Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ОСӨЖ. Мұхамеджан Сералыұлының «Гүлқашима»,«Топжарған» поэмалары




Жоспар:

1.«Топжарған» поэмасындағы адай жігіті образы.

2.«Гүлкашима» поэмасы – реалистік-романтикалық сюжетті поэма.

3. «Рүстем-Зораб» дастаны.

4. «Киіктің зары» дастаны.

Тапсырма: «Киіктің көз жасы» дастаны бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.

М. Сералиннің бізге келіп жеткен поэзиялық шығармаларының бірі - «Киіктің көз жасы» атты дастаны. Ақынның көзі тірісінде баспа бетін көрмеген. Бұл шығарма жайлы алғашқы мағлұмат С. 3. Зиманов пен К. 3. Ыдырысовтың М. Сералин туралы жазған 1989 жылы Алматыда «Наука» баспасынан басылып шыққан «В поэме «Слезы Сайгака» он описывает случай, когда жестоконравный охотник расставлял свои капканы (ловушки) в степи, в одну из которых попала самкаСайгака. В предсмертных муках, прощаясь с жизнью,она вдруг увидела человека в образе Мухаммед-пророка и обратились к нему с просьбой.Пришелец услышал ее страдания и искренне желая ей помочь обратался к охотнику с просьбой дать ее ему на поруки с обязательством, что она, накормив своих детей, вернется и человек волен будет поступать с ней, как захочет.

     Сайгачиха сдержала обещание: возвратилась с двумя сво­ими козлятами раньше срока, и обняв детей в последний раз, отдала себя в распоряжение охотника. Он был изумлен а затем заплакал: «Не достоин я называться человеком, на­много лучше меня дикие обитатели степи». И дал ей свобо­ду. В этой небольшой по объему поэме-легенде М. Сералин, с одной стороны, наделяет добро силой, способной одолеть зло, а с другой - восстает против угнетения слабых, против жестокости человека по отношению к беззащитным диким обитателям земли» (Зиманов С. 3., Идрисов К. 3. Общес­твенно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. А.А., 1989. С. 47-48).

Шығыстық діни қисса-дастандар түрінде жазылған дүние. Дастан тақырыбы жағынан діни аңыздық үлгіде. Оқиғасы ертегі сипатты. Кейіпкерлері Жәбірейіл періште, Мұхаммед Пайғамбар және жөйіт аңшы мен Киік. Дастан автордың бір шумақ өлең жолымен басталады:

Құдая өр пеңдеңді өзің қолда

Жақпайсың рахметіңмен біздей құлға.

Сөйлейін пайғамбардан бір хикаят

Жамағат, құлақ салып мұны тыңда!

Онан әрі дастан оқиғасы Жәбірейіл періштені құдайдың Мұхаммед пайғамбарға жібергені туралы айтуымен өрбиді:

Жәбірейіл бір күн келді, я, пайғамбар,

Кұдайым сәлем айтты құлағың сал.

Жолына Мәдиненің шықсын дейді.

Алла тағаланың бұйырығымен, ол бұйрықты періште Жәбірейілдің жеткізуімен Мұхаммед Пайғамбар Мәдиненің жолына шығып, алыстан бір қарайғанға көзі түседі. Не болса да жақындап көрейін деп келсе, қақпан құрып жүрген жөйіт екен. Қақпанына бір киік түсіп, соны қуып жүреді. Қақпаңды сүйретіп қашып жүрген киікті жөйіт аңшы ұзатпай-ақ ұстап алады. Жақындап келген пайғамбар сойылғалы жатқан киіктің жан қиналысын көреді. Мұхаммед пайғамбарды көрген киік оған мұңын шағады.

Сөйлейді пайғамбарға киік жатып,

Өзінің көңіліндегі мұңын айтып.

Кәпірге кіріптармын, әй, Мұхаммед,

Мен мұнан құтылармын енді қайтіп...

Бар еді жаңа туған екі қозым,

Не қылып, жетім қалып күн көреді.

Басыма бұл дәулетті тәңірім салды.

Жапанда екі қозым жетім қалды.

Туғалы қозыларым үш күн болды,

Құдайым жетімдікке рауа қылды.

