Тапсырма: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдеріндегі теңеу, эпитет, метафора
бойынша картотека дайындау.
Әдебиеттер: Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. Көп томдық. - Алматы: Алаш, 2003. Кенжебаев Б. «ХХ ғ. басындағы әдебиет».- Алматы. 1993 ж. Коңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: Санат, 1994. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім, 1998. Көпеев С. Ш. Мәшһүр-Жүсіп өмірі: Аңыз бен ақиқат. -Павлодар, 2000ж.
ОСӨЖ № 3 Тұрмағанбет Ізтілеуұлы шығармашылығы
Алдын-ала берілетін тапсырмалар: Интернет, басылым беттерінен Тұрмағанбет Ізтілеуұлыжайлы материалдар жиыстыру.
Негізгі қаралатын мәселелер:
1.Тұрмағанбет Ізтілеуұлының шығармашылық өмірбаяны.
2. Ақын тізген кестелер.
3.Тұрмағамбет Ізтілеуұлы дәстүрі.
4.«Рүстем-Дастан» дастаны
Сұрақтар: «Шаһнама» дастаны бойынша
1. «Шаһнама» дастанында Құсрау қанша жыл патшалық еткен?
2. «Шаһнама» дастанында Тәһмүрес-һүшәнгі патшасының ұлы нені көздеген болатын?
3. «Шаһнама» дастанында Феридуанда қанша ұлы болған?
4. «Шаһнама» дастанында Құсырау екі жылдан кейін кімді тұтқындап өлтіреді?
5. «Шаһнама» дастанында Бұқара тұрғындары Сияуыштың өліміне қандай жоқтаулар айтқан?
6. Ақын «Шаһнама» дастанын алпыс мың бәйіт көлемінде жырлаған, бізге қанша бәйіт көлемінде жеткен?
7. «Шаһнама» дастанының ең ескі қолжазба нұсқасы қай жылдары көшіріліп, жазылды?
8. «Шаһнама» дастанының 2-ші қолжазба нұсқасы қай жылы жазылған?
9. «Шаһнама» дастанының қолжазбасы қай қаладағы кітапханада сақталған?
10. «Шаһнама» дастаны ең алғаш қай жылы, қандай атпен басылып шықты?
Әдебиеттер: Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. Астана: Фолиант, 2002.-474бет. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым А., 1998ж. Ізтілеуов Т. Назым А., 1972ж. Ізтілеуұлы Т. Рүстем-Дастан. Алматы, Жазушы 2004ж. 336 б.
ОСӨЖ № 4 Мұсабек Байзақұлы шығармашылығы
Тапсырмалар
1. М.Байзақұлының өмірбаянын айтыңыз.
2. М.Байзақұлының шығармашылығының зерттелуі туралы айтыңыз.
3. М.Байзақұлы мұрасына жаңа серпін туғызған кезең жайлы айтыңыз.
4. М.Байзақұлының төкпе ақын екенін дәлелдеп беріңіз.
5. М.Байзақұлы нәр алған көркемдік әлемі.
6. М.Байзақұлы туындыларының жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.
7. М.Байзақұлы эпик ақын екенін дәлелдеңіз.
М.Байзақұлы шығармашылығы бойынша сұрақтар:
1. М.Байзақұлы туралы айтылған қандай ой-пікірлер бар?
2. Ә.Оспанұлы М.Байзақұлы шығармашылығын қалай бөліп қарайды?
3.М.Байзақұлы шығармаларын Ө.Тұрманжанов қандай ізденістер арқылы
тапты?
4. М.Байзақұлы қандай әулетте өсіп тәрбиеленген?
5. М.Байзақұлы қандай қызметтер атқарған?
6. М.Байзақұлы өзінің туған еліне қай жылы және не себептен оралды?
7. Қай жылдар М.Байзақұлының шығармашылық жемісті кезеңі болып
саналады?
8. М.Байзақұлының орыс әдебиетімен танысуына кім себепкер болған?
9. М.Байзақұлы «Жаңаның жақтырып тұр түрін кісі» деген өлеңінде не
туралы айтып орыр?
10. М.Байзақұлы арнау өлеңдерінде нені суреттейді?
Мұсабек Байзақұлы мысалдары
1. М. Байзақұлының мысалдары қандай критерий бойынша және неше салаға бөлінеді? Әр салаға жеке-жеке сипаттама беріңіз.
2. «Артылса нас адамның мәртебесі, Есектей едірейіп шығады есі. Өзіне ақырғаны бәле болды, Құланның қасындағы кетті несі?!» - деп ақын есектің қай қылығын сынап, сықақтап күліп тұр?
3. «Қайырымды қыз бен қайыршы» деген мысалындағы ақын нені баса сынайды және нені насихаттайды?
4. «Тура жүрсек азбаймыз сіз бенен біз, Жақсы болмас еш қыңыр басылған із. Бір алып туралықтан жүрер мыңға, Қыңырлық не шығады болса да жүз...» - деп М. Байзақұлы өзінің «Түзу терек» мысалында қандай философиялық түйінді айтпақ болды?
5. Шектен тыс жеңілтектік, ұшқалақтық, отқа түсірер оспадар мінезді М. Байзақұлы қай мысалында асқан шеберлікпен суреттейді?
6. «Түзу терек», «Тышқан мен түйе», «Аю мен адамның достығы», «Қайырымды қыз бен қайыршы» деген мысалдары алғашқы рет қашан және қай жинақта жарияланды?
7. М. Байзақұлының қай мысалының сюжеті алып пілге үріп, босқа күлкі болған қанден итті еске түсіреді?
8. М. Байзақұлы қай мысалында түлкі арқылы құрдай жорғалайтын жағымпаз бен опасыздарды өлтіре сынайды?
9. М.Байзақұлы қай мысалында ойсыздықтың, даңқойлықтың, мақтаншақтықтың зияндылығын айтады?






