Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бақылау сұрақтары. 1. Машинаның пайдалану жағдайлары өнімділік формулаларын ескереді ме?




1. Машинаның пайдалану жағдайлары өнімділік формулаларын ескереді ме?

2. Қозғалыс кедергісінің қай құраушысы машинаның көлденең жазықтыққа қатысты орналасуын ескермейді?

 

Тақырып 9. Тартушы жұмысшы бөлігі бар үзіліссіз жұмыс машиналары.

Мақсаты: Түйіндердің құрылымымен танысу және машиналарды есептеу әдістемелерінің негізі.

Жоспар

1. Таспалы тасымалдағыштар.

2. Қалақшалы, тақтайшалы және тілімді тасымалдағыштар.

 

Таспалы тасымалдағыштар – үзіліссіз жұмыс істейтін көліктің ішіндегі әртүрлі сусымалы және бірлікті жүктерге арналған ең көп таралғаны. Оның артықшылығы – қызмет етудің қарапайымдылығы, өнімділіктің кең салалығы және энергиясыйымдылығының аздығы.

Таспалы тасымалдағыштарды қолданылу мақсаты бойынша – көлденең тасымалдауға арналған тегіс және адыр-бұдырлы таспасы бар жалпы қолданысты ГОСТ22644- 77…ГОСТ 22647-77) және астықөңдейтін, тамақ және т.б. өндірістерде қолданылатын арнайы болып бөлінеді; тиеу әдісі бойынша – бас дабылдан механикалық және плужкалық лақтырғышпен жүкті лақтыру арқылы.

Тасымалдау жолы түзусызықты және қисықсызықты болуы мүмкін. Қисықсызықты жолдарды қызмет ету үшін тасымалдағыштың бөлек секцияларын қолданады. Таспалы тасымалдағыштарды комбайндар, көтеріпалғыштар, және т.б. күрделі машиналар мен комплекстерге орнатылған механизмдер ретінде де пайдаланады.

Таспалы тасымалдағыштар тұрақты орнатылған, қозғалмалы (52 б суреті),жылжымалы болып бөлінеді. сусымалы, тесекті және бірлікті жүктерді жоғары көлбеулі тасымалдауда тақтайшалы, екітаспалы, таспалы – түтікті, ал оңай зақымдалатын жүктер үшін поролон немесе ұсақ саңылаулы резеңкелі таспасы бар тасымалдағыштарды қолданады.

Таспалы тасымалдағыштардың жалпы негізгі бөліктері болады. Сонымен қатар, тасымалдағыш құрамына көлбеу бұрышын және қозғалыс реттейтін механизмдер, таспаны тазалау құрылғылары, үзілу және күтпегенкезде энергия сөнгендегі таспанытоқтататын тоқтатқыштар кіреді.

Тасымалдағыш таспа – негізгі тартушы және жүк тасушы құрылғы. Таспаның енінің қалыпты мәндер қатары ГОСТ 22644-77 –де көрсетілген.

Тасымалдағыш таспасына келесі шарттар қойылған: аз ылғал сіңіргіштік; иілгіштік пен көлденең және бойлық бағыттағы беріктіктің жоғарылығы; дабылдардағы және шығыршықты тіректердегі майысулар кезіндегі өзгергіштік жүктемелерге көрсететін кедергіштік; тасымалданатын жүктерден болатын тозуғашыдамдық; ұзаруының аздығы; жүктің физикалық – химиялық ықпалына және қоршаған ортаның ықпалына шыдамдылығы.

Тартушы қаңқасының түрі бойынша резеңке маталы, резеңке шылбырлы және болатты таспа болып бөлінеді.

Резеңке маталы жалпы қолданысты таспаларды ГОСТ 20-85 бойынша бірнеше мата төсемдерінің резеңке қабатшаларымен вулканизациялау нәтижесінде жасалынады. Маталы төсем негізден және уткадан тұрады.

