Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бақылау сұрақтары. Мақсаты:Халық шаруашылығындағы ККМ-ның құрылымы, пән мазмұны және алатын орнымен танысу.




Дәріс тезистері.

Тақырып 1. Кіріспе

Мақсаты: Халық шаруашылығындағы ККМ-ның құрылымы, пән мазмұны және алатын орнымен танысу.

 

Жоспар

1. Көтергіш – көліктік машиналарының рөлі мен маңызы.

2. Көтергіш – көліктік машина жасау өнеркәсібіндегі болып жатқан өзгерістер.

 

Материалды – техникалық базаны құруда көтергіш – көліктік машина жасау өнеркәсібіне айрықша роль бөлінген, өйткені оның алдына халық шаруашылығының барлық салаларындағы өндірістік процестерді комплексті түрде механизациялау мен автоматизациялау, қолмен істелетін тиеу – түсіру жұмыстарын болдырмау, негізгі және қосалқы өндірістік операциялардағы өте ауыр қол еңбегін жою міндеті қойылған.

Заманауи тасқынды технологиялық және автоматтандырылған желілер, цех аралық және ішкі цехтық көлік, тиеу – түсіру операциялары өндірістік процестердің үзілмеуі мен қалыптылығын қамтамасыз ететін әртүрлі жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді қолдануымен тікелей байланысты.

Жүк көтергіш құралды дұрыс таңдай білу өндірістің қалыпты жұмысы мен жоғары тиімділігінің негізгі факторы болып табылады. Ішкі цехтық және цехаралық заманауи механизация құралдарынсыз өңдеу мен сақтаудың барлық түрлерінде шикізат пен жартылай өнімдерді тасымалдаусыз өндірістің бірқалыпты жұмыс ырғағын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Жеке көтергіш – көліктік машиналарынан өнімділігі жоғары кешендерге көшу қарқынды түрде іске асып келеді.

Тиеу – түсіру, тасымалдау мен сақтау жұмыстарын комплексті механизациялау мен автоматтазияциялауда жүктиеуші машиналарының өте жаңа түрлері жасалуда.

Жоғары жылдамдығы және үлкен жүк көтеру қабілеті бар қазіргі заманғы өнімділігі жоғары жүк машиналары ұзақ уақыт бойы машиналарды жетілдіру арқасында пайда болды. Өте ерте заманда, өте ауыр заттарды көтеру мен жылжытуға байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілген, мысалы египет пирамидаларының құрылысы.(Хеопс пирамидасы біздің эрамызға дейін ХХVIII ғ. Салынған, биіктігі 144,6 м., салмағы 30 т болып келетін әк блоктарынан салынған).

Соңғы жылдары көтеру – тасымалдау құралдары мен көтеру – түсіру жұмыстарын механикаландыру үшін арнайы жобалау мекемелері машина жасау зауыттарымен бірлесіп өнімділігі жоғары, үнемді және жұмыста қолдануға ыңғайлы жаңа машиналар қатарын жасап шығарды.

Қара және түсті металлургия, машина жасау, көмір, химия өнеркәсіптері мен халық шаруашылығының басқа салаларындағы жұмыстрды комплексті механизациялауға арналған электр және автотиегіштер, ұсақ және қораптағы жүктерді түсіретін машиналар, жинаушы және көтеруші құрылғылар, лифттер жасап шығарылды.

Өте үлкен жүк көтергіш жүзбелі крандардың құрылымы жасалды, жүк көтергіштігі 5-50 т. Болатын көпірлі электр крандары жасалды, крандардың металл құрылымының пішінін өзгерту мен алдыңғы қатарлы металл профильдерін пайдалану және механизмдердің бөлшектерін термиялық өңдеу арқасында техника – экономикалық көрсеткіштерін біршама жақсартуға қол жеткізілді.

