Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы




Негізгі қаралатын мәселелер:

1.Романды өз дәуіріндегі әдеби жағдайлармен тығыз байланыста алып қарастыру, романның жазылу тарихы.

2.Роман жанры жайлы кереғар пікірлерді салыстыру, одан ғылыми тұрғыдан қорытынды шығару.

3. Идеялық – көркемдік ерекшеліктерін ашу, образдар әлемі.

Тапсырма: Романдағы монолог, диалог, п ортреттік мінездемелер және пейзажды жазып келу.

Кіріпе сөз. Жамал мен Ғали – адамшылық, адалдық, әділдік үшін, өздерінің махаббаттары үшін күресуге, сол жолда қандай қиыншылықтар, не сұмдықтар тұрса да төзуге әзір. Олар – жаңа заман жастары. Осылар арқылы автор замана проблемасына басты назарды аударған.

    Жазушы қыл көпір, тас өткелде жүрген кейіпкерлерінің сүйіспеншілік сезімін қиямет қиындық үстінде сынап баққан. Ішкі жан толқынысын тікелей авторлық бейнелеу жолымен емес, шағын диалогтық лебіздер арқылы өрнектеу бар. Әрине, қала көшесінде ноғайша киініп, көзден жасырын келе жатқан екі жас ұзақ тілдесе алмас еді, бірақ құйындай жылдам сезім күйі сан алуан сарын, қарама-қайшы әуендер толғауы даусыз. Қанша әуре-сарсаңға салса да, Ғали мен Жамал ойының түпқазығы – осы. Бір-бірін аялау, қимау, өз махаббатының алданбас ақтығына, асыл ниеттерінің шүбәсіздігіне сену, өмір мұхитының тентек толқындарынан қауіп алу іспетті драмалық ахуал. Міржақып ғашықтар сөзін дәл мерзімінде тұп-тура қайталамай, мазмұн арнасын берсе де, адам психологиясына тән типтік ақиқаттың бетін ашады. Уақыт алшақтығын мегзеу мекендік ортаның өзгеру мезетін, қаһармандар сезіміндегі күмән мен қатар сәттерінің шамалы толасту шағын аңғартқан. Жастар санасына лиро-эпикалық жырлар арқылы таныс ұлттық дәстүрдің әсері мен жаңа ыңғайдағы неғұрлым қарапайым әрі асқақ ахуал нанымдылығы астарлас.

    Қос асықтың талай тас қия, тар босағадан өтіп барып, қапияда айырылысар шақтағы бақұлдасу сәті қандай ауыр! Сөз неғұрлым келте, неғұрлым бейтарап болған сайын қайғылы, салмақты.

    «Жиын-той болғанда көлге қонған аққудай көрінетін» қазір кісі танымас Жамалдың еш уақыт ойынан Ғали кетпейді, бір минут көңіл ашып, езу тартып күлмеуі, «һеш кіммен сөйлеспей, сөйлеген кісінің сөзін ұқпай, естімей, бір түрлі диуана кісідей болып жүруі» сүйгенін жоғалтқан соң баяғы Жұман есігін аттайтын сормаңдай әйел тақсіреті айқын да ұстамды бейнеленген. Екі теңеу- аққу мен диуана – адам бақыты мен қасіретін тапқыр кестелеген.

    Жұманның жаман кегі, ата-ененің суық қабағы, Ғалидың зары Жамалдың жанын ғана емес, өң-түсін де өзгертіп жіберген.

Романның басында да дүбірлі топ, қуанышты хабар, соңында да дүбірлі топ, бірақ суық хабар. Жайнаған жаздағы шаттық, қақаған қыстағы қасірет. Шығармада композиция тұрғысынан ғана емес, жалпы эмоционалдық, идеялық орайда да терең үндестік көзге ұрады.