Синтетикалық жіптерден жасалған қаңқалы таспалардан басқа, шылбырлы негізді таспаларды қолданады. Олардың болат шылбырлары резеңкеге вулканизацияланған. Резенке шылбырлы таспалар төсеммен және төсемсіз етіп жасайды. Бұл таспаларды үлкентесекті және өзгеше жүктерді тасымалдауға пайдаланады.

Механикалық зақымданудан сақтау үшін таспаларды жұмысшы жағынан δ1= 1,5…6 мм, ал тірегіш жағынан δ2=1…2 мм резеңкемен қаптайды.

Таспаның беріктігіне және қаттылығына қарай қабатшалар санын анықтайды.

Неғұрлым қабатша көп болса, соғұрлым таспа қалыңдығы да, дабыл диаметрі және құрылым салмағы да артады.

Резеңкелі таспа қалыңдығы

δ = δ0z+δ12

бұл жерде δ0 - бір қабатша қалыңдығы, мм

Таспаның сызықты тығыздығы

qл=1,12Bδ

бұл жерде 1,12 – қалыңдығы 1 мм, кг/ м2; таспаның 1 м2 орташа мәні. В – таспа ені, м.

Тасымалдағыш таспаның ұштарын әртүрлі әдістермен жалғайды: тігу арқылы, металл топсалар, салқын желімдеу арқылы.Соңғы әдіс ең сенімді және шыдамды. Бұл жалғау кезінде түйін қаттылығы артпайды да, оның беріктілігі таспаның беріктілігімен бірдей болады.

Жүктің сызықты тығыздығын жоғарлату үшін жақтауы бар таспаларды қолданады (11 д суреті), ал тасымалдау бұрышын көбейту үшін таспаларды дөңестермен, қабырғалармен және пішінді қыстырмалармен жасайды. (11 в,г,е,з суреті), олар жүктің түсіп қалуына жол бермейді. Шаңтәрізді және улы жүктерді тасымалдау үшін механикалық қапсырмасы бар түтікті таспаны (11 ж суреті) немесе бағыттаушы түтіктегі жалпақ таспаны қолданады.

11 сурет. Тасымалдағыш таспалардың құрылымдары.

а – резеңкематалы б –резеңкешылбырлы в,г – қабырғалы жұмыс бетті д – жақтаулы жалпақ е – қалқасы бар ж – бойлық құлыппен з – төсенішті – тақтайшалы; 1 және 2 – жұмысшы және тірегіш жағы; 3 және 5 – төсем мен шылбырлар 4 – қорғаушы мата.

 

Тамырсабақ, астық, құрылыс материалдары және кәрзеңкелерді тасымалдағанда бір – (12 а,г,д суреті), екі – (12 з суреті), үш – (12 б суреті) және көп шығыршықты (12 ж суреті) тіректерді қолданады. Иілген шығыршықтарды әртүрлі жылдамдықпен пайдалану таспаның бірқалыпсыз тозуына әкеледі (12 д суреті). Көп шығыршықты таспа (12 ж суреті) мен түтікті бағыттаушылар (12 е суреті) таспаға өзіндік ең көп күш алуға мүмкіндік береді.

Таспалы тасымалдағыштың оның таспасындағы бірқалыпты беріліспен сусымалы жүкті тасымалдау кезіндегі өнімділігі.

Q=ρkβAυ,

Бұл жерде kβ=1…0,75 – 20 градус бұрышқа дейін тасымалдағыштың қисайғандағы жүктің төгілуін есептейтін коэффициент. А – жүкті тасқынның қима ауданы.

Таспаның еніне В және жүктің физикалық-механикалық қасиеттеріне тәуелді жүкті тасқынның қима ауданын А есептеу және тасымалдаудың жылдамдығын дұрыс таңдау деген мақсат қойылған.

Таспа жылдамждығы 6....7 м/с жетеді, ал лақтырғыш тасымалдағыштарда одан да көп. Жоғары жылдамдық кезінде көлемі кішірек таспаларды қолдануға боады, бірақ бұл тозу, зақымдану және қажалу көлемінің ұлғаюына әкеледі.

