Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сәбит Дөнентаевтың табиғат лирикалары.




Ақын жыр мұрасында едәуір жақсы қамтылған тақырыптың бірі — табиғат тамашалары. Табиғат бояуы арқылы қазақ халқының қоғамдық өміріне араласып, жаз, қыс, көктем, күз маусымдарының типтік суретіне, өзіндік мінез ерекшеліктеріне орай әлеуметтік іргелі ой айтады. «Жаз», «Шілде», «Жарық ағаш», «Бірінші май», «Жазғытұры жар басында», «Күздің сыры», «Май туады», т.б. Мәселен, «Жаз» аталатын өлеңінде:

Қаз қаңқыл, үйрек сымпыл, аққу сұңқыл

Еткенге құлақ түріп салайық та,

Құс-құрттар білген әнін жырламақта

Тым-тырыс біз де үндемей қалайық па?

Жер жайып түрлі кілем, той қылмақшы,

Кел, қазақ, тойға таман барайық та..-

деп жырлайды. Демек, жалаң табиғат — ақын үшін мұрат емес. Ақын табиғатты жырлай отырып, халықты өмірдің жазына шақыруды мұрат еткен.

«Жарық ағаш» атты өлеңі- баллада типтес сюжетті өлең. Өлең жел досына ат байлайтын ағаштың зары ретінде беріледі. Жайқалған орманда айналам әнге, сәнге бөленгенде, жыршы құстың әніне үн қосып, төредей тірлік еткен едім,— дей келіп, ат байлайтын жарық ағаш желге мұңын былай шағады:

Қиратты дәуренімді, бағымды алды,

Шуылдап, бұтақтарым жетім қалды.

Мәз болып жарқыратып дей алмаймын

Балтадан мына жерім аман қалды.

Бұл не? Ақынның орман ағашын кесіп, адам игілігіне жаратуға қарсылығы ма, әлде ақын ойында сол кезеңнің өзінде-ақ табиғат қорғау проблемасы туындаған ба? Өлеңде адам епсіздігі, ұқыпсыздығы жайында да ойлар бар тәрізді, әйтсе де басты мәселе — басқада! Ақын адам баласының әділетсіз күш әсерінен елінен, жерінен қуылуы, жер аударылуы, қажетке жарамсыз күйге ұшырауы жөнінде тебіреніп отыр.

Көтерген нелер көңіл досым, желім,

Кеткені-ақ қияметке кегім менің,

Өзімді не қылайын, өтті күнім...

Аман ба тек соны айтшы, қайран елім!?» -

деген өлең финалы бізге соны ұқтырғандай. Шамасы, бұл өлең өлмелі әкесімен қоштасуға үлгермей, қара жұмысқа айдалып, Рига түбінде мұң-шерді серік еткен ақынның астар, ишарамен өз тағдырын бейнелеуі болса керек. Туған ел-жерге деген ыстық сағынышын ақын осылай қалың орманнан кесіліп, ортасынан аласталған жарық ағаш келбетінде, оның желге шаққан мұң-зары ретінде бейнелейді.

     Мысалдары: «Рамазан айында ібілістің шайтандарына айтатыны» (Ғ.Тоқайдан) «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге» (Калима мен Димна) «Ақырған арыстан» (фольклорлық мотив) «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Сұңқар мен қарғасар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға», «Тотыға», «Шошқа мен саудагер», «Бөшкенің зары».

     Фельетондары: «Сүлейменнің нануы», «Драмашыға», «Құсайынның арманы», «Қаржаубайдың ашуы», «Нағиманың өкпесі», «Ой, жалған –ай».

Сұрақтар:

1. С.Дөнентаев қай жылдары өмір сүрді?

2. Ақын кімнің шығармаларын қызығып оқыған?

3. С.Дөнентавтың алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады?

4. Ақын шығармасындағы көтерген негізгі мәслелер не жайында?

5.С.Дөнентавтың көркем, көрнекті әңгімесі қайсы, қай жылы шықан?

6. Ақынның әлеуметтік теңсіздік сырын тереңірек көрсеткен өлеңін атаңыз?

7.Сәбит Дөнентаевтың өлең құрлысы жөнінде көп үлгі алған ақыны кім?

8.С.Дөнентаев өлеңдерінде сықақ, мысқыл әзілдің күшті болуы себебі не?

9. «Уақ-түйек» жинағында қандай мазмұндағы өлеңдер жинақталған?

10.С.Дөнентаевтың әйел теңсіздігі, сауатсыздығы туралы жазған қандай өлеңдерін білесіз?

11.Сәбит прозасындағы көп сөз болатын өзекті тақырып қандай?

12.1917-1920жылдары ақынның қандай бағыттағы өлеңдері жарық көрді?

13. «Бозторғай» мысалы не жайында жазылған?

Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығы бойынша сұрақтар:

1. Нарманбет Орманбетұлы қандай жерлерде білім алған?

2. Нарманбет Орманбетұлын кімдер зертеген?

3. «Қазақ ұлы біз тұрмыз» өлеңінің тақырыбы не?

4. Поэмасы неліктен «Кер заман» деп аталған?

5. Биліктегілерді сынаған қандай өлеңдері бар?

6. Толғауы неліктен «Сарыарқа, сайран жерім-ай» деп аталады?

7. Кімдермен дос болған?

8.Нарманбет кімдермен айтысқан?

Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығы бойынша тапсырмалар:

1. Нарманбет Орманбетұлының өміріндегі ең негізгі кезеңдерді әңгімелеңіз.

2. Нарманбеттің шыққан жері жайлы әңгімелеңіз.

3. Жастарға үміт артып жазған шығармаларын талдаңыздар.

4. «Замана» деген өлеңінде қазіргі біздің заманымызға сай келетін өлең жолдарын талдаңыздар.

5. «Кер заман» поэмасын оқып, кейіпкерлерге мінездеме беріңіздер.

6.«Бала қайдан?», «Нағыз адам қандай болады?» деген өлеңдерін негізге алып, ой толғаңыздар.

7. «Сарыарқа, сайран жерім - ай» атты толғауын талдаңыздар

8. «Шал қайғысы» деген өлеңін тірек етіп,   жастық пен кәрілік жайында пікірлеріңізді айтыңыздар.

9. Нарманбеттің философиялық түйіндеулер жасаған өлеңдерін талдаңыздар.

Әдебиеттер: Дөнентаев С. Бозторғай.-Алматы, 1989ж.,    Ұрпағыма айтарым.- Алматы, 1989ж. ХХ ғ.б. әдебиет.// Құрастырған Қ.Ергөбеков А., Білім 1994ж. Ысқақов С.Дөнентаевтың ақындық жолы. А., 1966ж. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. Алматы: Білім 2000ж. Алдабергенов Қ., Баткеева Б. Елім деп еңіреген ер (С. Дөнентаевтың «ұлтшыл бағытта» шығарған өлеңдері туралы) Сарыарқа самалы (Айдын).-2004.-9желтоқсан.-16-17б. Жұмағұлов С. Сәбит Дөнентаев және алашшыл әдебиет. //актуальные проблемы современности: Жинақ. Қарағанды, Болашақ-баспа, 2004.-1 бөлім.-262-265б. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Нарманбет шығармалары А., 1998ж.

 

 

№ 12 практикалық сабақ





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1278 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

3798 - | 3540 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.