Көтергіш – көліктік машина жасау өнеркәсібіндегі негізгі конструктивті өзгерістерден келесі өзгерістерді атауға болады:

өте жаңа өзгеше жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің жасалуы, бар машиналар мен құрылғыларды кеңінен жетілдіру, осының арқасында халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиеу – түсіру, тасымалдау, жинап – сақтау жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыруды жүзеге асыру;

жаңа кинетикалық жобаларды пайдалану арқасында жүк көтергіш машиналардың салмағын төмендете отырып олардың жүк көтергіштігін арттыру, жетілдірілген есептеу жолдарын, металдардың жаңа профильдерін, жаңа материалдарды – легирлі болат, жеңіл қоспалар мен пластмассалар, машина жасаудағы озық технологиялар;

механизмдердің жылдамдықтарын реттеу, автоматты, жартылай автоматты және қашықтықтан басқару, арнайы ұстағыш және көтергіш құралдары бар агрегаттарды пайдалану арқасында құрылғылардың еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ ауаны салқындату мен тазарту құрылғыларын пайдаланып краншылардың еңбек жағдайын жақсарту;

жаңа конструктивті шешімдерді ойлап шығару, жаңа жетілдірілген есептеулер әдісі мен физика – механикалық қасиеттері жетілдірілген жаңа материалды пайдалану арқасында машиналардың беріктігі мен олардың элементтерінің ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Қазіргі жүккөтергіш машиналар өндірісі қорапты және жетілдірілген құрылымдарды шығаруға негізделген (редуктор, муфта және т.б.), олар жүккөтергіш машиналарды шығарғанда және пайдалану кезінде өте үлкен техникалық – экономикалық әсер алуға мүмкіндік бреді. Қорапты деп дербес түйіндер – қораптардан тұратын құрылымдарды атайды, олар өзара жеңіл айырылатын қосындылар арқылы қосылған. Мұндай қораптарға кранның құрылымынан редукторларды, муфтаны, тежеуішті, ілмек салпыншағын жатқызуға болады. Қазіргі уақытта қораптылық принципін тек механизмдерде ғана емес, сонымен қатар метал құрылымдарда да қолданады, себебі ол металқұрылымның жетілдірілген түйіндерін сериялық өндірісіне арналған тасқындық желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қорапты құрылымдарды қолдану механизмдердің түйіндерін аяқталған түрінде шығаруға мүмкіндік береді, ол жекелеген цехтар мен зауыттардың мамандандыруға әкеледі.

Өндірістің мамандандырылуы шығарылатын түйіндердің сапасының артуын қамтамасыз етеді.

Қорапты құрылымды қолдану жөндеуді қажет ететін түйінді жалғасқан түйіндерді бұзбай бөліп алуға мүмкіндік береді. Қосалқы бөлшектердің бар кезінде түйін – қораптарды айырбастау аз уақытты алады, бұл жабдықтардың тұру уақытын азайтады және мамандандырылған жөндеу цехтарында жоғарысапалы жөндеу жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қорапты құрылымдарды қолдану түйіндер мен бөлшектерді максималды жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл шығарылатын бұйымдар санын көбейтеді.

Түйіндерді жетілдіру қажетті құралдар мен жабдықтардың, құюшы үлгілердің санын азайтады, бұйым сапасын және еңбек өнімділігін ұлғайтатын арнайы құрылғыларды қолдануға мүмкіндік береді, және қосалқы бөлшектер паркын азайтады.

Қораптылық және жетілдіру принципі жүккөтергіш машиналарды сериялық өндірісіне, сол өндірістік орындар мен сол жабдықтарда өнім шығарылымын көбейтуге, әртүрлі мамандандырылған зауыттар бірлестігін кеңейтуге негіз береді.

Механизмдер мен түйіндердің жетілдіру принципі кран жасау саласында кеңінен қолданылады. Бірақ кейбір кезде жетілдіру машинаның салмағының артуына әкелетінін есте сақтау керек, сондықтан жетідіру алдында қабылданған шешімдердің техникалық – экономикалық талдау жүргізу керек.

Дебиеттер

1. Красников В.В. Подъемно-транспортные машины. М.: «Агропромиздат». 1987 – 272 с.

2. Александров М.П. Грузоподъемные машины. М.,Высшая школа.1986– 400 с.

3. Спиваковский А.О. Транспортирующие машины. М.: Машиностроение. 1968-504с.

Бақылау сұрақтары

1. Бұл пән қандай процестер менмашиналарды зерттейді?

2. Технологиялық машиналардың КТМ-нан қандай айырмашылығы бар?

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 550 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2284 - | 2135 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.