Жалпақ қолданғанда (12 а суреті) жүкті тасқынның қимасын негізі b және оған jр=0,35jп бұрышымен қисайған бүйір жақтарынан тұратын тең бүйірлі үшбұрыш сияқты кейбір өзгерістрмен қабылдайды. Мұнда jп - тыныш күйіндегітабиғи ылди бұрышы.

Онда қима ауданы

Ап=0,5bh=0,25kb2B2tg jр.

 

Жүктің төгілуін болдырмау үшін таспа қолданылуының коэффициентін алады:

kb= =0,8…0,9.

Үш шығыршықты науалы таспа кезіндегі (12 б суреті) жүк тасқынының қимасының жалпы ауданы

Аж= Апт.

12 б суретіндегі сұлбадан трапеция ауданы:

Ат= tga=0,25 kb2B2kb2B2tga.

Онда

Аж=0,25 kb2B2 ,

мұндағы k0= =0,35…0,4; a=20…30° және одан сирек 45... 60 °

Жақтаулы жалпақ таспа қолданғанда (12 г суреті) жүк тасқынының ауданы:

Ап.б= Аппр=0,25(tgjр+3,2k1)B2,

Мұндағы Апр=hпB; hп=(0,7…0,8)hб, hб=k1B; k1»0,1…0,15.

 

12 сурет. Таспаның әртүрлі тіректері кезінде жүк тасқынының қима ауданын есептеулерінің сұлбасы.

А, г – бір шығыршықты б – үш шығыршықты в – науалы д – иілген шығыршықты е - түтікті ж – көп шығыршықты з – екі шығыршықты.

 

 

Жақтау және батырғы таспасы бар жалпақ таспа қолданғанда, яғни екітаспалы тасымалдағыш қолданғанда

Ап.б.д= Апр= hпB=(0,7…0,8)k1B2.

Түтік пішінді таспа қолданғандағы (12 е суреті) аудан:

Атр=0,25 ,

Мұндағы В=2πr- таспа ені.

Түпкі дабылда ғана мүмкін таспалы-түтікті тасымалдағышты түсіру кезінде, Атрп, болғандықтан, таспаны жазу барысында жүк шеттерінен төгіледі, сондықтан шектейтін бағыттаушы жақтауларды орнату керек.

Терең науалы (12 ж суреті) таспа қолданғанда жүктелген бөлігіндегі таспаның көлденең қимасын кейбір жоқаңқалмен дөңгелек қима ретінде елестетуге болады.

Терең науалы тасымалдағыштарды түтік тәрізді таспалы тасымалдағыштар сияқты жартылай сұйық жемжі қоспаларды және сол тәріздес жүктерді тасымалдауға болады.

Екеуінің жүк тасқынының көлденең қимасының аудандарының мәндерін қойғанда сәйкес мынау шығады:

Qп=0,25ρkβυB2kb2 tgφp

Qж=0,25ρkβυB2kb2

Көп тараған жүктердің ерекшеліктерін ескеріп, жоғарыда келтірілген формулалар бойынша тексеру және жобалық есептеулер жүргізу мүмкін.

Таспа енін кейбір жіберулермен былай анықтайды:

В=

Мұндағы kп- өнімділік коэффициенті, ол жүк тасқынының көлденең қимасының пішінінен және физикалық-механикалық қасиеттеріне тәуелді.

Табылған В өлшемін стандартқа дейін дөңгелектейді.

Тесекті жүктер кезінде В=(2,5…4)lг қатынасымен тексереді.мұндағы lг - тесектің ең үлкен өлшемі, ал бірлік жүк кезінде В=lш+2*(0,05…0,1) қатынасымен тексереді. Мұндағы lш – ең үлкен көлем өлшемі.

Беріктік қоры бойынша таспаны мынадай тексереді:

S=

Мұндағы z – төсем саны; - рұқсат етілген сызықты беріктік Н/мм, оны 10 және 11 таблицаларынан таңдайды; Fmax- таспаның ең үлкен тартылуы, - аралас таспалардың беріктік қоры 9...11,5, синтетикалық таспалардың 9...10, резеңкешылбырлы таспалардыкі 8....9.

