Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ірі державалардың Қазақстанға қатысты геосаяси мүдделерін ашып көрсетіңіз




Қытай Қазақстан үшін халқының саны ең көп көрші ғана емес, сонымен бірге, ядролық қаруы бар іргелес екі елдің бірі. Қытай Қазақстанға барынша жақын жатқан аса ірі халықаралық базар және әлемдегі экономикасы ең мықты бес елдің ішіндегі көрші жатқан бірден-бірел.
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың болашағы қандай? Қытайдың Қазақстандағы ықпалы арта түсе ме? Елдің халықаралық қатынастарының болашақ даму бағытына бей-жай қарамайтындарды толғандыратын осындай сауалдарға түрлі сарапшылар мен талдаушылар жауап тапқысы келеді. Бұл саладағы кәсіпқой мамандардың бірі, сыртқы саясат жөніндегі Герман қоғамының сарапшысы Штефан Майстердің (Stefan Meister) ой-толғамдарын Dw-World.de сайты жариялады.
Штефан Майстер, бірінші кезекте, екі мемлекет арасындағы кооперацияның динамикалық түрде өсетінін атап өтеді. Ол, әсіресе экономикалық және энергетикалық саладағы интеграцияға күш түсетінін бөліп айтады.
Dw-World.de сайты сарапшының: «Қазақтардың табиғи және шикізат қорларына шығу үшін қытайлықтардың қалай жанталасып жатқанын, Қазақстанның энергетика кәсіпорындарында белсенді ойыншы болуға олардың тырысып жатқандарын байқап отырмыз» деген сөздерін келтіреді.

Одан ары ЕуроОдақтың Орталық Азиядағы белсенділігін бағалай келіп, сарапшы осы аймақтың елдерімен кооперацияны дамытуда ЕО-ның салыстырмалы түрде алғанда баяу, шабандау қозғалып отырғанын атап өтеді. Бұл жерде Штефан Майстер ЕО-ның Орталық Азия бойынша қабылдаған стратегиясына сілтеме жасайды. Майстер Қазақстан мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынастың дамуынан әлемнің бұл аймағындағы болашақ жанжалдың емес, керісінше, тұрақтылықтың факторын көріп отыр.

Ол әлем экономикасындағы рецессия әлемнің көптеген елдері мен аймақтарының экономикаларының жақындауына себепкер болғанын атап өтті. Рецессия «Қазақстан-Қытай» қарым-қатынасының жүйесінде де осы бағытқа серпін береді: егер Қытай ұзақ мерзімді негізде энергоресурстардың тұрақты жеткізілуіне мұқтаж болса, Қазақстанға өз тауарларын өткізетін жаңа экспорт базарлары және Қазақстан экономикасының түрлі салаларын дамытуға инвестициялар керек. Бұл жерде Қазақстан мен Қытай бірін-бірі толықтырып тұр.
Халықаралық қатынастардың ережесі бойынша мемлекеттің «мәңгілік жаулары да, мәңгілік достары да» болмайды. Тек «мәңгілік мүддесі» ғана болады. Сондықтан, Қазақстанға өз экономикасын одан ары диверсификациялау керек. Шикізатқа тәуелділіктен қашуға тырысып, маңыздылығы кем емес басқа да елдермен (өзінің шығыстағы көршісімен және басқа да көршілерімен қатар), АҚШ-пен, ЕуроОдақпен, G20 клубына мүше елдермен динамикалық, тепе-тең байланысын дамытуы керек.
Яғни, Dw-World.de сарапшысының сөзімен айтқанда, ашық экономиканы құру керек. Мұндай жағдайда Қазақстанға шетелдік державалардың «шикізат көзіне» айналу қаупін нөлге дейін төмендетуге мүмкіндік туады.

Сарапшылар болашақта Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалы одан сайын арта түсетініне сенімді. Жақында Қазақстанның қаржы министрі Болат Жәмішев, Қазақстан қосымша резервті валюта ретінде юаньнің болғанына қарсы емес деп ашық айтты. Егер мұндай шара қабылдана қалса, екі ел арасындағы кооперация дәрежесін тереңдетіп, әлемнің осы аймағындағы (Қазақстанның Орталық Азиядағы орнын есепке алғанда) Қытайдың ықпалын арттыруға себепкер болуы керек.

АҚШ-ты Қазақстанның көршісі деп атау қиын. Алайда, Орта Азиялық аймақтың геосаясаты туралы айтқанда, АҚШ-тың көреген «көзі» мен «ұзын қолын» ескермеу тағы да қиын.
АҚШ соңғы екі-үш жыл көлемінде ғана өзінің аймақтық геосаяси көзқарастарын қайта қарастырып, Қазақстанға айрықша назар аудара бастады. Осыған дейін, Құрама Штаттардың геосаяси бағыты барлық Орталық Азия республикаларымен, Ауғанстанмен шектесетін Өзбекстанға бұрылып келген. Алайда, 2005 жылы Әндіжанда болған қанды қырғын Ташкент пен Вашингтонның қарым-қатынасын суытып, американдықтардың Астанаға қарай белсенді қадамдар жасауына мәжбүр етті. Бұған қатысты дәйектер де табыла кетті. Қазақстанға аймақтағы ең ірі американдық инвестиция құйылған, Қытаймен ұзақ шекарасы бар, мұнайдан басталатын мол табиғи қоры «Үлкен Орталық Азияны» құру жоспарын жеңілдетеді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста Қазақстанның негізгі мақсаты – супердержаваны өзінің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін ең алдымен эконмикалық және диломатиялық әдіспен дәлелдеу, осы арқылы мәртебелі бонустар иелену.

АҚШ-тың Орталық Азия аймағына назар салуы Каспий арқылы Иранға қысым жасаудың жаңаша тетігі ғана емес, геосаясаткер Вадим Цымбурскийдің айтуынша Қазақстанды уысында ұстау – АҚШ-тың ғаламдық гегемондық стратегиясының маңызды бөлігі. Ресейлік ғалымдардың айтуынша, ТМД мен Балтық маңы елдерін Финляндиядан Қытайға дейін созылып жатқан және Еуразияның ірі өркениетті орталықтарын бөліп жатқан алып тұтас Ұлы Лимитроф белдеуінің бөлігі ретінде қарастырған жөн, Бұл белдеуге Шығыс Еуропа, Қап тауы мен Орталық Азия да енеді. АҚШ болса, осы белдеудегі маңызды орталықтарды басқарғысы келеді.
Көмірсутек шикізатына бай Қазақстан үшін өз байлығын өзгеге жеткізетін құбырлардың маңызы зор. Мұнай-газды тасымалдауда Қазақстан үшін маңызды бірнеше бағыттар бар. Алғашқысы КТК – Солтүстік Каспий мұнай құбыры, оның ең жоғарғы өткізу мүмкіндігі жылына 67 тоннаны құрайды. Алайда, барланған мұнай-газ қорының молдығын ескерсек, Қазақстан үшін 2007-2008 жылдары келесі құбыр мәселесіне де маңыз беру керек: ол – «Баку-Жейһан» жобасы немесе Самара – Балтық елдері тармағы немесе Парсы шығанағына Иран арқылы шығатын жол болатыны әлі нақтыланбаған.
Қазір Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы жаңа бір «көзі» – ол әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризммен күреске қосылуда. Ал АҚШ осы үшін өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетуде.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 941 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2407 - | 2289 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.