Дер кезінде ем жүргізілмеген жағдайда болжамы нашар, ол жүрекшелер фибрилляциясымен, жүрек жеткіліксіздігімен, арықтаумен (марантикалық тиреотоксикоз) анықталады. ҚБ қызметі қалыптасқан кезде тиреотоксикалық кардиомиопатия болжамы оңтайлы- науқастардың басым көпшілігінде кардиомегалияның регрессі дамып, синусты ырғақ қалыптасады. 12–18-айға созылған тиреостатикалық терапия курсынан кейін тиреотоксикоздің рецидив беру мүмкіндігі - науқастардың 70–75%.
3.5. ЭНДОКРИНДІ ОФТАЛЬМОПАТИЯ
Эндокринді офтальмопатия (ЭОП, Грейвс офтальмопатиясы, аутоиммунды офтальмопатия) — Грейвс ауруымен патогенетикалық байланысты, ісінумен және лимфоцитарлы инфильтрациямен, кейін ретробульбарлы шелмай мен көзқозғалтқыш бұлшықеттердің фиброзды өзгерістерімен сипатталатын аутоиммунды ауру.
3.6 кесте. Эндокринді офтальмопатия
Этиологиясы | Грейвс ауруындағыдай |
Патогенезі | Грейвс ауруының жүйелік аутоиммунды үрдісінің шеңберінде дамитын ребробульбарлы шелмай мен көзқозғалтқыш бұлшықеттердің иммунды қабынуы. |
Эпидемиологиясы | Грейвс ауруымен сырқаттанған науқастардың 50–75 %-да дамиды. |
Басты клиникалық көріністері | «Көзге құм кіргендей» сезім, көздің ауыруы, диплопия, қабақтың ісінуі, экзофтальм, көз жүйкесінің нейропатиялық көріністері, қитарлық. |
Диагностикасы | Офтальмологиялық қарау, экзофтальмометрия, орбиталардың УДЗ-сі мен МРТ-сі. |
Салыстырмалы диагностикасы | Ретробульбарлы ісіктер (бір жақты экзофтальм кезінде), көз алмасының инфильтративті аурулары, миастения. |
Емі | Жеңіл дәрежесі кезінде көрсетілмеген, ауыр және орташа ауырлықта белсенді фазада тағайындайды: глюкокортикоидтар (per os немесе пульс-терапия), көз алмасының рентгенографиясы, соматостатин туындылары, орбитаның хирургиялық декомпрессиясы, белсенді емес фазада: қажет болған жағдайда косметикалық операциялар орындалады. |
Болжамы | 98 % жағдайда ремиссия дамиды (өздігінен немесе емнен кейін), 2 % жағдайда- белсенді емес фазасы орнағаннан кейін ЭОП-ның қалдық белгілерімен ауыр ағым. |
95 % жағдайда ЭОП Грейвс ауруымен бірге дамып, бұл жүйелік аутоиммунды аурудың ажырамастай бөлігі болып табылады (оның «визитті картасы»), бірақ ЭОП тиреотоксикоздан бұрын басталуы мүмкін. Шамамен 5% жағдайда ЭОП аутоиммунды тиреоидитпен ұштасады, ал қалған 5%-да — жекеленген ауру ретінде, яғни ГА кезінде дамитын аутоиммунды аурудың дара компоненті ретіне дамиды. Түсініксіз себеппен 5–10 % жағдайда ЭОП-ға біржақты сипат тән (3.6 кесте).
3.14 сурет. Эндокринді офтальмопатияның даму сатылары
3.14 сурет Активность- Белсенділігі Тяжесть- Ауырлығы Остаточные явления- Қалдық белгілер % от максимальной активности и тяжести- Белсенділігі мен ауырлығының максимальды % |