Табыс салығын (корпоративтік немесе жеке) салу кезінде ре-зиденттің критерийі бойынша мемлекеттің салық юрисдикциясы-ның зор маңызы бар.
Қазақстан Республикасының резиденттері* мен бейрезидент-тері** Қазақстан Республикасында Салықтық кодекстің қағида-ларына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табыстарынан және олардың одан тысқары жерлердегі көздерден табыстарынан салықтар төлейді. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме*** арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстаннан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарынан да салықтар төлейді.Резиденттер мен бейрезиденттер салық заңнамасына сәйкес өзге салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.
Табыстардың мынадай түрлері бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады:
Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
Республика аумағында тауарларды өткізуден, жұ-мыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
мыналарға:
резидентке;
егер алынатын қызметтер Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса,осындай тұрақты мекемесі бар бейрезидентке Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық,заңдық және басқа қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
* Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын,бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар. Салықтық кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты бола-тын немес тұрақты болмайтын немесе өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Респуб-ликасында орныққын жеке тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстане Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
** Салықтық кодекстің мақсатында резидент болып табылмайтын жеке және заңи тұлғалар,қос салық салуды болғызбау туралы халықаралық келісімшарттың қағидалары-на сәйкес бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бейрезиденттер деп танылады.
*** Кәсіпкерлік қызметті, уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті қоса, жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы тұрақты қызмет орны бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі деп танылады.
Салықтық кодекске сәйкес айқындалатын салық салудағы жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің, тауарлар өткізудің нақты орындалған (көрсетілген,өткізілген) жеріне қарамастан,оларды орындаудан, көрсетуден, өткізуден түсетін табыстары, сондай-ақ көрсетілген тұлғаның: резиднттен; егер алынатын жұмыстар, қызметтер, тауарлар сондай-ақ тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар бейрезиденттен алған,салық заңнамасында белгіленген өзге табыстары;
мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан заңи тұлға-резидент, консорциумының жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
егер заңи тұлға-бейрезиденттің мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, бейрезиденттер шығарған акцияларды, сондай-ақ заңи тұлға-бейрезиденттің жарғылық капиталына қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін − Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидентке борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;
талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін − Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;
мұндай бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы қызметі барысында туындаған міндеттемелерін,соның ішінде жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге жасасқан келісімшарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісімшарттары бойынша міндеттемелерін резидент пен бейрезиденттің орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
заңи тұлға-резиденттен,сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;
мыналардан: егер эмитент-резиденттерден Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар бейрезиденттің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса осы бейрезидент-эмитенттен алынатын,борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар, ал бейрезиденттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда,сыйақылар нысанындағы табыстар;
егер роялти төлемі бойынша шығыстар осындай тұрақты ме-кеменің қызметіне байланысты болса Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резиденттен немесе бейрезиденттен алынатын,роялти түріндегі табыстар;
Қазақстан Республикасындағы мүлікті жалға беруден түсетін және мүліктен алынатын табыстар;
Қазақстан Республикасынның аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықтық байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;
кімге және қалайша төлем жүргізілетіне қарамастан, мәдениет және өнер жұмыскеріне: театр, кино әртісіне, радио, теледидар жұмыскерлеріне, музыкантқа, суретшіге, спортсменге, Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;
егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе бейрезидент төлейтін ұтыстар;
Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіпкерлік) қызмет көрсетуден алынатын табыстар; Қазақстан Республикасындағы, мүліктен түсетін табыстарды қоса алғанда, осындай мүлікті тегін алу нысанындағы табыстар;
Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
халықаралық тасымалдарда,сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішіндегі тасымалдарда көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар;
туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
жинақтаушы зейнетақы қорлары-резиденттері жүзеге асыратын зейнетақы
төлемдері;
Республиканың аумағында кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын
басқа табыстар.
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын заңи тұлға
-бейрезиденттің Салықтық кодексте анықталған табыстарына шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен табыс салығы салынады. Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстардың сомасына Кодексте көрсетілген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.
Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілікті бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:
1) дара кәсіпкерге;
2) егер филиал, өкілдік қос салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе Салықтық кодекске сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақтан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға -бейрезидентке;
3) заңи тұлғаға,соның ішінде Қазакстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі. Бұл ретте заңи тұлға-бейрезидент оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;
4)депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент - эмитентіне жүктеледі.
Қолма-қол және (немесе) колма-қолсыз ақшаны, бағалы қағаз-дарды, қатысу үлесін,тауарларды,мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жаткызу табысты төлеу деп түсініледі.
Төлем көзінен салық алуға мыналар жатпайды:
сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;
резидент-банктердің корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізу және олар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем картішкелері арқылы есеп айырысуларды жүргізу бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
бір мезгілде мына шарттар:
акцияларды немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелену;
дивидендтер төлейтін заңи тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп пайызының дивидендтерді төлеуі күні Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын (пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер*;
ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;
осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
Салықтық кодексте көрсетілгендерді қоспағанда егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
өткізу күні Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
________________________
*Бұл қағидалар тұлға-резиденттен заңи акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға оның құралтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерін барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңи тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Кодексте көрсетілген заңи тұлға-бейрезиденттің шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;
біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемақылар;
сатып алушы-резидендтер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомалары;
халықаралық қаржылық лизингтің келісімшарттары бойынша негізгі құралдарды қаржылық лизингке беруден түсетін табыстар;
Кодексте көрсетілген табыстарды қоспағанда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, көрсетілген қызметтер көрсетуден түсетін табыстар.
Заңи тұлға-бейрезиденттің өз табыстарын үшінші тұлғалар-дың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан,осы бейрезиденттің табыста-рына төлем көзінен салық салынады.
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрези-денттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыс-тары мынадай мөлшерлерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:
Заңи тұлға-бейрезиденттің табыстарынан ұсталатын төлем кө-зінен табыс салығын салық агенті бюджетке:
1) есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша – табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың рыноктық