Психологиялық талдаудың ең басты компоненті монолог – психологиялық - философиялық романдарға тән көркемдік әдіс. «Бақытсыз Жамал» - әлеуметтік роман, сонда да болса монологтің белгілері бар. Жамал монологі: Олар да мен сияқты бейшаралар ғой. Олар сияқты бір жігітпен көңіл қосып қалсам, пәленшенің қызы қашып кетіпті деген сөз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын ғой, -деп бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы еді. Осындай монологтар характер сипатын ашумен қатар, шығарманың көркемдік шырайын, ондағы ширыққан тартыс драмасын бейнелей жеткізеді.

    Диалог – характер жасаудың, адамды жете түсініп, танудың көркемдік құралы. Ол кейіпкер жан-дүниесіне әр қырынан үңілдіреді. Сәрсенбай жуастығын, қорқақтығын көрсететін эпизодтан үзінді келтірейік: «- Осы ит не былшылдап отыр? Құдайдың жазғанынан артық не қыламыз? Екінші кісіге берем десең, Байжан малымыздан құрық, басымыздан сырық түсіре ме?» Жұманның тоңмойын, дойыр, сезімсіз, ақымақтығын көрсететін сөздері: «Я, сенің сүйіп болған байыңның күйігі басылмай жүр екен ғой, мен сенің күйігіңді басайын.»

    Портреттік мінездемелер: «Жамал 15 жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне Жамал сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып, өлең де жазатын болды.»

    «Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір азамат еді.»

 «Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жеті жастарға келген Жұман дейтін бір таз һәм ақылсыз баласы бар еді. Сол елде екі-үш Жұман есімді жігіттер болғанға, бірін – Сары Жұман, бірін- Тапал Жұман, Байжанның баласын – Таз Жұман деуші еді.»

    Ғалымдардың дәлелдеуінше, реалистік әдебиетте эстетикалық ұғымда томаға-тұйық, дербес пейзаж болмайды. Олар ішкі және сыртқы өмірдің жалпы көрінісімен кірігіп, тұтасып жатады.Романда табиғат суреті екі рет кездеседі. Екі ретінде де жоғарыда айтқандай дербес кездеспейді. Ғали мен Жамал Фатихолланың үйі пана болмайтын болған соң нағашыларына кетеді. Жолай бір көлдің жағасынан өтеді. «Маңайында ел болмағанға бұл көлде неше түрлі қаз, аққу, құстар биқисап көп еді. Атырабындағы жердің һаммасы тамылжып, кілем төселгендей болып, желсіз түнде көл айнадай жарқылдап, алыстан сағымдар мұнарланып, біздің екі ғашық тамашаға қанып келе жатты.» Роман соңында: «Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борсын бар еді. Жамал жиырма шақырым шыққан уақытта боран көтеріліп, жол көрінбей кетті. Бара-бара боран әбден күшейіп, Жамал жанын қорқыныш ұялай бастады». Екі жерде де табиғат фон ретінде берілмей, адам көңіл-күйі, тағдырымен бірге тыныстап тұр.

Жоқтау, айтыс, этнографиялық салт-ғұрыптық жоралғылар: құда түсу, жесір дауы, неке қияр, т.б. уақыт тынысын зердеңе ұялатады. Мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді молынан қолданады. Мысалы, «Мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара, ұл таппас қатын болмас, тұрарына қара», «Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш», «Талапты ерге нұр жауар», «Қашқан жауға қатын ер». Шілдеханадағы кездесу, өлең арқылы сұхбаттасу, көңіл білдіру мотивтерін автор дәстүрлі әдебиеттің көркем тәсілдерінен алды. Ғали қазасы тұсындағы Жамалдың қайғы-зары өте бір үлкен шеберлікпен суреттелген.

«Бақытсыз Жамал» романы бойынша сұрақтар:

1.Роман оқиғасы қайда өтеді?-

2.Міржақып романды жазудағы мақсатын қайда баян етеді?

3. «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе

4.Шығарма қалай басталады?

5.Романдағы Ғалидың образы қандай?

6.А.Байтұрсыновтың «Бақытсыз Жамал» романына байланысты айтқан пікірі?-

7. Роман қалай аяқталады?