Таңдалған дабылдың сәйкестігін рұқсат етілген =0,4МПа қысым бойынша тексереді:

=

Табылған көрсеткіштерді жобалау барысында нақтыланатын жоқаңқал көрсеткіштер деп санау ұсынылады.

Тесекті, бірлік, сусымалы, байланған және басқа материалдарды тігінен және 70° көлбеумен көлденең жазықтыққа қозғау үшін шынжырлы немесе таспалы элеваторларды пайдаланады.

Оларды келесі белгілері бойынша ажыратады:

жасалуы бойынша – тұрақты орнатылған,қозғалмалы соққылағыш, астық кептіргіш, астық тазарқыш және жем дайындайтын тіркесім (НБК), тиеу машиналары (Д-565).

Жұмыс бөлігінің құрылғысы бойынша – шөмішті(13 а,б,в,г суреті) бөлшек және сусыма материалдар, тақталы (13 а суреті) және асаушалы бірлік жүктер үшін;

Түсіру және тиеу бойынша – ақырын жүретін және тез жүретін.

13 в суретінде иілгіш маталы таспадан жасалған шөмішті элеватор, ал 13 г суретінде тұтастай жүк тасқынын болдыратын түпсіз шөміші бар элеватор көрсетілген.

13 сурет. Шөмішті элеваторлардың сүлбесі;

а– сыртқа тепкіш түсіру, б – гравитациялы түсіру, в – қалталы, г – түпсіз шөмішті, д – тақталы; е – асаушалы, 1,6,10,14 және 18 – берілісті жұлдызшалар және дабылдар, 2,7,11,15 және 19 – тартушы бөлік, 3 және 5 – шөміштер, 4,9,13,17 және 21 – тартылмалы жұлдызшалар мен дабылдар, 8 – тақта, 12 – асауша, 16 – қалта, 20 – түпсіз шөміш.

 

Элеваторлардың негізгі артықшылықтары: ықшамдылығы (көлденеңінен мөлшері кішкене); жоғары биіктікке жүкті көтеру мүмкіншілігі (45...70м және одан жоғары); өнімділіктің кең аралығы – 1...350 т\ч (ауыл шаруашылық өндірісі үшін 40 т\ч).

Элеваторлардың кемшіліктері: материалға соққылы әсері; құрылымының салыстырмалығы күрделілігі; шамадан көп жүкке шыдамсыздығы.

Шөмішті элеваторлар жемцехтарында және малөсіруші фермалардағы қисақтаушы қоймаларда, астық қоймаларында,және астық, көкөніс, ұн және т.б. сусымалы, тесекті жүктерді тасымалдау кезіндеқолданылады.

Тасымалданушы материал элеватор башмагына түседі де, онда шөміштер толтырылады да, тартушы бөлікпен бірге жоғарыға 0,6...5 м/с жылдамдықпен көтеріледі. Элеватордың жоғарғы бөлігінде шөміштер материалға түсетін ауырлық және сыртқа тепкіш күштер әсерінен жүкті түсіреді.

Элеватор шөміштерін болат беттерден және резеңкеден немесе пластмассадан жасайды, бұл зақымданудан жүкті сақтайды. Сонымен қатар торлы қылып жасайды. Оларды тартушы бөлігінде бір қадам қашықтықта бекітеді(13 а суреті). Ақырын жүретін элеваторларда үшкірбұрышты шөміштерді таспаларда немесе шынжырда бірінен соң бірін орнатады(13 б суреті). Сондықтан мұндай элеваторларды ашылған жәнежиырылған болып бөлінеді.

Болат шөміштерді болтпен немесе тойтарғыш шегемен, ал резеңкелі және пластмассалыларды арнайы желімен бекітеді.

Шөміш пішіні келесі негізгі көрсеткіштермен анықталады (ГОСТ 2036 - 77): батырып алу бұрышы α, жоғарғы жиек бұрышы β, ені b, шығарылымы 1; тереңдігі Һ.

