Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сызба. Салық нұсқамасы




Салық салудың негізгі элементтеріне мыналар жатады: салық кезеңі, салық объекті, салық субъекті, салық салынушы, салық салу бірлігі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, квота, салықпұл, салық жеңілдіктері, төлеу мезгілі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері, салықтың төленуін бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар, т.б.

Салық кезеңі. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объекті, салық базасы анықталады, бюджетке төленуге тиіс-ті салықтар мен басқа міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Салық субъекті немесе салық төлеуші – салықты және бюд-жетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда рыноктық меха-низм арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салыну-шыға аударылуы мүмкін.

Салық салынушы – нақты салық ауыртпалығы (салық жүкте-месі) түсетін жеке тұлға, түпкі салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

Салық объекті. Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объекті және (немесе) салық салуға байланысты объект* болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың салық төлеушінің салықтық міндеттемесі** туындайды.

Салық көзі салық төленетін табыс болып табылады; бірқатар салықтар бойынша (мысалы, пайдаға салынатын салық) объекті мен көздері дәл келеді; бірқатар жағдайларда салық көзі салықты төлеу үшін салық төлеуші сатқан мүліктің бір бөлігі болуы мүмкін.

Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектінің құндық, заттай немесе өзге сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады: табысқа

салынатын салық. Бұған корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады; тауарға салынатын салықтар. Олар қосылған құн салығын, акциздерді, кеден баждарын кіріктіреді; капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлік салығы және басқалар жатады.

Салық өлшемі – есеп-қисап үшін белгіленген салық объектін өлшеу бірлігі (1 теңге, 1 метр, жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары).

Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық салу объектінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеу бойынша салықтық міндеттеменің шамасын білдіреді. Ол салық салу нормасын сипаттайды және салық базасының өлшем бірлі-гіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді; салық төлеушінің табысына пайыздармен тұлғаланатын мөлшерлеме салық квотасы деп аталады.

Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:

тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі, табыс көлеміне қара-мастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мы-салы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне);

пайыздық мөлшерлемелер. Олардың үш түрі болады: үйлесім-ді, прогрессивті және регрессивті.

үйлесімді салық мөлшерлемесі. Ол салық объектісіне (оның мөлшерін саралаудың есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді. Прогрессивті салық мөлшерлемесі, табыстың артуына карай мөлшерлеменің өсуін қажетсінеді. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшер-лемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіре-ді;

Үйлесімді және прогрессивті салықтардың графиктік сипатта-масы 12.3 сызбада келтірілген.

Деңгейлес оське 45° бұрышпен келтірілген АО түзуі ОД жал-пы табыстың (салық төленгенге дейінгі табыстың) және қолдағы табыстың (салық төленгеннен кейінгі табыстың) теңдігін си-паттайды. ОВ түзуі үйлесімді салық кезіндегі қолдағы табыстың жалпы табысқа тәуелділігін сипаттайды. ОС түзуі прогрессивті салық кезіндегі бұл тәуелділікті көрсетеді.

Регрессивті салық мөлшерлемесі. Табыстың кемуіне қарай мөлшерлеменің төмендеуін қажетсінеді және табысы көп тұл-ғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.

12.3 сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу

 

Рыноктық экономика жағдайларында мөлшерлемелер салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі мен жалпымемлекеттік қажет-тіліктерді қамтамасыз ету ескеріле отырып пайдаланылады. Мөл-шерлемелер заңнамалық жолмен белгіленеді және тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетті бекіту кезінде түзетілуі мүмкін

Салықпұл –субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.

Салық режімі –салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндетте-мелерді есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңна-масы нормаларының жиынтығы.

Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

Инвестициялық салық преференциялары – қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өндірістік арналымының үймереттері мен ғимараттары, мәшинелер мен жабдықтар құнының шегерімдеріне жатқызу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңи тұлғаларының құқығы. Инвестициялық салық префиренциялары қарастырылған Преференциялар стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының D секциясы қарастырған қызмет түрлері бойынша беріледі;

салық салынбайтын ең төменгі мөлшер (минимум) – салық салудан толық босатылатын салық объектінің ең аз бөлігі;

табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық бойынша және т.б.);

салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халытан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);

салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету. Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығаруда жатады. Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.

Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері –билік пен басқару органдарының салық заңна-масымен реттеледі.

Салықтар мен басқа міндетті төлемдерді өндіріп алудың (тө-летудің) дұрыстығына бақылау жасауды салық төлеушілердің орналасқан жері немесе олардың қызмет орны бойынша мемле-кеттік салық службасы жүзеге асырады. Салық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының міндеттері, құзыры, қызметінің тәртібі, салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілігі мемлекет заңнамасымен айқындалады.

Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жа-сырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айып-пұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұлдар түрінде санкциялар қолданылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1402 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2421 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.024 с.