Мотивацияның мазмұндық теориясы адамдарды көздеген мақсатқа орай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды теңдестіруге негізделген. Бұл теория өкілдеріне А.Маслоу, К.Альдерфер, Д.МакКлеланд, Ф.Герцберг жатады. Мотивацияның мазмұндылық теориялары бірінші кезеңде адамдарды әрекеттерге итермелейтін қажеттіліктерді анықтауға бағытталған. Бұл теориялардың iшiнде аса кең тараған - А. Маслоудың қажеттiлiктер теориясы. Маслоудың пікірінше, адамның мінез-құлқы қажеттіліктердің негізгі 5 түрібар: 1.Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу сияқты қажеттіліктер жатады.
2.Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі. 3. Әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым – қатынас, құштарлық сезімі.4. Сыйлау қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі жатады.5. Өзін - өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциялды мүмкіндігін, жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі. Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес қосты. Басшылар адамдардың мотивациларының олардың жан-жақты қажетсінуімен айқындалатынын түсіндіреді. Уақыт өте келе мотивация көзқарасы да өзгереді. Маслоу бойынша, жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру әдістері:1.Әлеуметтік қажеттіліктер: - Жұмыс орындарында тату-бірлік орнату, т.б. 2. Сыйлау қажеттіліктері:-Бағыныштыларға анағұрлым мазмұнды жұмыс тапсыру. - Бағыныштыларға қосымша құқықтар мен өкілдіктер беру.- Қызметін жоғарлатуға тырысу. 3. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі.-Бағыныштылардың өз мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін оқуларына, ой-өрістерін жетілдірулеріне жағдай жасау.Мотивациялық қажеттілікке байланысты келесі бір теория ол МакКлеландтың қажеттілік теориясы. Оның пікірінше адамдарда үш ең басты қажеттілік болады:
-Билікке ұмтылу қажеттілігі, басқа адамдарға үстемдік етуге тырысудан көрінеді. Ондай адамдар батыл және өз көзқарасына берік болады.- Жетістікке жету қажеттілігі, табысқа жетуден ғана емес жұмысты табысты аяқтауға талпынысынан көрінеді. Адамдар өз табыстарын жария етуге тырысады және нақты бағалануын талап етеді.-Қатысушылық қажеттігі, бұл жағдайда адамдар достық қатынастар орнатуға, басқаларға көмек көрсетуге талпынады. Бұл қажеттіліктер өмірлік жағдайлар, тәжірибе және білім ықпалынан пайда болады. Билікке қажеттілік басқа адамдарға ықпал ету ниетінен көрінеді. Билікке құштар адамдар өз пікірін батыл және ашық айтады, пікір таласынан, өзара сыннан тайсалмайды, өз пікірін өткізуге тырысады. Жетістік қажеттілігі адамның алдына қойылған мақсаттарға бұрынғыдан гөрі тиімді жетуге ұмтылуынан туындайды Қатыстылық қажеттілігі қоршаған ортамен достық қарым-қатынастарға ұмтылуынан білінеді. Мак Клелланд теориясы бойынша аталған қажеттіліктер бірін-бірі жоймайды және иерархиялық түрде орналаспаған. Бұл қажеттіліктердің адамға ықпал етуі олардың өзара бір-біріне әсер етуінен күшті. Бұл қажеттіліктердің ықпал бағыты туралы қорытынды жасауға болмайды, персоналды басқару әдістерін анықтау барысында ескермеуге болмайды. Ф.Герцбергтің екі факторлы теориясы. Ол теориясын екі категорияға бөліп қарастырды: гигиеналық факторлар және мотивациялар. Гигиеналық факторлар – жұмыс, қызмет іске асырылатын қоршаған ортамен байланысты. Оған: фирманың және әкімшіліктің саясаты, жұмыс жағдайы, еңбекақы, жұмыс басшыларымен, әріптестерімен қарым-қатынастары, жұмысты тікелей бақылау дәрежесі жатады. Негізінен жұмысты қоршаған ортамен байланысты факторларды Герцберг гигиеналық немесе денсаулық факторлары деп атайды, бұл факторлардың болмауы адамның қанағаттанбау сезімін тудырады, ал бар болған жағдайда міндетті түрде қанағаттану сезімін тудырмайды. Бұл факторға Герцберг бойынша саясат, басқару, техникалық басқару, еңбек ақы, басқармамен қарым-қатынас, жұмыс жағдайлары жатады. Мотивация – бұл жұмыстың сипаты, мәні және мазмұны мен байланысы. Оған: жетістік, қызметте жоғарылау, жұмыс нәтижесін мойындау, әрі мақұлдау, ерекше жоғары жауапкершілік, іскерлік, өсу мүмкіндігі жатады. Егер осы қажеттіліктер қанағаттанса, онда адамның өзі қанағаттанады, яғни бұл қажеттіліктер мотивациялық роль атқарады. Герцберг теориясы бірқатар ұйымдарда тиімді пайдаланыла тұрса да, оған сын ескертпелер айтылды. Демек мотивацияны ықтимал процесс ретінде қабылдау қажет. Нақты бір адамды нақты жағдайда салыстырып дәлелдеу, оған басқа бір уақыт жағдайында немесе сол ұқсас жағдайдағы басқа адамға сәйкес келмеуі мүмкін. Зерттеу жұмыстарынан байқалғаны, мотивация механизмін түсіндіру үшін көптеген мінез-құлық аспектілері және қоршаған орта парметрлерін қарастыру қажет. Мұны жүзеге асырудың өзі мотивацияның процессуалдық теориясына ықпал етті. Герцберг екі факторлар жағдйында негізінде, қанағаттанбау жоқтығы жағдайында, денсаулық факторы арқылы мотивациялау пайдасыз деп тұжырымдады. Мотивациялау факторларын жұмысшылардың қанағаттану жағдайына жету механизмі арқылы іске жарай алады дейді.