1. Тасымалдағыш машиналардың қандай артықшылықтары бар?
2. Кеңістіктегі күрделі жолды машиналар қандай болып келеді?
3. Тасымалдағыш машиналардың қандай негізгі көрсеткіштерін есептейді?
Тақырып 8. Тасымалдағыш машиналардың жұмысының негізгі көрсеткіштері.
Мақсаты: Студенттерді есептеудің жалпы әдістемесіне және тасымалдағыш машиналардың көрсеткіштерін бақылауды үйрету.
Жоспар
1. Үздіксіз тасымалдағыш машиналардың өнімділігі
2. Тасымалдағыш машиналарының берілісінің қуатын есептеу.
Тасымалдағыш машиналардың есептеу кезінде формулалардың кейбір бөлігінің ортақ ерекшеліктері бар, яғни барлық немесе бірнеше түрлі машиналардың жеке көрсеткіштерін есептеуге бір формула қолданылуы мүмкін.
Ортақ есептеулерге өнімділікті анықтау, жұмыс бөліктерінің қозғалысына кедергі, шынжырдың динамикалық күші, тасымалдағыштың тарту бөлігі, беріліс тің қуаттылығы жатады.
Эрбір жағдайда техникалық құрылғының жұмыс жағдайы мен ерекшеліктері ескеріледі.
Үздіксіз тасымалдағыш машиналарының өнімділігі кг/с жүктің сызықтық тығыздығын gг, кг\м тасымалдау жылдамдығына v, м\ с көбейтуге тең болады:
Qm= gг v
Көлденең қимасы А, м2 және үйілген тығыздығы ρн, кг/м3 болатын сусыма жүк бірқалыпты тасқынмен қозғалып келе жатқанда, өнімділік
Qm= ρн А v
Көлемді өнімділік м3/с, көлемі V, м3 жүкті 1км қашықтыққа қозғалтқанда, ортасында
QV = .
Бұл жерде - секундына қозғалатын шөміштер саны.Бұл формуланың оң жағын ρн көбейткенде
Qm= ρн .
Өнімділік кг/с бірлік заттарды, массасы m тасымалдағанда ортасында lk қашықтыққа
Qm=m .
Бұл өнімділікті жүтер санымен анықтау үшін, бірлік/с, мына қатынасты пайдалануға болады
10 сурет. Қуаттылықты анықтайтын сұлба және тасымалдағыштың көлбеу бұрышынан кедергі коэффициентінің тәуелді графигі.
Qz = , tм= - бір жүкті тиеу уақыты,с
Соңғы екі теңдікті бірге шешіп, Qz және m арқылы белгіленген өнімділікті, кг/ с аламыз
Qm= Qzm
Негізінде өнімділік тасымалдамалдағыштың жұмыс жағдайына және жүк тиеудің біркелкі еместігіне байланысты біршама аз болады.
Беріліс қуатын және тасмалдағыштың қозғалысының кдергі коэффициентін есептеу мынадай. Жалпы жағдайда жүк кеңістіктегі траектория бойынша тасымалданады.
Әрбір үздіксіз тасымалдағыш машиналарының беріліс энергиясы кедергіні жеңуге жұмсалады:
Жүкті көлденең қозғалтуға; жүкті көтеруге және бұдан туындайтын қосымша кедергілерден; тасымалдағыштың қозғалатын бөлігінің қозғалуы (бос жүріс); тасымалдағыш жұмысы кезіндегі кедергі.
Тасымалдаудың ортақ жағдайын жүкті А нүктесінен Б нүктесіне қозғалтқанынан қарастырамыз. Бойынша қозғалтумен немесе АБ көлденеңі мен БВ тігімен, тасымалдағыштың құрылымына қақаңқастан қуатты анықтаудың теориялық негіздері мен кедергі коэффициенті ортақ.
Жүкті көлденең қозғау қуаты.
Рг=gqгLгvkг,
Бұнда qгv=Q- секундтың өнімділік; Lг=L cos β – көлденең жазықтыққа тасымалдағыштың ұзындық проекциясы; kfг – жүк қозғалысының кедергі коэффициенті; материалдың науа мен жұмыс бөліктеріне үйкелуін есепке алатын жүк қозғалысының кедергі коэффициенті
Сонымен,
Рг= QgkfгLcosβ
Жүк көтеру үшін қуат
Рв=gqrHvkfв=Qgl(1+k'fвsinβ),
Мұнда kfв=1+k'fВ- жүктің тігінен қозғалуының кедергі коэффициенті, k'fВ, - қосымша кедергіні есептейтін коэффициент.
Бос жүріс қуаты,Вт, жұмыс бөліктерінің тұйық контурында тасымалдағыштың қозғалмалы бөлігінің қозғалысына кедергіні жеңу үшін
Рх=2gqпvkfxLcosβ=2gQL kfxcosβ,
Мұнда 2 – екі тармақтың кедергісін есептейтін сан; qп- - тасымалдағыштың қозғалмалы бөлігінің сызықтық тығыздығы.
Тасымалдағыштың алдын – ала есептеуіш қозғалтқыштың жалпы қуаты:
Рд=
Мұнда kи=1,15…1,20- тасымалдағыштың іске қосқанда қуаттың, массаның үдеуінен туатын кедергіні жеңу үшін арту коэффициенті. Рз және Рр - толтыру және азайту құрылғыларында болатын кедергіні жеңуге жұмсалатын қуат; η- беріліс механизмінің П.Ә.К.
Тасымалдағыштың сомалық коэффициенті
Kc= =kfГcos +kfВsin .
10 б суретінде көрсетілген тәуелділіктің графигінен көрініп тұрғандай, өте көлбеу тасымалдағанда ( =60…80º) кедергі коэффициенті кс тік тасымалдағаннан артық. =0 kc=kfГ - болғанда, =90 º kc=kfВ болғанда, егерде k´fВ=0, онда kc=1.
Бірыңғай операцияларды орындауға арналған тасымалдағыш машиналарды жобалағанда немесе таңдағанда, олардың техникалық – экономикалық көрсеткіштерін салыстыру керек.
Көптеген машиналарды кез – келген жүкті әр бағытта тасымалдау үшін пайдалануға болады. Бірақ та олардың кейбіреуі жұмыс жағдайы мен техникалық талапқа сай таңдайды.
Энергиясыйымдылық коэффициенті kэ энергия шығынын белгілейді, кВт, бір сағатта тасымалдайтын 1 тонна жүктің 1 метр ұзындығына КВт. сағ/(т.м.),
k э =
мұнда Р – тасымалдаушы қондырғының қуат сапасы; Q- өнімділік; l- қондырғының барлық бөлігінің ұзындығының қосындысы.
Материал сыйымдылық коэффициенті kм - бұл бірлік уақытта тасымалданатын жүкке және тасымалдағыштың ұзындық бірлігіне, кг*с/(кг*м), сай келетін тасымалдағыштың салмағы.
kм= .
Пайдалану коэффициенті kэк,,теңге*сағат/т*м, пайдаланудың өзіндік құн көрсеткіші деп санауға болады:
kэк= ,
мұнда С – бірлік уақытындағы пайдалану бағасы.
Қорытынды таңдауды жұмыс сенімділігіне және сәйкес ұзақ уақыт жұмыс істеуіне тиісті құруына кететін шығындарды ескеріп жасайды.
Дебиет
1. Красников В.В. Подъемно-транспортные машины. М.: «Агропромиздат». 1987 – 272 с.
2. Зенков Р.Л. Машины непрерывного транспорта. М.: Машиностроение. 1984 – 367 с.