Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғырұлының поэмаларымен романдары




Негізгі қаралатын мәселелер:

1.«Таныстыру» поэмасындағы тарихи тұлғалар.

2. «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмаларының жанрлық ерекшелігі.

3. «Қамар сұлу» романының жанрлық сипаты, жазылу ерекшелігі.

4. Өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда көрінген жаңашылдық.

5. «Кім жазықты» романында дәуір психологиясының адамдар санасындағы көрінісі. Кейіпкерлер портретінің берілуі.

 

Сұрақтар: «Кедей» поэмасы бойынша

1. Кедейдің ойынша бақытқа жететін оңай жол неде?

2. Кедейдің өмір бойы орындалмаған арманы?

3. Поэмада табиғат қалай суреттеледі?

4. «Жақыннан айрылғандағы күйік» деп кімнен айрылғаны туралы айтады?

5. Әрбір жыл мезгіліндегі табиғат суретін жазыңыздар?

6. Поэмада айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді жазыңыз.

7. Поэма неше тараудан тұрады?

8. Поэманың атын неліктен «Кедей» деп қойғаны туралы өз пікіріңіз

9. «Адасқан өмір» поэмасымен салыстырыңыз.

10. Поэма қай жылы жазылды?- 1919ж.

«Адасқан өмір» поэмасы бойынша

1.Сұлтанмахмұт Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасында кім туралы жазған?

2. Жігіт бейнесін қалай суреттейді?

3. Бірінші бөлімде қай кезеңді суреттеген?

4. Екінші бөлімінде қай кезеңді суреттеген?

5. Кімнің көңілін табуды жырлайды?

6. «Жалуния» мағынасы нені білдіреді?

7. Үшінші бөлімде қай кезеңді жырлайды?

8. «Өл десе, өлер едім» деп лирикалық кейіпкер неге айтты?

9. Төртінші бөлімінде қай қай кезеңді суреттейді?

10.«Крыловтың баснядағы есегіндей» деп С.Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасының қай бөлімінде айтады?

11. «Мен жігіт» атты бөліміндегі әкімшілдік, болыстық туралы пікірі?

12. «Қолыма сал Ғайсаның туын алып, әділдік! жақындық! деп айғай салсам» деп қай бөлімінде айтады?

13. «Мен кәрі» бөлімінде не туралы айтылады?

14. Тудым, өлдім, жоғалдым, сөнді шырақ,- деген  өлең жолы қай  бөлімде?

15. «Адасқан өмір» поэмасы неше бөлімнен тұрады?

16. Поэма неге «Адасқан өмір» деп аталған?

17. Неге бұл поэманы лирикалық-философиялық поэма дейміз?

«Таныстыру» поэмасы бойынша

1. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Таныстыру» поэмасында кімдерді таныстырады?

2. Әлімхан Ермекұлы туралы «Қазақта мұндай жігіт көрмедім» деп кім лепес еткен?.

3. Жақып кіммен бірге жүріп, съезде жұртқа бүлік салған және екеуіне кім қосылды?

5. «Ыңғайлы, қырғиға ұқсар көрсең түрі, Түрінен де сөзінен, жүрісінен, Екенін біле алмайсың қандай қыры»,- деп кім жайлы айтады?

6. Ермековты неге ұқсатады?

7. Шәкәрім туралы не деген?

8. «Таныстыру» поэмасында, негізінен жағымды кейіпкерлер тиянақты бейнеленген, себебі?

9. Поэма кімдердің диалогынан құрылған?

10. Ең соңында – «Айтуға да тұрмайды деп, ойлап тұрмын айтпауды ыңғайлы деп»,- кім жайында айтып, поэманы аяқтайды?

 

«Айтыс» поэмасы бойынша

1. «Айтыс» поэмасында дала ақынының бейнесін С.Торайғыров қалай суреттеген?

2. Дала ақыны ұлттық дәстүр, қазақтың меймандостық қасиеті туралы не айтады? Адамды сыйлау, құрметтеу жайлы ой-пікірі қалай?

3. Поэмада халықтың өлеңді, өнерді бағалауы, ақындық құдірет туралы толғанысы қалай суреттелген?

4. Дала ақынының тіл туралы ой-пікірі. Ол пікірдің бүгінгі таңдағы маңызы қандай?

5. Ақын ел арасындағы алауыздыққа, берекесіздікке өкінішін, уайымын қалай білдіреді? Даласын, елін, салтын дәріптеу арқылы ақын қазақ жастарына қандай уағыз, өсиет айтады?

6. Дала ақыны сынаған қала тұрмысындағы кемшіліктер, жағымсыз әдеттер қандай? Олар қазіргі күнде бар ма?

7. Қала ақыны көрсеткен қазақ даласының осал тұстары не? Ол кемшіліктер бұл күнде шешімін тапты ма?

8. Әрі дала, әрі қала ақыны атынан сөйлей отырып, өз ұлтының жетістігі мен кемшілігін қатар көрсетудегі мақсаты не?

9. Поэмада қандай тарихи есімдер аталады, олар кімдер?

10. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасындағы жаңашылдық неде?

11. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасындағы жаңашылдық неде, автор тарапынан әдебиетке қандай жаңалық енді деп ойлайсыз?

