Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лирика жанрын дамытудағы еңбегі, тақырыптық, көремдік деңгейі.




Поэма жанрына қалам тартуы («Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Ләйлі-Мәнжүн» дастаны).

Проза жанрындағы еңбектері: «Әділ-Мария» романы, тақырыбы, мақсаты, кейіпкерлері, көркемдік шешімі.

Аударма саласындағы еңбегі: А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын аударуы. Толстойдың әңгімелерін аударуы, басқа аудармалары.

Шәкәрім – тарихшы, философ. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» еңбектері.

Тірек сөздер: Абай, Ахат, дін, лирика,поэма, аударма, проза.

Иллюстрациялық материалдар: слайд, бейнефильм «Шәкерім».

 

Шаһкәрім (Шәкәрім) Құдайбердіұлы (1858-1931) - қазақ халқының кемеңгер перзенті, ақын, ойшыл, тарихшы, аудармашы һәм композитор. Немере ағасы ұлы Абай салған соқпақпен жүріп, оның ісін жалғастырған ізбасары.

Кітаптары «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» Орынборда 1911 жылы басылды, «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» поэмалары Семейде 1912 жылы жарық көрді. «Ләйлі–Мәжнүн» (Физули) поэмасы С. Сейфуллиннің алғы сөзімен 1936 жылы Алматыда шықты; Пушкиннен аударған «Дубровский» романы 1924 жылы Семейде басылса, «Боран» повесінің аудармасы «Әдебиет майданы» журналының 1936 жылғы 2-санында жарық көрді.

1929-30 жылдары 70 жастың өріне шыққанда артқыға арнаған «Мұтылғанның өмірі» атты өмірбаяндық жырында тағдыр тепкісін, өмір суығын көп көрген ақын «Өмірім суық бәріңе, Шыдамассың зәріне» деп ескерткен еді. Шыны солай болды. 1930-шы жылдардың басында «халық жауы» деген жазықсыз да жолсыз жазамен отыз жылдай ойшыл ақынның сөзі – тұтқында, тәні – құдықта қалды. Есімі халыққа аянбай еңбек еткен асыл адамдар қатарынан мүлде сызылып тасталды. Ұмытылды. Ақын алғаш рет саяси «жылымықта», 1958 жылы, ақталды да бір топ өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетінің 1959 жылғы бір санында өлеңдері мен шығармашылығы туралы мақала жарияланды. 1978 жылы Ленинградта «Қазақстан ақындары» атты жинақта (Мұхтар Мағауин) бірнеше өлеңдері алғашқы рет орысша басылды. 1988 жылы Шәкәрімнің шығармаларының жинағы жарық көрді. Оған ақынның 164 өлеңі, 4 поэмасы, 3 прозалық шығармасы, үлкенді-кішілі 18 аудармасы енді.                  

 

Дәріс № 13-14

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы (1893-1920)

Ақын өскен орта, білім жолында, алғашқы ақындық адымдары.

Айқаптағы» және «Айқаптан» кейінгі шығармашылық өмір жолы.

Ақын мұрасын жинаушылар мен зерттеушілер. Лирикалары.

Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларының көтерген тақырыбы, жанрлық, көркемдік ерекшелігі.

Айтыс», «Таныстыру» поэмаларының табиғаты.

Романдары «Қамар сұлу», «Кім жазықты» және ұсақ әңгімелері «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Зарландым».

Көсемсөз саласындағы мақалалары: «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең мен айтушылары», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай».

Сұлтанмахмұт 1893 жылы 29-октябрьде Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, 4-5 жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауылында өседі. Ақынның арғы атасы –Торайғыр би, ел аузында аты аңызға айналған, көптеген шешендік, билік сөздері халық жадында сақталған адам. Ақынның өз әкесі Әубәкір, аты ұмытылып, Шоқпыт атанған момын шаруа.

   Ақынның ең алғашқы «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам». Сұлтанмхмұт 1912 жылы Троицкіге оқуға аттанады. «Махмұт 1912 жылы 9 сентябрьде туған жермен қош айтысып, оқу іздеп, жол шегеді. Ай жүріп, Омбыға жетеді. Әркімнен сұрастырып, отарбаны тауып алады. Бұрын жол көрмеген салқам –салақ ауыл баласы жолда киімінен, кітаптан айырылып, әрең дегенде Троицкі шаһарына жетеді»(Жүсіпбек. Торайғыр ұлы Сұлтанмахмұт. Алматы, 1933 13-бет) «Айқап» журналының редакциясымен тығыз байланыс жасау жас таланттың жігерін жанып, ынталы творчестволық іске жетелейді. «Түсімде» (1913,№1), «Бұлар кім» деген өлеңдері мен «Өлең һәм айтушылар» мақаласын, «Қамар сұлу» романын жазып бастырады.

1914- 1916 жылдары ақын ел жақта бала оқытумен айналысады. 1915 жылы «Кім жазықты» романын жазды. Әуелі «Әжібай болыс» деп атап, кейін «Кім жазықты» деп өзгерткен. «Таныстыру» поэмасы 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Абай елінде болған кезде жазған.Поэма қара қазақ пен оқыған зиялы адамның диалогына құрылған. «Адасқан өмір» 1918 жазылған, алғаш рет Қазан қаласында жарияланған. С. Торайғыровтың «Адасқан өмір» шығармасымен үндес, өзектес туындысы «Кедей» (1919) поэмасы. С.Торайғыров өмірінің ақырында жазып, аяқтай алмай кеткен шығармасы - «Айтыс».  

  Ж.Аймауытов 1933 жылғы ақын жинағын дайындауда ақынның әкесі Әбубәкірден барлық қол жазбаларын, хаттарын, қойын кітапшаларын алып, соның негізінде ақын өмірбаянын жазған. 1933 жылы ақын жинағын бастырып шығарады. Кейіннен Ж.Аймауытов Сұлтанмахмұтқа арнап «Шернияз» драмасын жазады. Ж.Аймауытовтан кейін ақын өмірі мен шығармашылығына көп көңіл бөлген ғалым Б.Кенжебаев. (Арап Еспенбетов. С.Торайғыров.Монография.Алматы,1992»).

Дәріс № 15-16

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы (1873-1937)

Жоспары:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 614 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

3150 - | 3017 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.