Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сызба. Есепке жатқызылған ҚҚС-ты өндіріп алу




12.3 кесте. ҚҚС-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы

Дайын-даушы-кәсіп-орын Тауар-ларды (қызмет-терді) сатып алу қү-ны Қосыл-ған құн Салық салы-натын айна-лым (2 гр. + 3) Есептел-ген ққС (4 гр. х 12%:100) Тауар-ларды (қызмет-терді) сату қүны (4 гр + 5 гр.) Бұрын төлен-ген ққС есепке алынады Бюджет-ке төленетін ҚҚС-ты (5г.-7 гр.)
               
I -         -  
II              
III              
Жиыны              

 

Сауда кәсіпорны үшін тауар құны 559 шартты өлшемді құрайды; сауда үстемесі, мысалы, 20 пайыз кезінде еркін баға 671 шартты ақшалай өлшемді (559x1,20) құрайды және сауда кәсіпорны 112 шартты ақшалай өлшемге тең (671-559) осы үстемеден 13 шартты ақшалай өлшем мөлшерінде (112х0,12) салық төлейді; сөйтіп, сауда кәсіпорнының пайдасы 99 шартты ақшалай өлшемді (112-13) құрайды.

Қосылған құн салығы Салықтық кодекске сәйкес есепке жат-қызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес жә-не биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде Қазақстан Республика-сында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастыры-лады.Бұл қағида заңи тұлғаның қайта ұйымдастырылуына бай-лынысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңи тұлғалар немесе заңи тұлғаға қосылған басқа заңи тұлға (заңи тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын тө-леушілер болып табылатын шарттарды орнындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.

Сондай-ақ есепке жатқызылатын ҚҚС сомасына белгілі бір жағдайларда есепке жатқызудан шығару арқылы түзету жүргізіледі. Үйлесімді әдіс бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын негізге ала отырып анықталады. Бөліністік әдіс бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-тың сомасын анықтау кезінде ҚҚС салығын төлеуші салақ салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша ҚҚС-тың шығыстары мен сомалары бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізеді.

Қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер белгіленген, олар ҚҚС-тың жұмыс істеген мезгілі ішінде оқтын-оқтын өзгеріп отырды: салық төлеуден босатылған, айналымдар төмендетілген мөлшерлемені және нөлдік мөлшерлемені қолдану.

Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады:

1) пошталық төлемақыны төлеудің мемлекеттік белгілерін;

2) акциздік маркаларды (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);

3) уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін сатып алынған мүлікті;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;

6) жерлеу бюроларының салт-жора қызметтер көрсетуін, зираттар мен крематорийлердің қызметтер көрсетуін;

7) лотереялық билеттерді (оларды өткізу бойынша қызметтер көрсетуді қоспағанда);

8) тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;

9) «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу» кедендік режімінде Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызметтерді;

10) тұрғын үй қорын басқару, ұстау және пайдалану жөніндегі қызметтерді;

11) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берілетін үй-жайларын жалға беру бойынша қызметтерді;

12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;

13) басқадай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар.

Қосылған құн салығынан босатылатын бірқатар айналымдар операциялардың белгілі бір олардың сипатына сәйкестігінің талаптарын сақтауға байланысты болады, бұлар: жерге және тұрғын ғимараттарына байланысты айналымдар, қаржылық қызметтер, қаржылық лизингке берілген мүлік, коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер, мәдениет, ғылым және білім беру сферасындағы қызметтер, жұмыстар, медициналық және ветеринариялық қызмет сферасындағы тауарлар мен қызметтер.

Мынадай тауарлар:

1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа),сондай-ақ бағалы қағаздар;

2) кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;

3) акцизделетін тауарларды қоспағанда,Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;

4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;

5) шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінетін және Қазакстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;

6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режімдерінде кеден заннамасына сәйкес мағлұмдамалауғажататын тауарлар;

7) кез келген нысандағы дәрілік заттар, қосылған құн салығынан босатылады. Бұл көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

8) пошта маркалары (коллекциялык маркалардан басқа);

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;

10) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған кұн салығынан босатылады.

Жоғарыда көрсетлген тауарлар импортын қосылған кұн салығынан босату тәртібін Қазакстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеудің тәр-тібі белгіленген. Мысалы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға есептелген қосылған құн са-лығына салық сомасы 70 пайызға азайтылады.

