Мақыш мұрасын тану мәселелері.
Мақыш поэзиясының тақырыптық, мазмұндық өрісі.
Ақын мысалдарының даралық сипаты.
Мақыш аудармаларының ерекшеліктері.
Тірек сөздер: аударма,публицистика.
Иллюстрациялық материалдар: слайд,интернет материалдары.
Мақыш Қалтайұлы сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынған Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелде 1869 жылы туған.
Мақыш Қалтайұлының «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» (1907), «Біраз ғибрат сөз...» (1910), «Қазақтың айнасы» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты жинақтары Қазан қаласындағы баспаханада жарық көрген. Мақыш аудармамен де айналысып, З.Каримидің«Айна» (1913), Ұ.Рашидидің «Сақ уа сұқ халдері» (1913) атты кітаптарын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ «Тұрмыш» атты қолжазба журнал да шығарған. Өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде «Жолсыз газеттеріміздің бірі», «Газетаның керектігі хақында» атты мақалалары арқылы білдіріп отырған.
Мақыш Қалтайұлының «Ғылым үйрету парыздылығы», «Орысша оқу керектігі», «Ғылым әдептері», «Бар оқиға», «Сахарадағы мешіттер», «Оқу парыз балаларға», «Басқа жұрттар қандай халде», «Өз пайдамызды білмейміз» сияқты өлеңдері жаңашылдықты насихаттайтын ағартушылық идеямен жазылған.
- Мақыш Қалтайұлы артына елеулі әдеби және публицистикалықмұра
қалдырған, жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ әдеби-тарихипроцесінде өзіндік қолтаңбасы және ақындық болмысымен ерекшеленетінқаламгер;
- Мақыш қазақ әдебиетінде Абай негізін салған сыншыл реалистік бағытты жаңа идеялық негізде жалғастырушы;
- М.Қалтайұлы қазақ ағартушылығына бүкіл шығармашылығымен үн қосып, милләтшілдік өлеңдерімен ұлтты оятуға ұмтылған ақын;
- ол жәдидшілдік бағытты барынша қуаттап, өлеңдерімен насихаттап, осы жүйеде бала оқытқан жәдидшіл ағартушы ұстаз;
- Мақыш мысал өлеңдері арқылы қазақ мысал жанрының дамуына, идеялық-мазмұндық жағынан жетілуіне үлес қосқан ақын;
- М.Қалтайұлы өз кезеңінің өзекті мәселелерін баспасөз бетінде («Айқап» журналында) мақалалары арқылы көтеріп, қолжазба журнал шығарып, ел ішіне таратқан қаламгерлік қызметімен де танылды.
Дәріс № 7-8
Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы (1855-1933)
Ата-тегі, өскен ортасы жайлы.
Исса – дастан, поэмалары, олардың тарихи – сюжеттік негіздері.
Төрт дәруіш» дастаны, «Орқа - Күлше» дастаны, «Ресей патшалығында Романов нәсілінен хумырнамалық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы», «Назым Сияр шариф немесе Пайғамбардың ақ жолы туралы», «Абылай», «Ибраһим пайғамбардың хикаялары» дастандары.
Тірек сөздер: дін, дастан, Пайғамбар, шығыс әдебиеті.
Иллюстрациялық материалдар: слайд,газет материалдары.
«Шәді Жәңгірұлы – шығыс классикалық әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін жете меңгерген ақын, есімдері әлемге мәшһүр шығыс шайырлары поэзиясындағы дәстүрлі тақырыптар мен сюжеттерді, гуманистік, ағартушылық мотивтерді өзінше жырлап, мазмұн мен түр жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, төлтума шығармалар жазған дарынды қаламгер». (Келімбетов Н. «Шәді Жәңгіров кітапта: ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А, 1994, 36б).
1876 жылы Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғұламаларынан дәріс алады. Шығыс әдебиетін зерттейді. Ол Ташкент медресесінің бірінде 7-8 ай оқыған соң оны тастап, Бұхарадағы Көкілташ медресесіне түседі. Шәді Бұхарадағы «Көкелташ» медресесін бітіріп, сол кездегі өзбек, түрікмен, қарақалпақ шайырларының көбімен достасыпты. Дін жолын қоса үйретбтін медреседе оқыса да Шәдінің ақындық мінезі мұқалмай, өткір, сыншыл тілі жасымай өседі. Оған сол кездегі өзімен тұстас дүмше молдагар мен сараң байларға арнаған өлеңдері кепілдік істеді. «Шәдінєң ақындық дәуірі де осы медреседе оқып жүрген кезінен басталады» (Қ.Әбдіқадыров).
1877 жылы әкесі Жәңгір, көп ұзамай анасы Мәуіті дүние салады. Енді үй ішінің бар тауқыметі Шәдінің мойнына түседі. Осы кезде ол зергерлікпен айналысқан. Созақ, Түркістан өңірінде белгілі зергер атанған.
1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғұланға жер аудартады. Асан Қатыпұлы дейтін жиенінің қолында тұрып, 1933 жылдың 12 қыркүйегінде қайтыс болады.
Ол көп жазған, кітаптары көп басылған ақын.«Қисса Бәлғәм Бағур», «Хайбар қиссасы» Қазан. Б.Л.Домбровский баспасы. «Назым чәһар дәруіш». Бірінші басылуы Ташкент Х.Ғ.Ғарифжанов баспасы. 1913 ж. 192 бет.
Ол дастандарын Ташкент, Қазан, Орынбор қалаларында бастырып шығарады. Шәді барлығы үлкенді-кішілі 18 –ден астам дастан, поэма, бірсыпыра ұсақ өлеңдер жазып бастырған ақын. Оның жазған шығармаларының жалпы мөлшері 60 мың жолдай өлеңнен тұрады, соның 53 мың жолы (75 баспа табақ) ақынның тірі кезінде басылып шыққан.
Дәріс № 9-12
Шәкерім Құдайбердіұлы шығармашылығы (1858-1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны. Абай тәрбиесі, шығысқа бет бұруы, әлем әдебиеттерімен танысуы.