Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа байланысты деректі материалдар




Сабаққа қатысты ескертпеле р

 

Кіріспе тапсырма. Сыныптың бір бұрышына алдын ала “Дәмхана” жасап қойыңыз. Дәмханадағы үстелдің­ үстіне ас мәзірін қойыңыз. Тағамдардың пластмасса­ модельдері мен суреттеріне бағасы жазылып тұрады.

Оқушыларға бүгінгі сабақта дәмханада бола­ тындарын­ хабарлап, сатып алған тағам ақысын монеталармен төлейтінін айтыңыз. Оқушылардан­ бағасы 68 тг тұратын самсаға қандай монета­ларды­ пайдаланып, даяшымен қалай есептесе­тінін­ сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын сыныпта­ талқылау барысында белгілі соманы әртүрлі әдіспен алуға болатынына көздерін жеткізіңіз немесе­ оқушыларды сатып алушылар және дәмхана жұмысшылары­ деген екі топқа бөліп, “Дәмхана” ойынын жүргізуге болады. Сатып алушылар ас мәзіріндегі тағам үшін дұрыс төлем жасауы керек. Ал дәмхана жұмысшылары сатып алушылардың дұрыс төлем жасауын қадағалауы керек.

Мысалы, 30 теңгені алу үшін монеталардан мына­ дай комбинациялар жасауға болатынын құрасты­-рып көрсетуі тиіс: 20 теңге, 10 теңге немесе­ 10 тең­-гелік 3 монета және т.с.с.

Берілген соманы әртүрлі монета арқылы бір­ неше тәсілмен жинауға болады деген қорытынды жасатыңыз. Оқушылардың нұсқаларын тыңдаңыз­. Оқулық­тағы­ иллюстрациялар бойынша білімді

бекітіңіз.

Белгісіз монеталар. Оқушыларға тапсыр­маны өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Белгілі бір соманы­ алу үшін қолданылатын монеталарды атауды сұраңыз­. Олар жауаптарын ламинатталған қағаздарға­ жаза алады. Өзара тексеру жасатып, қиындыққа кездескен­ оқушыларға­ тапсырманы­ орындауда­ нақты шын монеталар немесе муляждарды қолданып орындауды­ ұсыныңыз.

Жауабы:

а) 11 тг = 10 тг + 1 тг; 11 тг = 1 тг + 10 тг; 11 тг = 5 тг + 5 тг + 1 тг;

ә) 15 тг = 10 тг + 5 тг; 15 тг = 5 тг + 5 тг + 5 тг;

15 тг = 5 тг + 5 тг + 2 тг + 2 тг + 1 тг;

15 тг = 5 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг.

Орындап көр. Оқушылардан баға дегеннің не екенін сұраңыз. Дүкендегі әр заттың өз бағасы болатынын түсіндіріңіз. Тапсырманы жұппен орын­ дауды ұсыныңыз.

Оқушылармен диалог жүргізу үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Шырын қанша тұрады?

— Шырынды сатып алу үшін қандай монеталарды қолдану керек?

— Монеталар мен төлем жасаудың қандай тәсіл­ дерін қолдануға болады?

Жұптарға әртүрлі монеталарды таратып беріңіз. Осы монеталардың көмегімен­ заттың құнын төлеудің бірнеше тәсілін көрсетуді талап етіңіз.

Оқушылардың жауабын тыңдау барысында әр жұптың соманы қандай монеталардың көмегімен­ төлегенін тексеріңіз. Бір-бірінің жауаптарын салыс­ тыртыңыз.

Жауабы:

80 тг = 20 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг.

80 тг = 10 тг + 10 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг т.с.с.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен­ орындауды ұсыныңыз.

Қоржынның ішінде 2 теңгелік 15 монета­барлығы 30 тг ақша бар. Оқушыларға құны бірдей монеталар­ дан 30 тг жинауды ұсыныңыз. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оларға қағаздан жасалған монеталардың әр түрінен он-он бестен таратып беріңіз.

