Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


СӨЖ 3. Алаш ұранды әдебиет




Тапсырма 1. Тәуелсіз елімнің тарихы

Ұсынылған мәтінді қазық етіп,  эссе жазу

Екінші жалпықазақ съезінде он бес мүшеден тұратын үкімет сайланды. Сайлау жабық түрде, демократиялық сипатта өтті. Үкіметтің басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Бұл он бес мүше түгелдей дерлік жоғары білімді болатын. Тек Отыншы Әлжанов қана мұғалімдік семинарияны бітірген, орта білімді. Осы съезде білім комиссиясын, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық банк,жер саясатын құру туралы шешім қабылданды. Қазақтар өз үлестерін алып біткенше сырттан Қазақстанға қоныс аудару тоқтатылады деді.Қазақ жерінің астында жатқан байлық қазақтікі болсын деді. Қазіргі Қазақстан Республикасының шекарасын анықтап берді.

Алаш үкіметінің құрылуы- қазақтың мемлекеттігін қайта қалпына келтірген және болашақта тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына негіз болған оқиға болды.Алаш үкіметі Орынбор,Сібір, Түркістан аймақтарында жатқан қазақтың басын біріктіріп, қазақтың мемлекеттігін, территориясын анықтап берді, Республика ретінде қалыптастырды. Егер Алаш үкіметі құрылмаса, онда біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы Қарақалпақстан, Башқұртстан,Татарстан секілді автономия күйінде қалар еді.

Алашорда үкіметі - республикалық негіздегі, сайлау жолымен құрылған қазақтың тұңғыш үкіметі. Алаш автономиясы- қазақтың бірінші республикасы.ҚазКСР  - екінші,қазіргі Тәуелсіз Қазақстан- қазақтың үшінші республикасы. Республика дегеннің өзі – билік ұрпақтан ұрпаққа мұра күйінде қалатын емес, азаматтардың сайлауы арқылы құрылатын билік дегенді білдіреді.

    Бізде Алашқа дейін хан тұқымынан хан сайланып, ақ киізге орап, таққа отырғызатын билік болды. Ал Әлихан Бөкейхановты болыстық, уездік, облыстық деңгейдегі қазақ комитеттері екінші жалпықазақ съезінде жанама түрде дауыс беру арқылы сайлаған. Бұл – сайланбалы үкімет. Сондықтан 1917 жылғы 12 желтоқсан – бірінші Республиканың құрылған күні. Немесе оны қазір Алашорда күні деп те атап жүр.

1936 жылға дейін біз Ресей Федерациясының құрамында автономиялы республика болдық. Қазақ зиялылары Үкіметтің алдына Одақтас Республика ретінде қабылдауын талап етті. 1936 жылы Орталық билік Қазақстанды Одақтық Республика деп тануға мәжбүр болды. Өйткені Қазақстанның потенциялы өте жоғары болатын: жер көлемі үлкен, табиғи байлығы да көп, халық саны жағынан да біршама. Сондықтан мойындауға тура келді. Бірақ бұл Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтар болсақ: «Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы – қуыршақ республика» болатын. Біз кеңес үкіметі заманында сан жағынан ғана шығынға ұшыраған жоқпыз, рухани тұрғыдан да дағдарысқа түстік. Бірнеше рет қайталанған репрессия біздің сағымызды сындырды. Зиялыларымыз, саяси элитамыз сапалық тұрғыдан төмендеп кетті.

    Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002ж., Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-ҚазАқпарат, 2006 ж.

Тапсырма 2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларында айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді теріп жазу.

Кесте №2

Поэма атауы Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер Автор идеясы
     
     
     
     

     Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров А., 1992ж. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы А., 1990ж. Бисенғали З. ХХ ғасырдағы қазақ романы А., 1997ж. Дәуір ақыны: Ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. - Алматы, 2002ж. Оразбек М.Ақындық орта табиғаты. - Астана, Фолиант, 2002ж.

 

Тапсырма 3. «Айтыс» поэмасы бойынша сұрақтарға жауапжазу.

1. «Айтыс» поэмасындағы екі бас кейіпкердің қайсысының айтар ойы мен ұстанған позициясын қостар едіңіз (дала ақыны,қала ақыны)?

2. Авторлық идеяның мәні неде және осы қойылған мәселелерді сіз қалайша шешер едіңіз?

3. «Айтыс» поэмасындағы жаңашылдық неде, автор тарапынан әдебиетке қандай жаңалық енді деп ойлайсыз?