Мұхаммед кепіл болсаң мен барайын,

Емізіп қозыларым мен келейін.

 Киік зарын естіген Мұхаммед пайғамбар Алла тағалаға жалбарынады. Киік жанына араша сұрайды:

Кұдайым, бұл мақұлыққа рахымың сал,

Баршасы жүмілә жанның сізге мұқтаж.

Кәрімсің не қылсаң да құдіретің мол.

Алла тағалаға жалбарынып, Мұхаммед пайғамбар аңшы жөйттен киікті кепілдікке сұрайды. Қозыларын тез емізіп келсін, сосын сойып жей бер дейді. Бұл сөзге көнбеген аңшы:

Ұстадым бұл киікті қуып зорға

Далада жүрген аңға кепіл болып,

Мұхаммед, сенде сірә ақыл бар ма?!

Далада жүрген аңға бек сенесің

Киікке кепіл болып бар ма есің?!

Берейін кепілдікке, я, Мұхаммед.

Бұл киік келмей кетсе не бересің?

     Пайғамбар бұл киік келмей кетсе, бір киіктің орнына он киік беретін болып, киікті кепілге алып, оның тез келуін қадағалап, шығарып салады. Киік те Мұхаммедке уәдесін беріп, қозыларын ақырғы рет емізіп келмекке аттанады. Қозыларын емізіп тұрып, оларға болған жайды баяндап жылайды. Ана киік тез еміп қалуларын сұрайды. Сонда қозылары ана киікке біз сенен қалып не боламыз. Түбі аштан өлеміз. Онан да біз де сонда барайық, тағдырдың жазғаны осы болар-деп екі қозысы ілесіп, бір киік үшеу болып, уағдалы уақыттары өтпей-ақ келіп калады. Бұл жағдай аңшы жөйітке қатты әсер етеді. Осы сәт дастанда былай беріледі. Осылайша даладағы жануар киіктің Мұхаммед пайғамбарға берген уағдасын орындап, сертте тұруына қатты қайран қалған жөйіт енді маған дін үйрет деп, Мұхаммед пайғамбарға өтініш етіп, ислам дініне кіреді. Шығыстық үлгідегі шағын дастан осылай аяқталады. Бұл - таза діни дастан. Оның өн бойына өрілген оқиға өрімі, соған сәйкес ақын сөз саптауы, мақамы бізге осыны аңғартады. Құдіреті күшті Алла тағаланың өзі бейкүнә киіктің жайын біліп, оны қатыгез аңшы қолынан құтқарып, араша болу үшін Жәбірейіл періштені Мұхаммед пайғамбарға жұмсап отыр. Алла тағала әділ. Тендесі жоқ құдіретті күш иесі.

     Дастаңдағы Мұхаммед пайғамбар бейнесі - қаталдыққа жаны қас, зұлымдыққа қарсы күреске даяр, мейірімді тұлға. Ғажайып шапағатты жан. Кереметі күшті Алла тағаланың жердегі өкілі.

Жөйіт дінсіз. Сондықтан да ол надан, қатыгез. Алла тағаланың құдіретімен болған жайға еріксіз куә болған қатал да дінсіз жөйт дінге кірді. Көкірегіне сенім, жүрегіне жылы сезім ұялады.

     Дастандағы киік бейеесі - мұсылмамшылықтың, Алла тағалаға, оның жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбарға деген шексіз берілгендіктің, сүйіспеншіліктің символдық тұлғасы.

Сұрақтар мен тапсырмалар негізінде ә деби талдау

1. Автор «Топжарған» поэмасының басында Кенесары мен оның маңына жиналған топтардың іс-әрекетін қалай суреттейді?

2. В.А Жуковскийден аударып жазған «Рүстем-Зорап» қанша кітаптан тұрады?

3. М.Сералиннің публицистік мақалаларында көтерген мәселелер?

4. М.Сералиннің ақындықтан басқа қандай қырлары бар?

5. М.Сералин қазақ халқының мәдениетінің,тұрмысының өсуіне қалай ықпал етті?

Тапсырмалар:

1. «Гүлкәшима» поэмасының қазақ өмірінен алынып жазылған реалистік шығарма екендігін дәлелдеңіздер

2. «Рүстем-Зорап» поэмасы кімнен, қалай аударылғаны жайлы айтып беріңіздер.