 

Жауабы:

10 теңгелік 3 монета;

5 теңгелік 6 монета;

1 теңгелік 30 монета.

 

Ойлан. Алдын ала “қымбат” немесе “арзан” сөз­ дерінің мағынасын талдатыңыз. Есепте суреттелген­ жағдайды ойнатыңыз. Оқушыларға сомасы 90 теңге болатын монеталарды беріңіз. Бағасы арзан альбомды таңдап алып, оған қолдарындағы монета­лар­мен­ ақша төлеуді ұсыныңыз.

 

Жауабы:

 

Жандос бағасы 80 тг тұратын альбомды сатып алды. Себебі осы альбом арзан тұрады.

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

“Аукцион” ойынын ойнатыңыз. Барлық оқушы­­ ларға тауар сатып алу үшін ақша таратыңыз. Әр оқушыға сомасы әртүрлі ақша беріңіз. Мысалы, біреуіне құны 15 тг, екіншісіне 23 тг, үшіншісіне 26 тг т.с.с. болатын монеталар жиынын беріңіз. Оқушыларға аукционда (аукцион туралы алдын ала түсінік беріп кетіңіз) әдемі ойыншық қонжық сатылатынын хабарлаңыз. Оның бастапқы бағасы — 1 тг. Қонжықты кім сатып алғысы келетінін сұраңыз. Оқушылардың ұсынысына қарай бағаны өсіріп отырыңыз. Қонжықты жоғары баға берген балаға “сатыңыз”. Осылай бірнеше затты саудалаңыз. Ең жоғары бағаны атап, затты сатып алатын оқушы өзінің қолындағы ақшаның жиынын айтады. Мысалы: менің қолымдағы монетаның сомасы 12 тг т.с.с.

Дүкенде. Оқушылар жұмыс парақтарында бей­неленген­ заттардың бағасына сүйене отырып, тапсырмадағы­ сұрақтарға жауап бере алады. Көр­ гендерін бақылап, өзара салыстыра білу күнделікті­ өмірде қажет.

 

Жауабы:

 

Мәшиненің бағасы 50 тг, қарындаштың баға­сы 5 тг, дәптердің бағасы 15 тг, шоколадтың бағасы 10 тг, ойыншық қоянның бағасы 90 тг.

 

Ойыншық қоян мен моншақтың бағасы бір­ дей (90 тг), ойыншық мәшине мен доптың бағасы (50 тг).

 

2. Ең төмен баға — сіріңкенің бағасы. Сіріңке жұмыс парағындағы кескінделген тауарлардың ең арзаны.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

 

белгілі бір соманы монеталармен төлеуді меңге­ реді.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін­ тексеру мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз:­

 

— белгілі бір соманы жинау дегенді қалай түсі­ несің?

 

— Баға нені көрсетеді?

— Бағасы 16 тг тұратын затты сатып алу үшін қан­ дай монеталарды пайдаланар едің?

 

— Әмияныңда 80 теңге бар. Осы ақшаны пайдаланып,  мына заттардың ішінен қайсысын сатып алар едің?

 

Заттар: кітап 90 тг, қалам 50 тг, қарындаш 10 тг. (Жауабы: қалам 50 тг, қарындаш 10 тг.)

 

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз.

             


 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:

Ақшаны ұсақтау

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;

сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

 

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

құны әртүрлі монеталар;

“баға”, “саны”, “құны” деген тірек сөздері жазылған­ парақшалар салынған қорап немесе себет;

ойын парақшалары;тағам, сусын бағалары жазылған ас мәзірі.

Тірек сөздер

ұсақтау.

Сабақтың мақсаты:

Монеталардан белгілі бір соманы құрастыру. “Тағам және сусын” тақырыбын зерттеу, дәмханада төлем жасау үшін тағамдардың бағасын анықтап, белгілі соманы төлеуді түсіну. Ақша сомасын монеталардан түрлі әдіспен құрастыруға жаттығу





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 319 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

4159 - | 4143 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.