ХХ ғасырдың екінші жартысында қазір біз білетін 21 араб мемлекеті қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлық жүйе ыдырап, Азия мен Африка елдері тәуелсіздігін жариялай бастағаны белгілі. Саяси, экономикалық-әлеуметтік жағдайы дағдарысқа ұшыраған, бағыт-бағдары белгісіз күйде қалған араб елдеріндегі ең негізгі мәселе – шекараға келіп тірелді. Кеңес Одағынан бөлінген Қазақстан шекарасының бүтіндігі үшін Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен келісім іздесе, араб елдерінің шекаралық қайшылығы іштен басталды. Қазіргі күнге дейін араб әлемі соның салдарларынан зиян шегуде. Иран – Ирак соғысы, Ирак – Кувейт соғысы, болмаса, ХХ ғасырда басталып, ХХІ ғасырға жалғасқан араб елдері мен Израиль арасындағы жер дауы соның ықшамды дәлелі. Араб әлемі мен Қазақстанның ұқсастықтары екі елдің табиғи байлығы туралы әңгімеден келіп шығады. Әлемдік мұнай қорының шамамен тең жартысын осы араб әлемі иеленген. Араб елдері Азия мен Африканы Еуропамен жалғастырған мүйісте орналасса, Қазақстан Орталық Азиядағы геостратегиялық маңызды орынға ие. Осындай ұқсас стратегиялық маңызды аймақта орналасуы екі елді саяси ойын алаңдарының орталығына айналдырды. Араб елдері өзінің осы ерекшелігін пайдалануда екіге жарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлем негізінен биполярлық жүйеге көшкені белгілі. Араб мемлекеттері осы жүйеге байланысты капиталистік және социалистік жүйенің текетірес алаңынан құтылып шыға алмай қалды. Парсы шығанағындағы араб монархиялары Батысқа бет бұрып, Республикалар социалистік жүйенің жыртысын жыртты, яғни еріксіз түрде КСРО-дан көмек алуға мәжбүр болған араб мемлекеттерінің қатары қалыпасты.
Айырмашылығымыз – араб әлемі тәуелсіздік алғанға дейін де Батыс қызығушылық тудырған, аймақтық қақтығыстарға толы аймақ еді. Араб – Израиль соғысы олар тәуелсіздік алмай тұрып басталып кеткен, яғни араб елдері бұрыннан соғыс өрті шарпыған алаң болды.
Сириядағы жағдай да ушыға түседі. Бұл елдегі жағдайдың одан арғы ушығуы да халықаралық саяси ойынның көрінісі. Өйткені Сирия — арабтың жеке дербес саясатын жасауға ұмтылған ел, панарабизм идеологиясын, яғни барлық араб елдерінің саяси бірігуін мақсат еткен «Баас» партиясының соңғы қорғаны саналатын мемлекет. Бірақ Сирия — стратегиялық жағынан Таяу Шығыстағы ең маңызды араб елі.
Араб елдеріндегі толқулар жалғасып, тербеліс созыла береді. Себебі араб мемлекеттері — діни-конфессиялық жағынан өзгешеліктері болмаса, этникалық жағынан біртұтас, өзара байланысып жатқан халық. Олардың арасындағы шекара көбіне қолдан жасалынып, кезінде екі-үш мемлекет болатын жерде империялардың араласуымен жиырмадан аса мемлекет құрылған. Яғни аймақтың бір жерінде басталған «өрт» екіншісіне міндетті түрде өтеді. Мысалы, Бахрейндегі толқуды басып тастады. Батыс бұқаралық ақпарат құралдары оның «демократияға еш қатысы жоқ» деген сыңайда хабар таратты. Шын мәнісінде, ондағы наразылықтардың Тунис пен Мысырдағы толқулардан еш айырмашылығы жоқ. Бірақ Бахрейн — АҚШ-тың стратегиялық әріптесі, онда америкалық флот орналасқандықтан, оған олар әдейі көз жұмып қарады.
Елдің сыртқы саясаты биік құсап тербелді. Бірде Батыс елдермен байланысын дамытса, бірде КСРО-мен ымыраға келіп отырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қатынасы негізінен капиталистік елдермен болды. Ол елге АҚШ, Англия, ГФР, Жапония, Франция, Италия монополиясының еніп, саяси-әскери тәуелділігін ұлғайтты. КСРО-мен қатынасы керісінше нашар күйде болды. Коммунистерге қарсы көтерілістер болып, соған енген адамдар репрессияға ұшырап отырды.
«Қырғи-қабақ» соғыс болғандықтан және Иран сыртқа мұнай экспорттайтын ел болғандықтан Батыс елдері және АҚШ-қа КСРО-мен Иранның ымыраға келуі тиімсіз еді.
Таяу Шығыстағы соғыс синдромы XXI ғасырда басылған жоқ. Израиль мен Палестинадағы қарулы қақтығыстар бәсеңдемеген. Ирак мәселесі соңғы жылдардың басты өзекті шулы мәселесі болып тұр. Мұнда да басты орталық орында АҚШ тұр.
Дамушы мемлекеттердің санатына енетін араб елдері 60-70 жылдардан бері дипломатия саласында үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. Нарықтық қатынастар толық орнамаған, ескі салт-дәстүр, дін үстемдігі, кекшілдік, терроризм бұл елдерді кері тартпаса, алға сүйремесі уақытпен дәлелденген тұжырымдар.
1960 ж. қыркүйекте Бағдадтағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэлла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты.
Геосаясат ресурс үшін күрес, ал мұнай геосаяясаттың қаны.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге мына елдер МЭЕҰ-ның толыққанды мүшелері болып табылады: Алжир, Индонезия, Катар, Ливия, Нигерия және Біріккен Араб Эмираттары, Ангола, Эквадор 1973-1992 жж. аралығында, Габон - 1975-1995 жж. аралығында МЭЕҰ-ның мүшесі болды. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. МЭЕҰ-ның штаб-пәтері бастапқыда Женевада (Швейцария), ал 1965 жылдан Венада (Австрия) орналасқан.
Иран ОПЕК ірге тасын қалаушы елдердің бірі ретінде 120 миллиард баррельден астам мұнайымен дүниенің 5-ші мұнай қорына және екінші газ қорына ие бола отырып, жалпы әлемдік энергетикалық ресурстардың 10 пайызын иеленеді. Иранның ОПЕК-тегі төрағалағы өте маңызды. ОПЕК Иран төрағалығымен мұнай шығаратын елдер мүдделері мен нарық тұрақтылығын сақтайды, сонымен қатар аймақ пен әлем деңгейіндегі жұмыстарын нығайтады деген үміт бар.
Дугиннің пікірі бойынша, барлық исламдық аймақ Ресейге қатысты геосаяси тұрғыда достық қарым қатынаста, себебі исламдық әдет ғұрып еуразиялық конфессиямен салыстырғанда саяси дамыған және американизм мен дін мәселесінің рухани келіспейтініне көздері жеткен. Атлантисттердің өзі исламдық әлемді өздерінің жауы санайды. Қазіргі таңда ислам әлемінде әр түрлі идеологиялық, саяси тенденциялар, сонымен қатар бір біріне қарсы келуші геосаяси проекттер бар. Солардың ішіндегі негізгі ағымдар:
•Ирандық фундаментализм;
•Түрік режим;
•Панарабизм;
•Саудтық ваххабиттік фундаменталищм типі;
•«ислам социализмінің» түрлі нұсқалары болып табылады.