![]() Поиск: Рекомендуем: ![]() ![]() ![]() ![]() Категории: ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
Эпидемиологиясы. Репродуктивті жастағы әйелдерде жиі кездесетін эндокринопатияРепродуктивті жастағы әйелдерде жиі кездесетін эндокринопатия. Әйелдерде дамитын гирсутизмнің 95%-ы АБПС байланысты. АБПС популяцияда таралу жиілігі 8% шамасында (егер диагностикалау мақсатында тек клиникалық көріністердің мәліметтерін қолданғанда) және если 20% дейін (егер УДЗ мәліметтерін қолданса) ауытқиды.
5.4 сурет.Аналық бездердің поликистозды синдромының патогенезі
Клиникалық көрінісі · Клиникалық көрінісі сәл ауытқиды; сырқат жасөспірімдік кезеңде басталып, уақыты бойынша менархеге, жыныстық өмірдің басталуына, жүктілікке, дене массасын қосуына сәйкес келеді. · Олиго- немесе аменорея (70 %) ановуляция нәтижесінде дамиды. Әдетте циклдің 3–6 айға дейін келмеуімен, бөлістердің азаюымен, дисфункционалды жатырлық қан кетулермен сипатталады. · Бедеулік (30 %) созылмалы ановуляция нәтижесі ретінде дамиды. · Гирсутизм (60 %) — андроген-тәуелді аймақтарда шектен тыс түктің өсуі. Сонымен қатар, андрогенді дермопатияның басқа да көріністері дамуы мүмкін: майлы себорея, безеулі бөртпелер, андрогенді алопеция. АБПС сырқаттанған науқастардың 40%-да вирильды синдромның ішінде гинекологиялық қарау барысында клитор гипертрофиясы анықталады. · Семіздік (40 %); семіздік дәрежесі артқан сайын басқа симптомдардың айқындылығы арта түседі, себебі инсулинрезистенттіліктің күшеюі андрогендер мөлшерін жоғарылатады.
Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 703 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов Читайте также:
Рекомендуемый контект: Поиск на сайте:
|