Жоспар:
1. Сәбит Дөнентайұлының мысал өлеңдері («Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан»).
2. Нарманбет Орманбетұлы өлеңдеріндегі замана шындығы.
«Заман», «Сарыарқа», «Аждаһаның аузында» өлеңдері.
Тапсырма:
1. Жаттау, көрініс дайындау.
2. Мысалдарына презентация дайындау.
Әдебиеттер: Дөнентаев С. Бозторғай.-Алматы, 1989ж., Ұрпағыма айтарым.- Алматы, 1989ж. ХХ ғ.б. әдебиет.// Құрастырған Қ.Ергөбеков А., Білім 1994ж. Ысқақов С.Дөнентаевтың ақындық жолы. А., 1966ж. Алдабергенов Қ., Баткеева Б. Елім деп еңіреген ер (С. Дөнентаевтың «ұлтшыл бағытта» шығарған өлеңдері туралы) Сарыарқа самалы (Айдын).-2004.-9желтоқсан.-16-17б. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Нарманбет шығармалары А., 1998ж.
ОСӨЖ. Ғұмар Қарашұлы -аудармашы
Жоспар:
1.Ғұмар Қарашұлының А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударуы.
2.Аудармаларды түпнұсқамен салыстыру.
Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Қараш Ғ. Замана. А., 1994ж.
ОСӨЖ. Әріп Тәңірбергенұлы -аудармашы
Жоспар:
1.Әріп Тәңірбергенұлының А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударуы.
2. «Евгений Онегинді» түпнұсқамен салыстыру.
3.Әріп Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны. Өлеңдері. Ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегі.
4.Аудармаға атсалысуы «Евгений Онегин»романы.
5.Әріп айтыстары мен дастандары.
Сұрақтар:
1. Әріп Тәңірбергенұлының 1921 жылы жазылған «Әйелдер арызы» деген өлеңінде неше әйелдің арызы туралы жазылған?
2. Ақынның «Имон» туралы өлеңіндегі имон сөзін қалай түсінесіз? Ақын өлеңді неліктен имон деп таниды және оның міндетін қалай түсінген?
3. «Баһрам» дастанындағы Баһрам бейнесі қандай кейіпкерге жатады?
Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Тәңірбергенов Ә. Ұмытпаңыздар, мені А., 1971ж.
ОСӨЖ. Бернияз Күлейұлы балладалары
Тапсырма: 1.Б. Күлейұлының бір өлеңін жаттау (өз қалауы бойынша).
2.Бернияз Күлейұлының әлеуметтік, көңіл-күй, махаббат, пейзаждық, альбомдық өлеңдері (поэтикалық талдау).
Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Күлеев Б. Айтшы, ақ қайың А., 1969ж.
ОСӨЖ. Тайыр Жомартбайұлы ақындығы
Тапсырма: 1. Тайыр Жомартбайұлыныңбір өлеңін жаттау (өз қалауы бойынша).
2.Тайыр Жомартбайұлыныңәлеуметтік, көңіл-күй, махаббат, пейзаждық лирикалары (поэтикалық талдау).
Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Жомартбаев Т. Қыз көрелік.- А., 1986ж.
Тест тапсырмалары
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен. Соның бірі- атақты...
А) Балуан Қажымұқан
В) С.Мұқанов
С) Ш.Жәңгірұлы
Д) Түрколог-ғалым Радлов
Е) Шәкәрім
2. М.Ж.Көпеевтің 1886-1896жж. аралығында білім алған қалалары-
А) Бұхара-Ташкент
В) Ташкент-Орынбор
С) Бұхара-Павлодар
Д) Семей-Омбы
Е) Ташкент-Қазан
3. М.Ж.Көпеев 1907ж.»Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендікі туралы»,» Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын қай қаладағы Хұсайынов баспасында бастырып шығарады?
А) Қазан қаласында
В) Омбы қаласында
С) Ташкент қаласында
Д) Бұхара қаласында
Е) Семей қаласында
4. М.Ж.Көпеевтің «Мәшһүр» аталу себебі:
А) Ақындық талантына байланысты
В) Ағартушылық-публицистикалық шығармаларына байланысты
С) Ел сөзін жинаушы, фольклорист ретінде кең танылуына байланысты
Д) Жазушылық қызметіне орай
Е) Редакторлық қызметіне орай
5. М.Ж.Көпеевтің айтулы қолжазбасы
А) «Мес»
В) «Оянған өлке»
С) «Бақытсыз Жамал»
Д) «Ауырмай есімнен жаңылғаным»
Е) «Оян, қазақ»
6.М.Ж.Көпеев 1889-1894жж. аралығында оннан астам проблемалық материалдар жариялаған газет-
А) «Дала уәлаяты»
В) «Түркістан уәлаяты»
С) «Қазақ» газеті
Д)»Айқап» журналы
Е) «Алаш» газеті
7. М.Ж.Көпеевтің «Ақбала мен Боздақ» айтысында не туралы айтылған?