8. Романдағы неке куәлігінің жалған берілуі мәселесі қалай суреттеледі?-

9.Романдағы көтерілген басты тақырып

10.Романның басты кейіпкерлері? -

11.«Бақытсыз Жамал» романының негізгі желісі қалай өрбиді?

12.«Бақытсыз Жамал» романында заман өзгерістерін қалай бейнелейді? -

13.«Бақытсыз Жамал» романының бас қаһарманы Жамал бейнесі.-

14.«Бақытсыз Жамал» романындағы Ғали қабірі басындағы Жамал монологы?15. «Бақытсыз Жамал» романындағы Ғали портреті?

16. «Бақытсыз Жамал» романындағы Ғазиз атты кейіпкер қандай қызмет атқарады?

17.«Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалдың әкесі Сәрсенбай бейнесі? -

18.«Бақытсыз Жамал» романындағы Байжан болашақ келіні Жамал Ғалимен қашып кеткенде қандай әрекет жасайды?

19. Романның кемшін тұстары

20. Жұманның Жамалды қорлауы негізді ме? Жұман бойынан қандай мінез-қасиеттерді көресіздер?

Тренинг өткізу

Тренинг – қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді бірліктермен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабағы. Тренингте әр үйренуші кәсіби қызметімен жүктелген міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді таңдап, оларды бекітуге үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. Тренингтің басты мақсаты – үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалай жету керектігі мәселесімен айналысады. Сол себепті де тренингте оқу мазмұны тек практикалық тұрғыдан қарастырылады. Үйренушілер тренингте арнайы берілген жағдайлар мен ситуацияларды моделдейді. Оларды қатысушы ретінде өздері ойнап шығарады. Осындай әрекеттер арқылы үйренушілер қажетті практикалық білік пен дағдыларды бекітіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен жұмыс тәсілдеріне өзгерістер енгізеді. Тренингтің соңында үйренушілер үйренген дағды және машықтары тұрғысында пікір алмасып, олардың тиімділігімен маңызы туралы өз ойларын ортаға салады.

Тренингте келесідей интербелсенді тәсілдер қолданады:

Іскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдайлармен ситуацияларды талдау, топтық пікір таластар, презентациялар.

Мысалы: топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаға сәйкес жоғары оқу орнын жаңадан бітірген жас маманның бірінші жұмыс күнінің ең маңызды мезеттерін ойнап шығуы ықтимал. Мұнда олар жас маманның мекеме басшысымен қалайша сөйлесетіндігін, қалайша жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазатындығын, ұжыммен қалай танысатындығын келтіріп, «ойнап» шығуы керек.

Әрбір топтың осындай әрекеттері тренинг аудиториясында талқыланады, басқа топ студентері өз пікірлерін келтіреді, сұрақтар қояды. Бұл жерде талқылау пікірталасқа да айналып кетуі мүмкін. Әңгіме аяғында сөз ситуацияны көрсеткен топқа екінші рет беріліп, өз әрекеттеріне қандай өзгертулер енгізетіндігі туралы баяндайды.

«Бақытсыз Жамал» романы романы бойынша тренинг өткізу

(Жамал - басты кейіпкер, Ғали - Жамалдың сүйгені, Жұман - Жамалдың атастырған күйеуі, Байжан - Жұманның әкесі, Сәрсенбай - Жамалдың әкесі, Қалампыр - Сәрсенбайдың бәйбішесі, Шолпан - Жамалдың анасы, Жүніс пен Нұрмаш - Ғалидың достары, Фатихолла - Ғалидың саудагер досы)

Әдебиеттер: Дулатұлы М. 5 томдық шығ. жинағы.- Алматы: Мектеп, 2002ж. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.- Алматы, 1989ж. Әбсемет М. ХХ ғасыр басындағы тарихи - әдеби процестегі М. Дулатұлының шығармашылығы.- Алматы, 1991ж. Бес арыс // Құрастырушы: Д. Әшімханов Алматы, 1991ж.

Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.- Астана, Күлтегін, 2002ж. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3221 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

3833 - | 3741 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.