Шөміштердің өлшемдері және олардың жалпы қолданысты элеваторларға сәйкестілігін ГОСТ 10190-70 белгіленген, онда шөміштер 3 түрге бөлінген: 1 – шағын, 11 – орташа, 111 – терең. Шағындары ұнды азықтарға, орташалары – астық үшін, тереңдері астық пен комбижемге арналған.

Элеваторлардың тартушы бөліктері таспа мен шынжыр болып келеді. Таспаларды ГОСТ 23831-79, ГОСТ20-85 бойынша орындай және оларды жылдамжүруші элеваторларда астық, ұн және ұсақ шаңтәрізді материалдарға қолданады. Тесекті жүктер және көлбеу жазықтықпен тасымалдағанда шынжырлы тартушы бөліктерді қолданады.

Өнімді қайта өңдейтін өнеркәсіптерде келесі шөмішті элеваторларды қолданады:

Тұрақты орнатылған – астықты тасымалдайтын диірмендер мен элеваторларда, малөсіруші фермалардағы жемдайындағыш цехтарда жемдерді машиналарға, шанақтарға, қоймаларға, реттеушілерге тасымалдауға пайдаланады;

Қозғалмалы – малөсіруші фермаларда технологиялық процестерде периодты қызмет ету үшін пайдаланылады.

Ауыл шаруашылық машиналарға орнатылған – өнімді жұмысаралық тасымалдау үшін: соққылағыштарда, жемдайындайтын, астықтазартатын (ЗАВ - 40) және астыққұрғататынқұрылғыларда пайдаланылады.

Күрделі машинаға орнатылған элеватор башмактағы білікті қозғалысқа әкеледі. Машинаның мұндай кинематикасы кезінде тартылатын құрылғы элеватордың басында орналастыру қажет, яғни жоғарғы елгезер немесе жұлдызша қасында. Бұны есептеу кезінде ескеру керек.

Шөмішті элеваторлар өзіжүретін тиегіш машиналарда қоректендіргіш ретінде қолданады, мысалы тиегіш Д-565, машина МВС-4 -да вагондардан жүкті түсіру үшін.

Өнімділігі 30 м3/сағ (8,33 кг/с) болатын КПК – 30 шөмішті экскаватор қи тиеуде өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Элеватор жоғарғы ұшымен топсалы түрде құрылыс құрылымына бекітілген, төменгісі шығырдың полиспасты арқанына ілінген. Беріліс механизмі қуаттылығы 2,8 кВт болатын электр қозғалтқышынан, тісті өзгерткіштен және шынжырлы берілістен тұрады. Шөміш сыйымдылығы 12 л.

Қалақшалы, тілімді және тақталы тасымалдағыштар ауыл шаруашылығында жеке тұрақты және қозғалатын машина немесе арнайы машиналарға бекітілген күйі таралған.

Қалақшалы тасымалдағыштар сүйреу тәсілімен жұмыс істейді: жүкті қозғалатын қалақшалар көмегімен қозғалмайтын науа немесе құбыр арқылы қозғайды. Олар тұтас немесе контурлы, үздіксіз алға басатын және қайтара алға басатын болып бөлінеді.

14 сурет. Шынжырлы тасымалдағыштар сүлбесі.

а – қоректендіргіш бар қалақшалы б – тақталы в – тілімді 1 – тартушы бөлік 2 –жұмысшы бөлігі 3 – тасымалданатын жүк.

 

Қалақшалы тасымалдағыштарды өте сусымалы жүктерді тасымалдауға пайдаланады: астық, ұн, тыңайтқыш, көмір т.б., сондай-ақ мал фермаларында қи тазартуға пайдаланады.

Қалақшалы тасымалдағыштың артықшылығы: құрылымның қарапайымдылығы; көлбеу бұрышпен тасымалдай алатындығы; кез келген бағытта, керек кезінде екі бағытта да.

Кемшілігі – тасымалдау кезінде жүкті ұсатуы және қажауы, бағыттайтын науаның тез тозуы.

