Мондиализм (латын тілінен «mundus», француз тілінен «monde» — «әлем») — әлемдік өкіметті орнату бойынша жоба. Мондиализм — «мондиализация» (mondialisation) француз сөзінің ағылшын нұсқасы. Кейде бұл түсінікті жаһандану құбылысымен шатастырады. Жаһандану түсінігі адамзат қызметінің экономикалық қызметі саласына жатса, ал мондиализация —азаматтық-саяси қызметке жатады. Мондиализм — бұл мәдениеттер мен тұлғалардың түрлілігін құрметтеп, дүние жүзіндегі мемлекет үстілік заңдар мен федеративтік құрылымды орнатуға бағытталған Жердегі популяция ынтымақтастығын білдіретін құбылыс. Мондиализм қозғалысы ұлттық егемендіктер бөлігін Бүкіл әлемдік Федералдық Департаментке, Бүкіл әлемдік Федералдық Өкімет пен Бүкіл әлемдік Федералдық Сотқа ауыстырып, барлық адамзатты басқаратын жаңа саяси ұйымды құруға шығады. Департамент ашаршылық, тұщы судың жетіспеушілігі, соғыстар, бітімгершілік, қоршаған ортаны ластау мен электр қуаты сияқты адамзаттың күнделікті мәселелерін шешумен айналысар еді. Бүкіл әлемдік Өкімет Президенті президенттік республикадағы сияқты тікелей дауыс берумен сайланар еді.
Мондиализм заңды күші бар сәйкес заңдар мен халықаралық келісімшарттарға барлық мемлекеттер қол қоймағанға дейін мүмкін емес.
"Мондиализм" тұжырымдамасы қырғи-қабақ соғыстағы Батыстың ақырғы жеңісіне дейін бұрын басталды. Мондализмнің мәні толық планеталық интеграциядан құтыла алмауды негізге етіп алуға, мемлекеттердің, ұлаттар мен мәдениеттердің көптігінен One World бірыңғай формалы әлемге өтуге келіп тіреледі.
Мондализмдік ойлар көбінесе біркелкі еуропалық және әсіресе ағылшын социалистерге тән болды (олардың кейбіреулері "Фабиандық ұжымға" біріктірілді). Бірегей Әлемдік Мемлекет туралы коммунисттер де айтып жүрді. Басқаша жақтан, ұқсас мондализмдік ұйымдар XIX ғасырдың соңынан және әлемдік бизнесте ірі фигуралардан бастап құрылды, мысалы, мүшелері "бүкіл әлемде кедергісіз сауда жүйесін орнату мен бірегей Әлемдік Өкімет құруға көмектесуге" міндетті болған "Дөңгелек Үстел" тобын ұйыдастырған сэр Сэсил Роудс. Социалистік себептер көбінесе либерал-капиталистікпен өрілді, және коммунистер осы ұйымдарда ең ірі қаржы капитал өкілдерімен көрші болды. Барлығын планетаны біріктерудің утопиялық ойларына сенім біріктірді.
Осылайша үш негізгі монализмдік ұйымдар құрылды, олардың бар екендігі туралы Батыстық қоғам тек салыстырмалы түрде жақында білді. Ресми құрылымдарға қарағанда бұл топтар жобалау мен зерттеудің анағұрлым үлкен еркіндігіне ие болды, себебі олар БҰҰ комиссия қызметін регламенттейтін жалған және формалды процедуралардан және т.б. босатылды.
Біріншісі "Халықаралық қатынастар бойынша кеңес" (Council on Foreign Relations, қысқаша C.F.R). Оның негізін салушы американдық банк қызметкері Морган болды. Бұл бейресми ұйым планетарлық ауқымда американдық стратегияны құрумен айналысты, сонымен қатар соңғы мақсаты ретінде планетаны толық унификациялау мен Әлемдік Өкіметті құру болып саналды. Бұл ұйым 1921 жылы "Жер жүзілік әлем үшін Карнеги қорының" бөлімшесі ретінде құрылды және ондағы барлық жоғары лауазымды саясаткерлер планетаның болашағына мондализмдік көзқарастармен бірікті. C.F.R. көптеген мүшелері бір уақытта шотландық массондардың жоғары лауазымды дигнитарлары болғандықтан, олардың геосаяси жобалары қандай да бір гуманисттік-мистикалық өлшемге ие болғандығын болжауға болады.
1954 жылы екінші мондализмдік құрылым Бильдербергтік клуб немесе Бильдербергстік топ құрылды. Ол ендігі кезде тек қана американдық аналиктерді, саясаткерлерді, қаржы қызметкерлері мен зияткерлерді ғана емес, олардың еуропалық әріптестерін де біріктірді. Американдық жақтан ол тек қана C.F.R. мүшелерінен тұрды және халықаралық жалғасу ретінде қарастырылды.
1973 жылы Бильдербергстік топтың белсенділері үшінші маңызды мондализмдік құрылым "Үш жақты комиссия " немесе "Трилатераль" (Trilateral) құрылды. Ол C.F.R. және Бильдербергтік топ құрамына кіретін американдықтармен басқарылды, және оның штаб-пәтері (мекен-жайы 345 East 46th street, New York) орналасқан АҚШ-тан басқа тағы да екі штап-пәтері Еуропа мен Жапонияда болды. Комиссияның “үш жақты” деген атауға фундаменталды геосаяси негіздермен аталды. Ол атлантизм мен АҚШ қамқорлығында техникалық даму мен нарықтық экономикада көшбасшы болатын үш “Үлкен кеңістікті” біріктіруге бағытталған:
1. құрамына Солтүстік және Оңтүстік Америка кіретін Американдық кеңістік. 2. Еуропалық кеңістік. 3. Жапониямен бақыланатын Тынық мұхиттық кеңістік.