Лекции.Орг


Поиск:




Этиологиясы. Кең таралған теориялардың біріне сәйкес, ГА кезінде дамитын аутоиммунды үрдіс нәтижесінде түсініксіз себеппен




Кең таралған теориялардың біріне сәйкес, ГА кезінде дамитын аутоиммунды үрдіс нәтижесінде түсініксіз себеппен ретробульбарлы шелмайдың преадипоциттері ТТГ-ға рецептор экспрессирлейтін адипоциттерге дифференциациялады. Одан кейін шелмай иммунды қабынуды иницирлейтін ТТГ рецепторларына сенсибилизацияланған В лимфоциттермен инфильтрацияланады. Қабынуға дейінгі цитокиндердің түзілуіне жауап ретінде ретробульбарлы шелмай адипоциттері көп мөлшерде қышқыл гликозамингликандарды өндіре бастайды. Олар айқын гидрофильды қасиетке ие болғандықтан, ретробульбарлы шелмай ісініп, көлемі жағынан үлкейеді. Уақыт өте қабынулық өзгерістердің қарқындылығы бәсеңдеп, түрлі дәрежедегі фиброзды өзгерістер дамиды.

 

Патогенезі

ЭОП-ның дамуында екі кезеңді ажыратуға болады (3.14 сурет). Белсенді қабынудың бірінші кезеңде ретробульбарлы шелмайда қабынулық өзгерістер дамиды. Бұл өзгерістер шелмайдың көлемінің ұлғаюымен көрініс береді, нәтижесінде экзофтальмның дамуына әкеледі, ауыр жағдайларда тіпті көз жүйкесінің жаншылуын шақыруы мүмкін (көз жүйкесінің нейропатиясы) (3.15 сурет). Көзқозғалтқыш бұлшықеттердің қабынуы біртекті дамымайды, сондықтан көрудің бір бұрышында (жоғары немесе жанына қарағанда) науқаста диплопия анықталуы мүмкін. Ауыр жағдайда тұрақты диплопиямен сипатталатын қитарлық көрініс береді. Ауыр ағымдағы ЭОП-ның қауіпті асқынуы-көздің толық жабылмауына, кейін қасаң қабықтың өзгеріп, тіпті жаралануына әкелетін айқын экзофтальм.

 

3.15 сурет. Эндокринді офтальмопатия кезінде дамитын экзофтальм мен көз жүйкесі компрессиясының патогенезі

 

ЭОП-ның екінші белсенді емес кезеңінде көз шарасында дамыған қабынулық үрдістер біртіндеп бәсеңдейді. Жеңіл дәрежедегі ЭОП толық ремиссияның дамуымен аяқталады, ал ауыр дәрежедегі ЭОП кезінде тұрақты экзофтальмге, жоғарғы қабақтың тұрақты ретракциясына, диплопиямен сипатталатын қитарлыққа, катаракта секілді көз алмасы жағынан дамитын екіншілік ауытқуларға әкелетін фиброзы өзгерістер орын алады. ЭОП-ның белсенді емес сатысында глюкоркортикоидтар секілді қабынуға қарсы дәрілік заттарды қолдану нәтижесіз. ЭОП-ның қауіп факторлары мен үдемелі дамуына әкелетін түрткілерге темекі тарту және ҚБ қызметінің бұзылуы (гипотиреоз және тироетоксикоз секілді) жатады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-01-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 811 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

798 - | 754 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.