Тақтайшалы және тілімді (14 б және в суреті) тасымалдағыштарда жүк тақтайшалар және төсемдерде тасымалданады. Бұл тасымалдағыштарда тартушы бөлік жүк тасушы болады.

Тақтайшалы тасымалдағыштар бірлік жүктерді тасуға бейімделген (шөп бумаларын, қап, себет, жәшік), сондай – ұзынсабақты бос жүктерді (сабан, шөп, жүгері).

Ауыл шаруашылығында оларды ауыл шаруашылық машиналарында қолданады, сондай - өз бетімен қозғалатын ұзындығы 10...15м тасымалдағыштар. Артықшылықтары мен кемшіліктері қалақшалы тасымалдағыштардағы сияқты.

Тілімді тасымалдағыштарды сусымалы және бірлік жүктерді тасуға пайдаланады. Олар тамырсабақтыларды, жөндеу кәсіпорындарында бөлшектерді, контейнерлерді таси алады.

Тілімді тасымалдағыштардың артықшылықтарына жоғары өнімділігі; алыс қашықтыққа тасымалдауы; шанақтан өзінше тиелуі. Кемшілігі – қозғалатын бөліктерінің ауыр салмағы және бағасының қымбаттығы.

Тасымалдағыштардың негізгі бөлшектері – тарту, жұмысшы және қосалқы бөліктері.

Қалақшалы, тақтайшалы және тілімді тасымалдағыштардың тартушы бөліктері болып әртүрлі шынжырлар, арқан және таспала қызмет етеді. Тартушы бөлігінің қызметі – беріліс механизмінен пайда болатын тартылыс күшін жүкті тасымалдайтын жұмыс бөліктеріне беру. Жүкті қозғайтын жұмыс тармағы және кері жүксіз айналатын бос тармақ болады. Тақтайшалы және тілімді тасымалдағыштарда жоғарғы тармақ, қалақшалыда – жоғары және төменгі тармақта жұмыс тармағы болып табылады.

Шынжырлардың барлық түрінің артықшылықтарына олардың берікьігі; тозуға бекемдігі; шағын жұлдызшалар қолдана алатын иілгіштігі; алдын ала тармақтардың тартылуынан тарту күшінің тәуелсіздігі; жұмыс бөліктерін бекітудегі ыңғайлығы. Шынжырлардың кемшілігі: қозғалыстың бірқалыпты еместігі; қосымша динамикалық күш туғызады; бағасының қымбаттылығы; 1м-ге салмағының ауырлығы.

Ауыл шаруашылығында тасымалдағыштар мен элеваторлар үшін (ГОСТ 4267 - 78) шығыршықты ұзынбуынды шынжырлар пайдаланады. Шынжырлар жұмыс бөліктерін бекітуге арналған (қалақша, тақтайша, тарақ және т.б.) табаншасы бар арнайы буындардан тұрады. Бұл шынжырлардың арнайы буындарын берілген тәртіппен берілісті шығыршықты шынжырлардың буындарымен ауыстыруға болады. (ГОСТ 13568 -75)

Шығыршықты ұзын буынды шынжырлардың негізгі өлшемдері мен көрсеткіштері арнайы таблицаларда келтіріледі. Шынжырларды белгілегенде көрсетіледі: шынжыр адымы (мм) - әсер ететін күш (Н) – шынжыр түрі – жасалуы – жұмыс бөлігінің бекітілетін тесік диаметрі. Тесік диаметрі 6,8,10 сандарымен белгіленеді, ол 6,6;8,4 және 10,5 мм сәйкес келеді.

Дебиет

1. Красников В.В. Подъемно-транспортные машины. М.: «Агропромиздат». 1987 – 272 с.

2. Зенков Р.Л. Машины непрерывного транспорта. М.: Машиностроение. 1984 – 367 с.

3. Методические указания «Детали машин и подъемно-транспортные устройства». Раздел «Подъемно-транспортные устройства». М., 1985.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 912 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2535 - | 2192 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.