А) Өліп қалған адаммен тілдесу туралы
В) Туған жер туралы
С) Қыз бен жігіт, махаббат, сезім, туралы
Д) Адамгершілік туралы
Е) Оқу, білім туралы
8. М.Ж.Көпеев Бұхараға, Ташкентке, Түркістанға қанша рет сапар шекті?
А) Үш рет
В) Бір-ақ рет
С) Бірнеше рет
Д) Барған жоқ
Е) Төрт рет
9. «Мес» жинағындағы асыл қазынаны бірінші рет барлық ынтасын салып көшіріп халыққа ұсынған ғалым-
А) С.Дәуітов
В) С.Мұқанов
С) М.Әуезов
Д) Ш.Уәлиханов
Е) Б. Кенжебаев
10. М. Ж.Көпеев «Адам екі түрлі» атты өлеңінде адамды неге теңейді?
А) Терекке
В) Тасқа
С) Гүлге
Д) Қарғаға
Е) Қойға
11. М.Ж.Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңінің кейіпкерлері
А) Бұлбұл мен қаршыға
В) Жолаушы мен айдаһар
С) Шайтан мен Ғайса
Д) Тырна мен қасқыр
Е) Әкімбек пен Момын
12. М.Ж.Көпеевтің қай өлеңінде салақ, әрі ұйқышыл әйелдің үй-тұрмысы суреттеледі?
А) «Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол»
В) «Жалқаулар туралы айтқаны»
С) «Дүниеге көңілі қалғандықтан сөйлеген сөзі»
Д) «Салдым айғай»
Е) «Салақ әйел»
13. М.Ж.Көпеев қай өлеңінде «Адамның кеудесі – үй, қапас-жүрек» дейді?
А) «Бұл біртүрлі сөйлегені»
В) «Дүниені дойбының ойынына балап жазғаны»
С) «Ағайын»
Д) «Салдым айғай»
Е) «Момынның әйеліне шығарғаны»
14. М.Ж.Көпеевтің «Шайтанның саудасы» атты өлеңінде шайтанның базарға сатар жүгі не болды?
А) Айла, күншілдік, тәкаппарлық
В) Киім, тамақ, мал
С) Алтын, күміс
Д) Мейірімділік, әділдік, шыншылдық
Е) Дұрыс жауабы жоқ
15. Мәшһүр Жүсіп Көпевтің қай өлеңінде сарт есегін ұрлатады?
А) «Аңқау адам туралы»
В) «Ағайын»
С) «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді»
Д) «Адам екі түрлі»
Е) «Жалқаулар туралы айтқаны»
16. «... Жыландай зәрін төгіп сорып жатқан, Бас салып мұңлы-зарлы кем-кетікті. Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан,» - деп Көпеев өлеңінде кімді айтады?
А) Әкімдерді
В) Кедейлерді
С) Қазақ халқын
Д) Молдаларды
Е) Ресей патшасын
17.М.Ж.Көпеев өлеңінде дүниені неге балайды?
А) Дойбының ойынына
В) Шахмат ойнына
С) Көкпар ойнына
Д) Асық ойнына
Е) Тағдыр тәлкегіне
18. М.Ж.Көпеевтің «Айтыс» өлеңінде ақынды жеңген құс?
А) Тырна
В) Қарға
С) Көгершін
Д) Тоты
Е) Дұрыс жауабы жоқ
19. «Қарқабат» жырының М.Ж.Көпеев жасаған нұсқасы?
А) «Гүлшат-Шеризат»
В) «Қамар сұлу»
С) «Жарты нан»
Д) «Көз көрелік»
Е) «Қалың мал»
20. М.Ж.Көпеевтің «Гүлшат-Шеризат» дастанындағы Шеризатқа қастандық жасаушы кейіпкер-
А) Парахзат
В) Қожа Сағит
С) Гүлшат
Д) Ақтар
Е) Маһрасар
21.М. Сералиннің бізге келіп жеткен поэзиялық шығармаларының бірі.