12. Шайбай Аймановтың Д.Әбіловке жазған хатында Сұлтанмахмұт сөздері берілген,онда автор осы поэманы аяқтасам,мақсатым – қала ақынына жеңгіземін,түбінде заманды техника билейді деп жазылған.Осы авторлық болжау қазіргі заманда шындыққа айнала алды ма?

13. Осы поэманың сюжеттік желісі туралы Елжас Бекеновтың пікірі қандай болды?

14. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасының осылай аталу себебі неде деп ойлайсыз?

15. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасындағы бас кейіпкерлер қалай сомдалған?

16. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасындағы ел өміріндегі қоғамдық өзгерістер, даму үрдістері қалай суреттеліп беріледі?

17. С.Торайғыровтың «Айтыс»поэиасында қала ақыны сөзін немен бастайды? 18. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасындағы екі бас кейіпкердің (қала ақыны мен дала ақыны)  қайсысының айтар ойы мен ұстанған позициясын қостар едіңіз?

19. Авторлық идеяның мәні неде және осы қойылған мәселелерді сіз қалайша ұсынар едіңіз?

 

Сергіту сәті

 

«Қамар сұлу» романы бойынша сұрақтар:

1. «Қамар сұлу» романында Қамар қыздың ерте есейіп, тез оянуы, сондай-ақ, тағдыр тауқыметіне тіреліп, шырғалаңға шырмалуы қай кезден басталады?

2. Қамар өзінің «Зар-зар» әнінде «Түсі суық қоңыздай, жеп семірген доңыздай», «сұлу алғыш ақсағым»-деп кімді айтады?

3. Қамар мен Ахметтің өздерінің ішкі сезімдерін өрнектеп, жүрек жылуын сезінуге, дірілдеген нәзік сезімді түйсінулеріне не көмектесті.

4. «Қамар сұлу» романындағыАхметпее түйдей құрдАс, әзілдері жарасқан, білім деңгейлері мөлшерлХс, бірге өсіп, біте қайнаған досы кім?

5. Қамар қыздың некесін қиюға келген молданың есімін атаңыз.

6. Автордъң қазақ қызының қоғамдағы теңсіздігін тілге тиек ете отырып, көрсерпек жолы не болды?

7. «Қамар сұлу» романы қаламгер өмірінің қай кезеңінде және қай жылдары жарық көрген?

8. Романда Қамар Бәйтек молданың келіп неке, су, күміс деп абдырап жүргенін көріп, неке қиярға емес, жаназаға жиналғандай үнсіз тұнжыраған құрбы-құрдастарына мұңын шағып, ескі салтқа наразылығын білдіріп, ел-жұртына қандай арыз айтты?

9. Романда «Жынды неме! Жыны ұстап отыр да, әйтпесе одан басқа кісі бала өсірмеп пе еді! Бар! Маймөңкелейтін дәнеңесі жоқ»-деп кім және кім туралы айтты?

 

 

 «Кім жазықты?» романы бойынша

1. Романдағы Әжібай мен Байбол бейнелерін салыстырыңыз.

2. Жазушы кімнің бейнесі арқылы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, ушығып дертке ұласқан салт-санадағы өресіздікті дөп басып суреттеп, қатал сынға алған?

3. Әнуардың ауылға сіңу үшін пайдаланған әдісі?

4. Әжібай Әнуарға қандай жала жабады?

5. Қазақ әдебиетінде Сұлтанмахмұтқа дейін кездеспеген мүлде жаңа характер, бейне.

6. Тасболаттың кенже ұлы Әжібайды оқуға бергендегі мақсаты не?

7. Төкен Әбдірахмановтың зерттеуінше «Кім жазықты» романы қанша уақытта жазылып біткен? 

8. Роман бастапқыда қалай аталған?

9. Аппақай бейнесіне ұқсас қазақ әдебиетінде кейіпкерлер бар ма, кімдер?

10. Әжібайдың әйелдерін ретімен атап беріңіз.

11. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романы қоғамның қандай бейнесін айқындайтын шығарма?

12. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романының басында нені суреттейді?

13. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романында Тасболат неліктен Әжібайды қуып жібереді?

14. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы басты кейіпкерлер кімдер? 15. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романы қалай аяқталады?

16. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романында Тасболат неліктен Әжібайды қаладан ауылға шақыртып алады?

17. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы Зықыш Әжібайдың нешінші әйелі және оны үйіне қалай алып келеді?

18. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы:

«Жиырма тоғызы міне енді апрельдің,

Көк торғын жамылғаны қара жердің.

............................................................

Тиген ед құлағына маңдағы елдің» -

Үшінші жолдағы Әжібайдың ертең болатын қандай тойы?

19 С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романында Әжібай қалай болыс болады?

20. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романында Әжібай әкесінің асын қай жерге береді?

 

Тест тапсырмаларын орындау.

Әдебиеттер:. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров А., 1992ж. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы А., 1990ж. Бисенғали З. ХХ ғасырдағы қазақ романы А., 1997ж. Дәуір ақыны: Ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. - Алматы, 2002ж. Оразбек М.Ақындық орта табиғаты. - Астана, Фолиант, 2002ж.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1471 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

4366 - | 4159 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.