3. «Айқап» журналында қанша мақаласы жарияланғаны туралы және олардың тақырыптары туралы айтыңыздар.

4. М.Сералиннің 1918-1928 ж арасындағы журналистік қызметі жайлы әңгімелеңіздер.

 

Мұхамеджан Сералиннің «Гүлқашима» дастаны

1. «Гүлқашима» қандай оқиғамен басталады?

2.М.Сералин «Гүлқашима» поэмасы қандай тұрғыда жазылған шығарма?

3. Баймағамбеттің дәптерінде Гүлқашиманы қалай суреттеп жазған?

4. Бестөбеден тамыр аулап келе жатқан жас жігіт Сүлеймен Баймағамбетке Гүлқашима жайында не айтады?

5. Баймағамбет Гүлқашимаға не деп хат жазды?

6. Баймағамбетке Гүлқашима не деп жауап берді?

7. Сөз соңында автор не дейді?

8. «Гүлқашима»поэмасы қанша бөлімнен тұрады?

9. «Гүлқашима» поэмасының бірінші бөлімінде не туралы айтылады? –

10. Поэма қай жылы жазылды?

М. Сераллиннің «Топжарған» дастаны

1. Хан Кене тұтқын жігіттің атының жауыр торы ат екенін көріп, оның жүйрік екендігіне күмәнданады. Хан оны қалай сынамақшы болады?

2. Тұтқыннан құтылып кеткен жігіт неліктен хан Кененің ауылына қайтып келеді?

3. Ханның жігіттері жалғыз ұйықтап жатқан жігітті көріп, оны қапыда тұтқынға алады. Ол кім және неліктен жалғыз өзі айдалада ұйықтап жатады? -

4. Тұтқыннан құтылған жігіттің Құбақан атын неге хикая соңында Топжарған деп атайды?

5. Адай жігіті хан Кененің нөкерлерінен қашпас бұрын не істейді?

6. Хан Кененің нөкерлері Адай жігітін қолдарына қалай түсіреді?

7. Ханның нөкерлерінен құтылып, қайтадан қайтып келгеннен соң жігіт неге өзінің астындағы жүйрігін Ер Науанға береді?

8. Адай жігіті өз елінен қашып кеткеннен кейін қандай іспен айналысады?

9.Тұтқыннан құтылып кеткен жігіт неліктен хан Кененің ауылына қайтып келеді?

10. Хан Кене жайлы қандай шығармалар оқыдыңыздар?

11. Автор «Топжарған» поэмасының басында Кенесары мен оның маңына жиналған топтардың іс-әрекетін қалай суреттейді?

М. Сераллиннің «Рүстем-Зораб» дастаны

1. М.Сералиннің «Рүстем-Зораб» дастаны не туралы?

2. Рүстем аңға шығып, атын жоғалтқанда Саманған деген шаһарға қай кезде жетеді?

3. Саманған шаһарында Рүстемге түнде кім келеді?

4. Рүстемнің жасырын үйленген әйелінің аты кім?

5. Рүстем Таминаға нені аманат ретінде тапсырады?

6. Рүстемнің ұлы дүниеге қалай келген?

7. Зораб жауға аттанғанда кіммен соғысады?

8. Рүстем батыр қай елдің ері еді?

9. Рүстемнің аты қай кезде жоғалып кетеді?

10. Рүстем Саманған шаһарына не үшін барады?

11. Рүстем неліктен жасырын үйленеді?

12. Рүстем Таминадан кетерде алтыннан тоқылған орамалды беріп не дейді? -13. Зораб соғысқа қайда аттанады және не себептен

14. Иранды жаудан сақтайтын екі басты кімдер еді?

15. Зораб Хаджирді өлтірер кезде, Хаджир не дейді?

16. Зорабтың үш қиялы не еді?

17. М.Сералин «Рүстем-Зораб» дастанын кімнен аударған?

18. Саманған шаһарында Рүстемге түнде кім келеді?

Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы.6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Сералин М. Топжарған.- Алматы, 1985ж. Ергөбек С. Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин. 2004ж.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1342 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

3775 - | 3562 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.