұғымымен және элементтерімен таныстыру; әртүрлі заттарды жиынға біріктіру ұғымын қалыптастыру, жиын элементтерін бөле білуге жаттықтыру.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 679 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

4310 - | 4130 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.