2001 жылы қосылған құн салығының мөлшерлемесі 20 пай-ыздан 16 пайызға, одан кейін 15 пайызға төмендетілгені белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жол-дауына сәйкес ҚҚС-тың мөлшерлемесі 2007-2009 жылдары жыл сайын 1 пайызға азайтылды. 2009 жылдан салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне оның мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды.

Нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС Қазақстан Республикасы аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған контракт шеңбе-рінде қызметін жүзеге асыратын, сол контракттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС-тан босатылатын салық тө-леушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналым-ға алынады. Егер жерқойнауын пайдалануға арналған контрактқа ҚҚС-тан босатылатын импортталатын тізбесі айқындалған бол-са, нөлдік мөлшерлеме бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.

Салық салынатын импорттың мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ҚҚС-ты қоспағанда Қазақстан Республикасына тауар-лар импорты кезінде салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомалары кіріктіріледі.

Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен алып өтетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС-ты жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері кеден заңнамасына сәйкес анықталады.

Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық ке-зеңі болып табылады.

Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кедендік төлемдер − әкелім, әкетілім, сондай-ақ тран-зит тауарларынан, заттарынан және қызметтерінен өндіріліп алынатын кедендік баждар мен кедендік алымдар болып табылады. Кедендік төлемдер жөнінде 21.3 параграфта толық баяндалған.

Жанама салықтардың үшінші тобына Қазақстан Республика-сы аумағында өндірілетін және оның аумағында импортталатын тауарларға салынатын акциздер кіреді. Мемлекеттік бюджет кі-рістерінде олар 1,4 %-ды кұрайды.

Акциздер – акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл ретте салық сомасы тарифке кіріктіріледі.

Акциздер әмбебаптық және дара акциздер болып бөлінеді. Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің кұнына пай-ызбен жалпы айналымнан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мәселен, акциздер мы-на акцизделетін тауарларға салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра, темекі бұйымдары, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары; двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа); жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары; жеңіл автомобильдер және өзге моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа), шикі мұнай, газ конденсаты. Акцизделетін тауарлардың тізбесі де олардың мөлшерлемесі сияқты өзгеріп отыруы мүмкін, мұның өзі кейбір тауарларды тұ-тынуды реттеудің қажеттігімен және мемлекеттің ағымдағы фис-калдық саясатымен айқындалады.

Акциз мөлшерлемелері тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік со-мада (тұрлаулы белгіленеді. Алкоголь өніміне акциз мөлшерле-мелері жоғарыдағыға сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) таза спирттің болу көлеміне қарай бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спирттің және шарап материалының бұдан ары пайдаланылу мақсаттарына орай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз мөлшерлемесі алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық мөлшерлемеден төмен белгіленуі мүмкін.

Қазақстанда өндірілетін,өткізілетін акцизделетін тауарларға акциз салығын салу объекті акциз төлеушінің өзі шығарған жә-не (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын операциялары (акцизделетін тауарларды өткізуі, оларды алыс-берістік негізде ұстауға беруі, жарғылық капиталға жарнасы, заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы және басқалары); бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуі; конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі; акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы акциз салынатын объект болып табылады.Акциздік маркалардың,есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.

Мыналарға:

1) акцизделетін тауарлардың экспортына;

2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оның айналы-мын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар негізіндегі өндірушінің аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін; тиісті лицен-зиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босаты-латын этил спиртіне;

3) жаңа үлгідегі есепке алу - бақылау немесе акциздік марка-лармен қайта таңбалауға жататын акцизделетін тауарларға (егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе);

4) 0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қа-зақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құра-мында спирт бар өнімге акциз салынбайды.

Акциздердің тұрлаулы мөлшерлемелері белгіленген акцизде-летін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай нысандағы көлемі ретінде, ал адвалорлық акциз мөлшерлемелері осы тауарлардың кедендік құны ретінде анықталады.

Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз мөлшерлемесін са-лық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Салық төлеушінің басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат есебінде пайдаланған акцизделген тауарлар бой-ынша акциз сомасын салық заңнамасында белгіленген шегерім-дерге азайтуға құқығы бар.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 765 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2443 - | 2198 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.