A. «Киіктіңзары»
B. «Топжарған»
C. «Гүлкәшимә»
D. «Рүстем-Зораб»
22.«Киіктің зары» дастанының көшірсмесін кім, қай жылы жасаған?
A. Р.Сералықызы 1948жылы 20 шілдеде
B. Б.Кенжебаев 1950жылы 25 тамызда
C. С.Зиманов 1974жылы 13 ақпанда
D. Т.Әбдірахманов 1965жылы 24 қазанда
23. «Киіктің көз жасы» дастанындағы кейіпкерлер қатарына жатпайды?
A. Таман
B. Мұхаммед пайғабар
C. Жәбірейіл
D. Киік бейнесі
24. Қаталдыққа жаны қас, зұлымдыққа қарсы күреске даяр, мейірімді тұлға. «Киіктің зары» дастанындағы қай кейіпкерге берілеген сипаттау?
A. Мұхаммед пайғамбарға
B. Киікке
C. Жәбірейілге
D. Дұрыс жауабы жоқ
25. «Киіктің зары» дастанындағы надан, қатігез әрі жағымсыз кейіпкер?
A. Жөйіт
B. Киік
C. Жәбірейіл
D. Барлық жауабы дұрыс
ГЛОССАРИЙ
Терминдер | Терминдердің түсіндірмесі |
Аллитерация | Дауыссыз дыбыстардың қайталануы |
Аллоним | Өз есімін тастап, өзге бір есімді бүтіндей иелену, лақап ат М: Қоңыр –М.Әуезов, Әкім Тарази- Ә.Әшімов, Сандуғаш Адаева-Ф.Оңғарсынова |
Альманах | Белгілі бір сипатына қарай топтастырылған әдеби шығармалардың жинағы |
Анаграмма | Әріптердің орнын алмастыру арқылы жасалған бүркеншік ат М: М.Әлімбаев-«Мәлім», Қ.Мырзалиев-«Мырза Әли» |
Ананим | Бүркеншік аттың бір түрі М: Иван Крылов-«Нави Волырк» |
Анафора | Әдепкі қайталау |
Антитеза | Шендестіру |
Ассонанс | Дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы |
Әсірелеу | Шамадан тыс асырып айту |
Баллада | Лирикалық сарындағы ұзақ өлең |
Градация | Дамыту |
Гротеск | Шендестіруге құрылған әжуа түріндегі көркем бейнелеу тәсілі |
Ғазал | 12 бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең |
Ғақлия | Нақыл сөздің бір түрі |
Дидактикалық поэзия | Үгіт-насихаттық, өсиет сарынды өлең |
Диуан | Классикалық түркі тілдес поэзияда қолжазба күйіндегі жинақ |
Жанр | Әдеби шығармалардың жеке түрлері |
Эпиграмма | Жеке адамға арналып айтылатын сықақ өлең. |
Каламбур | Поэзия тіліндегі ерекше тапқырлық, қиыстыра білу тәсілі |
Калька | Бір тілдегі сөзді басқа тілге дәлме-дәл аудару |
Канондық текст | Түзетіп қайта бастыру |
Композиция | Әдеби шығарманың құрылысы |
Көсемсөз (публицистика) | Қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын сала |
Коллизия | Қақтығыс, шығарма ішіндегі шағын тартыстар |
Қасида | Мадақтау өлең |
Қисса | Өлеңмен жазылған ертегі-хикая |
Либретто | Опера, балет қойылымдарының қысқаша мазмұндамасы |
Метафора | Ауыстыру |
Прототип | Өмірде болған адамның кейіпкер бейнесін жасауға тірек болуы |
Новелла | Көлемі шағын прозалық шығарма |
Мысал | Өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін сюжетті, шағын көлемді өлең түрінде келетін көркем шығарма |
Памфлет | Саяси топ жетекшілерін әшкерелейтін сатиралық шығарма |
Плагиат | Біреудің шығармасын иемдену, ұрлап пайдалану |
Сал-сері | Әнші, күйші, сазгер, би, спортқа бейімді ерекше өнер иесі |
Серенада | Ғашығына жолығуға кездесуге шақыратын кешкі ән-өлең |
Сюжет | Өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі |
Текстология | Тексті түп нұсқасымен салыстырып тексеретін сала |
Шайыр | Ақын, орындаушы |
Шенеу | Ащы мысқыл, кекесін, сықақ, келеке |
Эпистолярлық әдебиет | Хат түрінде жазылған көркем шығармалар |
Эллегия | Мұңды лирикалық өлең |
Дәріс № 1-2