4. Автор осы поэманы аяқтасам, мақсатым – қала ақынына жеңгіземін,түбінде заманды техника билейді деп жазылған. Осы авторлық болжау қазіргі заманда шындыққа айнала алды ма?

5. «Айтыс» поэмасында дала ақынының қазақ сахарасы, жазиралы жері, көрікті даласы туралы толғаныстары қалай берілген?

6. Дала ақыны ұлттық дәстүр, қазақтың меймандостық қасиеті туралы не айтады? Адамды сыйлау, құрметтеу жайлы ой-пікірі қалай?

7. Поэмада халықтың өлеңді, өнерді бағалауы, ақындық құдірет туралы толғанысы қалай суреттелген?

8. Дала ақынының тіл туралы ой-пікірі. Ол пікірдің бүгінгі таңдағы маңызы қандай?

9. Ақын ел арасындағы алауыздыққа, берекесіздікке өкінішін, уайымын қалай білдіреді? Даласын, елін, салтын дәріптеу арқылы ақын қазақ жастарына қандай уағыз, өсиет айтады?

10. Дала ақыны сынаған қала тұрмысындағы кемшіліктер, жағымсыз әдеттер қандай? Олар қазіргі күнде бар ма?

11. Қала ақыны көрсеткен қазақ даласының осал тұстары не? Ол кемшіліктер бұл күнде шешімін тапты ма?

12. Әрі дала, әрі қала ақыны атынан сөйлей отырып, өз ұлтының жетістігі мен кемшілігін қатар көрсетудегі мақсаты не?

   Әдебиеттер:. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров А., 1992ж. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы А., 1990ж. Бисенғали З. ХХ ғасырдағы қазақ романы А., 1997ж. Дәуір ақыны: Ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. - Алматы, 2002ж. Оразбек М.Ақындық орта табиғаты. - Астана, Фолиант, 2002ж.

СӨЖ №4

Тапсырма 1. «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың рухани көсемі» тақырыбында ой-толғау жазу.

Ескерту: Көлемі - А4 форматы, шрифт Times New Roman - 14,кегль-1,0,  бет-0,5.

Әдебиеттер: Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы. Қазақ университеті, 2002ж. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті – Алматы: Қазақстан, 1993. - 168 бет. Бес арыс. // Құрастырушы Д. Әшімханов –Алматы. 1992ж. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. –Алматы 1990ж. Зауал: Мақалалар мен естеліктер. -Алматы, 1991ж.    Қирабаев С.Әдебиетіміздің ақтаңдақ бегтері. - Алматы: Білім, 1995ж. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. - Алматы: Қазақстан, 1990ж. Құл-Мухаммед М. Алаш қайраткерлері. Саяси-құқықтық көзқарастың эволюциясы. - Алматы: Атамұра, 1998ж. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. — Астана: Күлтегін, 200ж. Сәрсекеев Қ. Ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі. — Алматы: Гауһар, 2003. Байтұрсынұлы А. 5 томдық шығармалар жинағы. Т. 1, – Алматы: Алаш, 2003ж. - 408 б.  Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. Астана: «Фолиант», 2002ж. -474 бет. Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы. Алматы: Қазақ университеті, 2001ж. - 183 бет. Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат. Алматы: Қазақстан - Шапағат, 1992ж. - 112 бет.

 

Тапсырма 2. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романында қазақтың қандай әлеуметтік тұрмыстары көрініс тапқан? Сол тұстарды романнан теріп жазу.

Кесте №3

р/с Романнан үзінді Әлеуметтіктұрмыс көріністері
     
     
     
     

 

     Әдебиеттер: Дулатұлы М. 5 томдық шығ. жинағы.- Алматы: Мектеп, 2002ж. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.- Алматы, 1989ж. Әбсемет М. ХХ ғасыр басындағы тарихи - әдеби процестегі М. Дулатұлының шығармашылығы.- Алматы, 1991ж. Бес арыс // Құрастырушы: Д. Әшімханов Алматы, 1991ж.

Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы. Ататек, 1995ж. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш.- Алматы: Санат. 1997ж. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.- Астана, Күлтегін, 2002ж. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж.

 

Тапсырма 3. Ғұмар Қараштың қилы тағдыры мен Бернияз Күлейұлының махаббат трагедиясын өз айналаңызда болған немесе естіген оқиғалармен байланыстырып,  өз тарапыңыздан новелла жазу, атын қою (өзіндік шығармашылық). Ескерту: Екі автордың бірін таңдау.

    Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, Қараш Ғ. Замана. А., 1994ж., Күлеев Б. Айтшы, ақ қайың А., 1969ж.

 

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 942 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2441 - | 2257 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.