Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы




Басқарудың қажеттілігі.

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды..
Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек.
Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады.

Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын(саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б) қамтиды.Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны- бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады.Қорытындысында адамдардардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатындар болса, басқа біреулері – басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бұл қарым-қатынастар яғни, қоғамдық байланыстар мен олардың өзара ықпалдасуының жиынтығы басқару субьектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады. Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің – басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Басқару –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Басқару әдістері- бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі. Ғылыми басқаруда төмендегідей әдістер қолданылады:

© Ойын теориясы әдісі- бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін қолданылады;

© Имитациялық модельдендіру әдісі- бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады.Олар нақты өмірді имитация жасайды.

 

© ұйымының экономикалық жағдайын модельдейді, бәсекелесінің іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.

© Бұтақты ағаш тәрізді щешімдір әдісі- бұл әдісте мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

© Болжау әдісі- баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін қолданылатын әдіс.

 

Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы

Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.Басқару деңгейіне орай менеджерлерді үш топқа бөлуге болады: төменгі, орташа және жоғары сатыдағы менеджерлер. Төменгі менеджерлер – бұл бір топ адамдардың немесе бөлімдердің бастықтары. Жоғары сатыдағы менеджерлерге компаниялардың бастықтары жатады. Орта сатыдағы менеджерлер – бұл цехтардың бастықтары.

Ал кәсіпкер -өзінің кәсіпорнын басқаратын, бизнесі үшін тәуекелге баратын, басқалардың қызметін ынталандыратын, қызметкерлерді соңынан ертетін жетекші, «адам жанының сәулетшісі»

Кєсіпкерліктің маңызды белгілері:

· Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім ќабылдауда еркін.

· Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.

· Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

 

А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау

1-звено менеджері: техникалық деңгей. Жұмысшылармен тікелей байланыска түседі.

2-звено менеджері: басқарушылық деңгей. Нақты фугкционалдық тактикалық шешімдерді қабылдайды.

3-звено менеджері: институционалды деңгей. Бұл деңгейде стратегиялық ұзақ мерзімді шешімдер қабылданады.

Менеджер -басқару және басқарудағы шешім қабылдау қызметін атқаратын ұйым мүшесі. Менеджерді ұйымдағы басты,маңызды адам деп нық айтуға болады. Бірақ та барлық менеджерлер ұйымда бірдей рөл атқармауы мүмкін,олардың атқаратын қызметтері де әр түрлі болуы мүмкін. Бұл ұйымдағы иерархияға байланысты,яғни ұйымдағы атұарылатын әр түрлі қызметтерге.Ешқандай ұйым менеджерсіз қызмет атқара алмайды,оның негізгі себептері:

-менеджер ұйымның мақсатына жету үшін не істеу керек екенін ойластырады,адам/ға нақты міндеттер жүктей отырып,оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

-менеджер ұйымдағы жұмыстарды жүйелеп бөледі,қажетті ұйымдық құрылымды құрады,жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді.

-менеджер ұйымда ынталандыру шараларын қамтамасыз етіп,адамдармен тығыз байланыс орнатады.

-менеджер ұйымның іс әрекетін талдайды,нормалауды белгілейді.

-менеджер ұйымның ортамен байланысты ақпарат көзі болып келеді.

Менеджер ұйымның басқару қызметінің субьектісі бола отырып,ұйымда мына рөлдерді атқарады:

-шешім қабылдау б/ша рөлі.Басқару қызметінде шешім қабылдауға тек менеджер құқылы.Шешім қабылдау құқығына бай/ты менеджер сол қабылдаған шешіміне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.

-жетекшілік рөлі.Ұйымның ішкі ж/е сыртқы ортадағы қызметін,қызметкерлердің жұмысын реттейді,қызметкерлерді мотвациялайды.

3. Басқарудың негізгі 3 кезеңін атаңыз
Басқару - адамдардың кәсіптілік қызметі. Басқару уйымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процесіне мақсатты жүйелі ықпал ету. Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асады. Мысалы кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т.б. Яғни, адамдар енбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық уйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, арине мұндай жағдайда көбінесе стратегиялық басқару секілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.

Басқарудың 3 кезеңі белгілі:

1. Стратегиялық басқару

2. Оперативтік басқару

3. Бақылау

Стратегиялық басқару - стратегия әзірлеуге жетелейтін,басшылық ұйғарған іс әрекеттер мен шешімдердің жиынтығы болып табылады. Ал олар ұйымның өз мақсаттарына жетуіне жәрдемдесуге арналған. Стратегиялық басқару келешек пен жеке тұлға тұрғысынан жасалады; көлемді зерттеулер мен іс жүзіндегі нақты мәліметтерге негізделуі тиіс. Ол фирмаға анықтық,даралық дарытады,бұл қызметкерлердің белгілі бір типтерін тартуға мүмкіндік береді,ұйым үшін келешекке жол ашады.

Оперативтік басқару - ұйымның стратегиясы негізінде қабылданатын, оперативтік тактикалық мақсаттардың қатаң орындалуын жүзеге асыратын басқару болып табылады.

Бақылау- менеджмент құрамындағы маңызды кезең. Ұйым басшысы алға қойған мақсатқа жеткенін анықтау үшін, сонымен қатар өзінің немесе қызметкерлердің қатесін байқау үшін бақылау жүргізуі керек. Бақылау уйымды да, қызметкерлерді де шығыннан алдын ала қорғау үшін бағытталған. Бақылау дегеніміз ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ететін процесс. Ол қолда небарын және не болуы керектегін ұдайы салыстырады. Бақылудың қажеттілігі дағдарыстың пайда болуын алдын ала сақтандыруға байланысты.

Басқарудың деңгейлерінің жіктелуі: дәстүрлі ж/е Парсонс бойынша. Дәстүрлі б/ша ұйым ішіндегі басқару деңгейлері:

· Жоғары

· Орта

· Төменгі

Жоғары буын ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт бағдарламасын уақым пен кеңістік б/ша қалыптастырады.Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік ж/е функционалдық қызмет басшылары.Төменгі буын тікелей орындаушылар ж/е төменгі ішінара қызметтерді орындайтын буын басшылары.

Парсонс б/ша:

· Инстуционалдық

· Басқарушылық

· Техникалық басқарушылық

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1765 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.