Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Сабақ санаудың ерекше түрі — екі-екіден санауды таныстыруға бағытталған. Зат санының қанша екенін тез игеруі үшін екі-екіден санаудың тиімді екенін оқушыларға тапсырмалар орындату барысында көрсетіледі. Заттарды екі-екіден санау барысында жұп сандарды қолданады. Сабақ берілген заңдылықты анықтай отырып, 2-сыныпта өтетін жұп сандар туралы тақырыпты өтуге дайындық болып саналады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты сыныптағы оқу-шылардың, партаның, орындықтың т.б. қоршаған ортадағы заттардың санын қалай анықтауға болатынын сұраудан бастаңыз. Оқушылар оларды бір-бірлеп санау арқылы анықтайтынын айтады. Олардан: “Басқаша қалай санауға болады?” деп сұраңыз. (Кей-бір оқушылар екіден санауға болады деп жауап беруі мүмкін).

Екіден санауды көрсету үшін оқушылардың жиналып тұрған дәптерлерін алыңыз. Дәптерлерді оқушының біріне санатыңыз.

 Ол бір-бірлеп санап болған соң, кім тез

 

 санаудың басқа түрін көрсете алады деп сұраңыз. Егер оқушылардан санайтын ешкім шықпаса, дәптерлерді екіден санап көрсетіңіз. Қандай тиімділігі бар екенін сұраңыз. Оқушыларға сыныптағы парталарды, оқушыларды екіден санауды ұсыныңыз. Оқушыларды партада отырған қалпында екі-екіден санатыңыз. Жұпсыз қалған оқушы болса, өзіңіз оның жұбы болыңыз. Санау ретін дауыстап айттырыңыз. Екі, төрт, алты, сегіз, он т.с.с. Заттарды екі-екіден санап, санын анықтауға болатынына назар аудартыңыз. Соңынан заттарды екі-екіден тез санауға болады деген қорытындыға келтіріңіз.

Екі-екіден сана. Екі-екіден санау дағдысын қа-лыптастыру мақсатында берілген тапсырма.

Тапсырманы жұп болып орындатыңыз. Қатар отырған екі оқушы бишілер санын жұбымен санап жаттығады.

Жауабы:

7-жұп. 14 қатысушы.

Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын, “Егер сыныптағы оқушылардың барлығында екі қолғаптан болса, сыныпта барлығы неше қолғап барын қалай санауға болады?”деген сұрақтың тө-ңірегінде жұппен санау бойынша зерттеу жұмысын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға жазуға қолдану үшін А3 форматты ақ қағаз, түрлі түсті маркерлер.

таратыңыз. Сыныпты топқа бөліп, әр топтың өз бетінше зерттеу жүргізуіне нұсқау беріңіз. Зерттеу нәтижесін топ мүшелеріне қорғатыңыз. Оқушылар заттың санын анықтаудың түрлі нұсқасын айтуы мүмкін. Бір адамда бір жұп қолғап болғандықтан, жұппен санап анықтауға болады деген қорытындыға келтіріңіз. Оқушыларға екі-екіден санау дегеніміз заттарды жұппен санауды білдіретінін қорытындылап айтыңыз.

 

“Шығарып көр” айдарындағы тапсырманы, сыныпқа талдатыңыз. Суреттегі көбелектер мен қоңыздарды санатыңыз. Әрбір екеуінен бір жұп құрастырып санағанда, неше жұп болғанын сұраңыз. Жұппен санауды қайталатыңыз.

 

Жауабы:

 

5 жұп.

 

Ойлан. Суреттегі аяқкиімдерді екі-екіден сәй-кестендіргенде неше жұп болатынын анықтатып, суға түсуге келген балалардың санын аяқкиімдердің санына қарап тапқызыңыз. Баскиімдер саны балалар санымен бірдей болатынын салыстырту арқылы анықтатыңыз.

 

Жауабы:

 

6 бала.

 

Орындап көр. Cыныптан екі-екіден санауға болатын заттарды тауып, оқушыларды ұйымдас-тырыңыз. Заттарды екі-екіден, яғни жұппен санату арқылы тез санай білуге жаттықтырыңыз. Екі-екіден санағанда жұп сандар қолданылатынын байқатыңыз. Екі-екіден санау мен жұппен санаудың бірдей екенін түсінуге жетелеңіз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Тапсырманы жұппен орындау кезінде өздерінің пікірлерін айтуы, өзара бір-біріне көмектесуі, бірін-бірі тексеруі және тез әрі дұрыс санай білуі олардың тілдік дағдысын жақсартуға көмектеседі.

Қояндар. Қояндарға қажетті сәбіздің санын табу үшін бос ұяшықтарға суреттерін салып, барлығы қанша сәбіз екенін табады.

Жауабы:

8 сәбіз.

Моншақ. Моншақтар тізбегін өздері түстерді таңдай отырып екі-екіден бояп шығады. Әрбір оқу-шы бояған тізбектерінен неше жұп пайда болғанын есептеп жауабын жазады. Екі мен жұп деген сөздердің өзара байланысын естеріне түсіріп жаттығады.

Жауабы:

5 жұп.

Суреттегі шұлықтардың жұптарын тап.

Оқушылар шұлықтардан жұптар құрастырып, олар-ды сызықтар арқылы бір-бірімен қосады. Күнделік-ті өмірде тек жұбымен ғана пайдалануға болатын заттардың бар екенін және оның екі санымен байланысын нақтылай түседі.

Жауабы:

6 жұп шұлық.

Тура ретпен екі-екіден сана. Оқушылар сан қатарындағы жоқ сандарды тауып, толтырады. Олар тапсырмадан сан қатарының кез келген жерінен бастап, екі-екіден санай беруге болатынын түсінуі керек.

Жауабы:

10, 12, 14, 16, 18.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

заттарды екі-екіден санауды меңгереді. Оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгенін тек-

серу үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

— Бүгін сабақта санаудың қандай түрімен та-ныстыңдар?

— 4-тен бастап 20-ға дейін екі-екіден сана.

— 10-нан екі сан аттап кері сана.

— Өмірде жұбымен болатын заттарға мысал келтір.

— Адам денесіндегі жұп мүшелерді ата. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.

             

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 310 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2277 - | 2208 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.